Дәрістер жиынтығын құрастырған терапия пәнінің оқытушылары: Қалиева Гульмира Омарбековна Каримова Гульзара Айтбековна Рецензия: Дәрістер жиынтығы «Емдеу ісі»


Стенокардиясы бар науқастардың күтімі



бет38/106
Дата24.12.2023
өлшемі311,53 Kb.
#198880
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   106
Байланысты:
лекции по терапии

Стенокардиясы бар науқастардың күтімі



Пациенттің проблемалары



Науқасты күтүде мейірбикенің ісі



1.Тыныштықта және күш түскенде төс артында ауырсыну ұстамалары.
2. Ауырсынуды нитроглицеринмен басу қажеттілігі
3. Нитроглицериннен көмектің болмауы
4.Күш түскенде ентігу
5. Антиангинальды препараттарды үзбей қабылдау қажеттілігі
6.Тамақтану, енбек, демалыс тәртібін сақтау қажеттілігі
7.Ауырсыну ұстамалары жиілегенде, түнде пайда болғанда дәрігерге қаралу туралы білу

1.Ауырсыну ұстамаларында науқасты нитроглицерин қабылдауын үйрету
2.Әңгімелесу жүргізу;
А) науқасқа түсіндіру стенокардия ұстамасында миокард инфаркті дамуы туралы
Б) міндетті түрде дәрілерді қабылдау туралы және дәрігерге үзбей барып тұру
В) стенокардия ұстамалары өзгерген кезде дәрңгерге қаралу қажеттілігі туралы
3. Емдәмді сақтауын және дәрілерді үзбей қабылдауын бақылау.



Миокард инфаркты
Миокард инфаркты – тәж қанағымының миокардтың мұқтаждығын қамтамасыз ете алмауынан дамитын миокардтың ишемиялық некрозы.
Миокард инфарктымен сырқаттанатын науқастардың 1000 адамға шаққан саны 2,87 – 3,08 құрайды. ЖИА – ның бұл түрі кәбіне 40 – тан асқан шақта дамиды және 50-59 жас аралығында бұл аурумен сырқаттану едәуір жиілейді. Ер адамдар әйелдерден 5 - 2 есе жиі ауырады, соңғы кезде миокард инфактының жиілігі 2 есе көбеюге жақындаған.
Патогенезі. Миокард инфаркты , белгілі аймаққа қан келуінің толық тоқтауынан немесе күрт төмендеуінен дамиды. Қан мен қамтамасыз етілуіне қарай зақымданған ошақтың үш зонасын айырады. Ортасында – некроз ошағы, одан кейін, зақымдану зонасы, ең сыртында – ишемиялық зона.
Клиникалық көрінісі: Ангинозды түрі (status anginosus). Миокард инфаркты ангиноздық статустан басталады – төстің немесе жүректің тұсындағы ауыру ұсатмасынан. Көбіне ауырсынудың сипаты өте күшті, салмақ батқандай, кеудені жыртқандай немесе ашытып күйдіргендей боп сезіледі. Ауыры сол қолға, иыққа, сол жауырынға, мойының сол жақ бетіне, жақтың сол жақ жартысына тарайды. Нитроглицеринен жеңілдік болмайды. Ауыру стенокардияға қарағанда ұзаққа созылады, мысалы бір неше сағатқа. Ұстама кезінде науқасты өлім үрейі билеп, салқын тер басады.
Астмалық түрі -миокард инаркты ауырсынусыз, бірден жүрек атстмасынан басталады. Миокард инфартының мұндай бастамасы жүрегінде бірнеше постинфарктың тыртығы немесе диффузды кардиосклероза бар қарт адамдарға және папиллярлық бұлшықеттің некрозына тән. Науқас ентігіп, ортопное күйінде болады. Өкпеде алдымен ұсақ көпіршікті, кейін орта және ірі көпіршікті ылғалды сырылдар, алыстан естілетін қырылды тыныс пайда болады.Өкпе артериясында II тонның акценті естіледі. Шулы қырылды тыныс кейде жүрек тондарын естіртпейді. Миокард инфарктының астмалық түрі өте ауыр болғандықтан, көбіне өлімге алып келеді.
Аритмиялық түріМұндай жағдай миокард өткізу жүйесінің некрозға немесе ишемияға ұшырауынан болады. Ұстамалы түрде жүректің шалыс соғуы басталады.
Абдоминальдік түрі – инфарктың бұл түрінде ауырсыну эпигастрий, кіндік, мықын және қабырға асты аймақтарында орналасады. Сондықтан науқас ауырсынуын іш қуысы ағзаларының потологиясымен байланыстырады. Клиникалык көрінісі асқазанмен он екі елі ішектің жара ауыруына, панкреатитке, жедел холециститке, аппендицитке ұқсайды. Диагноз қате қойылғанда науқас хирургиялық емге алынуы ықтимал. Сырқаттың белгілерін сұрыптағанда ауырсынудың іш қуысында басым орналасқанымен, оның диафрагма күмбезінен жоғары, яғни кеуде қуысына тарауын ескерген жөн. Абдоминальдік вариант көбіне сол қарыншаның артқы қабырғасының некрозында болады, яғни жүректің диафрагмаға жақын аймағында.
Диспепсиялық түрі. – Абдоминальдық түрден айрықша, инфарктың бұл түрінде іш қуысында ауырсыну болмайды. Басты белгісі тағамдық интоксикацияға ұқсас диспепсиялық бұзылыстар: жүрек айнуы, құсу.
Коллапстік түрі – Миокард инфаркты жедел тамыр шамасыздығынан басталады, артериялық және веналық қысымдар күрт төмендейді. Науқастың әлі құрып, терісі бозарады, есеңгірейді, терлейді, веналары анықталмайды.
Церебральдік түрі – Миокард инфаркты ошақты неврологиялық белгілерден басталады. Оның белгілері ми қан айналымы бұзылысының көрінісіне ұқсайды.
Сиптомсыз “мылқау ” түрі – миокард инфаркты жасырын дамиды, көбінесе жасы ұлғайған және қарт адамдарда болады. Көрінісінде себепсіз әлсіздік, бастың аздап ауырыу мен айналуы, шамалы ентігу , тәбеттің төмендеуі, ұйқының бұзылуы, АҚ құбылысы, субфибрильдік қызба байқалуы мүмкін.Науқас бұл белгілерге мән бермей жүре береді, кейін кездейсоқ тексерілгенде ЭКГ – да қалған тыртықтық өзгерістер анықталады, бұл түрі кенет өлім себебінің бірі болып табылады.
Миокард инфарктының ЭКГ – лық белгілері. Өткір кезеңде некроздың басты маркері – терең, жалпақ Q тісшесі пайда болады. ST аралығы доға тәрізді биіктейді «мысық арқасы».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет