Дәрістер дәріс №1 Тақырыбы



Pdf көрінісі
бет2/66
Дата05.12.2022
өлшемі0,88 Mb.
#161396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
Бастауыш мектеп педагогикасы лекция 2

бастауыш мектеп
педагогикасы пәні
- бастауыш мектеп жасындағы 
оқушының оқу және оқудан тыс уақыты бірлігіндегі біртұтас педагогикалық 
процесі болып табылады. (
адамның дамуын қамтамасыз ететін тәрбиелік 
қатынастар) 
Әрбір ғылымның ӛзіне тән тану саласы және ғылыми ұғымдары бар. 
Мысалы, философияда мұндай ұғымдарды болмыс, материя, қозғалыс, 
экономикалық теорияларда- қоғамның ӛндіргіш күштері мен ӛндірістік 
қатынастары, ал педагогикада – 
тәрбие, білім беру, оқыту
жатады. 
Ұғымдар
(категориялар)- объективтік құбылыстарды, қасиеттерді және 
қатынастарды бейнелейтін ойлау формасы. Осымен бірге ұғымдар біздің 
санамыздың сатылары. 


Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың 
ӛзара байланысын танимыз. Педагогиканың негізгі ұғымдары- тәрбие, білім 
беру, оқыту. 
Білім беру- бұл ұғымды ең алғашқы рет педагогикаға енгізген Иоганн 
Генрих Песталоцци. 
Білім беру деп
- табиғат пен қоғам жайында ғылымда жинақталған білім 
жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны ӛмірде тиімді етіп қолдана білуін 
айтады. Білім беру мәселесі әрбір қоғамның даму дәрежесіне байланысты. 
Мысалы, орта ғасырларда санай және оқи білетін адамды білімі бар деп 
есептеген. Қазіргі атом, космос және халық шаруашылығын автоматтандыру 
дәуіріндегі білім беру ғылыми-техникалық үдеудің құдіретті факторы болып 
отыр. Білім беру ӛте күрделі ұғым, оны педагогикалық ғылым тұрғысынан 
түсіндірудің әр түрлі мәні бар. Егер әңгіме білім берудің сатылары жӛнінде 
айтылса, онда бастауыш, тоғыз жылдық, ота және жоғары білім беру ұғымдары 
пайдаланылады. Ал білім беру мамандыққа байланысты сӛз етілсе, онда 
педагогикалық, медициналық, ауыл шаруашылық т.б. сияқты ұғымдар 
қолданылады.
Оқыту-
білім берудің негізгі жолы. Оқыту оқытушы мен оқушылардың 
біріккен іс-әрекеттері, сондықтан да ол екі жақты біртекті процесс; біріншіден, 
оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлікке, дағдыға үйретеді, екіншіден, 
оқушы таным міндеттерін жете түсініп, дағдыны игереді және оларды ӛмірде 
қолданады. 
Педагогикада тәрбие, білім беру ұғымдары бірыңғай және тұтас процесс 
болып қарастырылады. Оқыту барысында білім беру мақсаты іске асырылады. 
Олай болса, оқытудың білім беру және тәрбиелік мәні бар. Оқыту барысында 
оқушыларға теориялық білім мен тәрбие беру бір-бірімен ұштастырыла 
жүргізіледі. 
 
Педагогика ӛзінің даму кезеңінде тәрбие мен білім беру жайлы жалпы 
ғылыми тарауларға бӛліне бастады. Мысалы, оларға педагогиканың жалпы 
негіздері, тәрбие теориясы, оқыту және білім беру теориясы- дидактика т.б. 
жатады. 
Тәрбие мен оқыту ісінің одан әрі дамуына байланысты педагогика 
ғылымының түрлі 
салалары:
мектепке дейінгі педагогика, мектеп 
педагогикасы, педагогика тарихы, дефектология және пәндерді оқыту 
әдістемесі, кәсіптік-техникалық білім беру педагогикасы, жоғары мектеп 
педагогикасы, 
әскери 
педагогика, 
мәдени-ағарту 
қызметкерлерінің 
педагогикасы, түзеліс-еңбек педагогикасы пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет