Тақырыптық бақылау оқу бағдарламасындағы белгілі тақырыптар
бойынша ӛткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде
оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруі тексеріледі. Сонымен бірге,
мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін ӛткен сабақтардағы оқу
материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды, ғылыми
ережелерді оқушылардың есіне салады.
Тараулар бойынша оқтын - оқтын бақылау әрбір тоқсанның аяғында
оқу бағдарламасының белгілі тарауын оқып болғаннан кейін ӛткізіледі.
Бақылаудың мақсаты оқу бағдарламасы негізінде бақылау жұмыстары және
түрлі техникалық құралдар (оқыту машинасы, компьютер, электронды-
есептеуіш машинасы т.б.) арқылы әрбір тоқсанның аяғында пәндер бойынша
оқушылардың алған білімінің кӛлемін және сапасын, іскерлігін, дағдысын
анықтау.
Қорытынды бақылау - барлық пәндер бойынша жыл аяғында ӛткізіледі.
Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері
есепке алынады. Оқушылардың жыл бойында алған теориялық және
практикалық білімдері негізгі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім
бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық
кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады. Бақылау әдістері
арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс
қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық
бақылау әдістері жатады. Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау
әдістерінің ӛзіндік ерекшелігі бар. Олар машинасыз және машиналы
бағдарламалап бақылау әдістеріне бӛлінеді.
Жаппай бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе
мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі. Оларды орындаудың барысында
оқушылардың арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады, бір-
біріне сұрақтар қойып, жауаптарын толықтырады, орындалған жұмыстарды
ӛзара тексеріп, іске асырады. Демек, бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды
мотивтер қалыптасады.
Оқыту процесінде оқушылардың ӛзін-ӛзі бақылауы ӛте қажет. Ӛзін-ӛзі
бақылау, олардың оқу бағдарлама материалы мен игерген іскерлігі мен
дағдысының беріктігі ақпарат алуын қамтамасыз етеді. Ӛзін-ӛзі тексеру арқылы
оқушылардың алған біліміне сенімі артады, орындаған жаттығу, есеп шығару
және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды.