Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы


 Негізгі педагогикалық технологияларға сипаттама



Pdf көрінісі
бет63/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

 
2. Негізгі педагогикалық технологияларға сипаттама 
Бастауыш 
сыныптарда 
қолданылып 
жүрген 
педагогикалық 
технологиялардың атқаратын қызметіне қарай түрлері тӛмендегі суретте 
топтастырылған. 
Сурет 1 – Педагогикалық технологиялардың түрлері 
Педагогикалық 
технологиялар 
Білім беруді 
ізгілендіру тех-сы 
Ойын арқылы 
оқыту техн-сы 
Проблемалық оқыту 
технологиясы 
Тірек сигналдары 
оқыту технологиясы 
Оқыту компью-
терлік
тех-сы 
Түсіндіре оза оқыту 
технологиясы 
Модульдік оқыту 
технологиясы 
Деңгейлеп оқыту 
технологиясы 
Ынтымақтастық 
педагогика 
Бағдарламалық оқыту 
технологиясы 
Сын тұрғысынан 
оқыту 
Дамыта оқыту 
технологиясы 


Дамыта оқыту технологиясы
 
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология 
ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені 
түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рӛлін, алар орнын анықтаған 
кӛрнекті психолог Л.С.Выготский.
Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бӛлек үдеріс деген 
кӛзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының тӛмендегідей 
екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды. 
1.
Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің кӛмегі 
арқылы атқара алатын істері. 
2.
Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің кӛмегінсіз 
істей алатын істері. 
Психологтар Л.В.Занков, А.А.Люблинская, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин 
зертханаларында бастауыш мектепте оқытудың мазмұнын, сипатын ӛзгертуге 
арналған зерттеулер жасалады. С.Л.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова-Меллер және 
басқалар ӛз зерттеулерінде оқыту дамудың негізгі алғышарты екенін 
дәлелдейді. 
Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтардың зерттеулері дамыта
оқыту тұжырымдамасының психологиялық негізін қалады. Л.С.Выготскийдің
тӛмендегі іргелі қағидалары, дамыта оқыту практикасының әдіснамалық
шарттары болып енді:
- психикалық дамудың қозғаушы күштері туралы ұғым; 
- дамудың әлеуметтік жағдаяты жӛніндегі түсінік; 
- ілімнің әрекеттік сипаты жӛнінде түсінік; 
- сананың құрылым мен дамуы; 
- даму жүрісінің әркелкілігі және дағдарыс кезеңдері; 
- ―жақын даму аймағы‖ категориясы. 
Қазіргі уақытта В.В.Давыдов пен Л.В.Занковтың басшылығымен дамыта
оқытудың жүйелі түрде екі бағыты жасалды. Бірінші бағыт Л.С.Выготский, 
Д.Б.Эльконин, А.Н.Леонтьевтердің қағидаларына негізделсе, екінші бағыт 
Л.В.Занковтың басшылығымен зерттелген психологиялық, педагогикалық
жетістіктерге сүйенеді. 
Л.В.Занков дамудың үш негізгі бағытын атап кӛрсетті: 1) жалпы ойлауды
дамыту; 2) анализдік қабылдауды (бақылауды) дамыту; 3) практикалық 
дағдыларды дамыту. Л.В.Занков дамыта оқытудың мына қағидаларын 
ұсынған: 
- оқытуда ауырлықтың жоғары деңгейін таңдау; 
- оқу материалдарын жеделдетіп таңдау; 
- теориялық білімнің үлес салмағын кӛтеру; 
- оқушылардың оқудың мәнін түсінуі ; 
- оқушыларды жоғарғы деңгейде жалпы дамыту, (дамыту бұл жүйенің 
ӛзекті сипаты).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет