Анемиямен науқастың күтімі.
Пациенттің проблемалары
|
Науқасты күтуде мейірбикенің ісі
|
1.Әлсіздік
2.Шаршағыштық
3.Жүректің соғуы
4.Бас ауру, бас айналу
5.Дәм сезудің өзгеруі
6. Диспепсиялық өзгерістер
7.Парестезиялар
8.Бұлшық еттерінің әлсіздігі
9.Координацияның бұзылуы
10.Аяқ қолдарының жансыздануы
11.Терінің трофикалық өзгерістері
12.Тырнақтарының сыңғыштығы
13.Шашының түсуі
|
1.Емдеу-сақтану тәртібін бақылау
2.Қунарлы тамақтануын бақылау
3.Тері қабаттарының жағдайын бақылау
4.Дәрігер тағайындауын дер кезінде, бұлжытпай орындау
5.АҚ өлшеу, пульсті санау
6,Терісін күту
7.Бөлмені тазалауын және желдетуін бақылау
8.Науқасқа координациясы бұзылғанда көмек көрсету
9.Үлкен, кіші дәретін бақылау
10.Анемияның алдын алуы туралы әңгімелесу жүргізу
|
Лейкоздар.
Лейкоз – сүйек миының қантүзу жасушаларынан дамыған қатерлі ісіктер.
Лейкоздың 100 000 тұрғынға шаққандаға кездесу жиілігі 13 шамасында. Әйелдерге қарағанда ер кісілер бұл ауруға жиі шалдығады.
Этиологиясы. Лейкоздың даму себептері толық анықталмаған. Бұл туралы вирустық, химиялық, эндогендік және иондаушы радиациялық теориялар орын алуда. Генетикалық және тұқымдық фактор, хромосомалық аномалиялар.
Жіктемесі. Ісіктер жасушалардың түріне қарай лейкоздардың жедел және созылмалы түрлерін айырады. Жедел лейкоз ісіктің субстраты – бластық жасушалар, ал созылмалы лейкозда – жетіле келген және жетілген жасушалар.
Жедел лейкоздар - жетілмеген бластық қантүзу жасушаларының қалыпты сүйек миының орнын басып алумен сипатталатын лейкоздың тез өрістейтін түрі.
Жіктемесі. Жедел лейкоздар екі топқа бөлінеді:
Жедел лимфобласттық лейкоз (ЖЛЛ), жедел лейкоздардың 15 % құрайды. Оның ісіктік субстраты – лимфобласт, көбіне балалық шақта дамиды.
Жедел миелобласттық (миелогендік) лейкоз (ЖМЛ), ісіктік субтраты - миелобласт, ересек жастағыларда кездеседі.
Жедел лейкоздар гемоблостоздардың ең ауыр, ең жиі түрі.
Достарыңызбен бөлісу: |