Интеграция (шоғырлану, бiрiгу) - мектепке дейiнгi балалардың дамуына бала туғаннан кейiнгi тұзету жұмыстарын алға қою; «Интеграция» термині әдебиеттерде XIX ғ. бастап кездеседі және қайта құру, толықтыру ретінде түсіндіріледі. Мұндай түсіндіру адам білімінің әртүрлі салаларында кеңінен қолданылуды қарастырады. Бұл ұғымның педагогикада пайда болуы және оның дамуы білім кеңістігінде жүріп жатқан объективті процестермен байланысты. Интеграцияның шарттары: Сыртқы;
Ішкі;
Сыртқы шарт – баланың оқу және дамуын іске асыратын шарт жүйесі.
Оған мыналар кіреді:
Кемшіліктерді алдын-ала анықтау;
Бастапқы айларда түзету жұмыстарын жүргізу(бұл кезеңде баланың жалпы оқуларда оқуына мүмкіндік беріп, принципті дамуына үлес қосу);
Ата-аналардың өз баласын, сау баламен оқуына ниеті және өз баласына көмектесудің шынайы дайындығы мен талпынысы;
Инклюзивті білім алуға білікті түрде тиімді көмектесу;
- интеграциялық оқу модельдерін жүзеге асыруға жағдай жасау; Ішкі шарт –баланың психофизикалық және сөйлеуін дамыту жүйесі.
-жасерекшелік нормасына немесе соған жақын психофизикалық және сөйлеуін дамыту;
қалыпты дамыған балаларға қарастыратын жалпы білім нысандарын
игеру мүмкіндігі;
интеграциялық оқуға психологиялық дайындық;
Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы сипаттамасы, себептері, жіктелу, ажырату тәсілдері.
Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы ҚР Заңына сәйкес мүгедек — тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам. Сонымен қатар осы заңда мүгедек балаға да мынадай жеке анықтама беріп өтеді: тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам. Ал мүгедектiк дегеніміз — организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тiршiлiк-тынысының шектелу дәрежесi.
Мүмкіндігі шектелген балалардың көбіне тез шаршағандық тән. Олар тез босаңсып, ашуланады, жылайды, тапсырманы шешуде қиындықтар туындайды. Сәтсіздікке ұшыраса қызығушылығы төмендеп, тапсырманы орындаудан бас тартады. Тез шаршайтын балардың көбі аз қозғалады. Бала мазасызданады, ымдау немесе бет-аузын тыжырайту, қисайту қасиеттері көріне бастайды, сілекей безінің көптеп бөлінуі байқалады. Ойын ойнағанда барлық ойыншықтарды өзіне алып оларды лақтырады, тез сөйлеп, сөйлеген сөздері түсініксіз болады. Бұндай балада ойын ойнау кезіндегі ұйымдастырушылығы қиындықпен қалыптасады.
Кейбір мүмкіндігі шектелген балалардың денсаулығында жоғары дәрежеде сезгіштік, мазасыздану, қызбалық пен қасарушылық байқалады. Олар үшін көңіл-күйдің тез өзгеруі тән: бірде олар көңілді жүрсе, кез келген уақытта қызбаланып, жылауық болады. Осындай баланы тәрбиелеу кезінде баламен сабырлы сөйлесіп, қайырымдылық пен шыдамдылық таныту қажет.
Мүмкіндігі шектелген балалардың көбінде тез әсерленгіштік болады: дауыс ырғағына қынжыла жауап қайырады, анасының көңіл-күйіндегі аздаған өзгерістерге аса мән береді, өзгенің жылағанына қынжылады. Кейбір балалар өзінің және өзінің жақындарының денсаулығы үшін бос мазасыздана береді. Сондықтан ең алдымен үйде тыныштық жағдай қажет. Сонымен бірге баланың баланың алдында оның денсаулығының мәселелері туралы сөз қозғауға, ұрысып, бостан бос жылауға болмайды.
Мүмкіндігі шектелген балалардың көбісінде ұйқының бұзылуы байқалады: қиындықпен мазасызданып ұйықтайды, қорқынышты түстер көріп, кейде ұйықтап жатып жылайды. Бұндай ұйқы ағзаның жүйке жүйесінің тынығуына мүмкіндік бермейді: таңертен бала босаңсып оянады, мазасыз болып, сабаққа барудан бас тартады. Сондықтан баланың ұйқысы бұзылса, ата-аналары дәрігермен кеңескен жөн. Сонымен бірге бұндай баланы тәрбиелеуде күн тәртібін сақтап, ұйықтар алдында тыныштық жағдайды сақтаған дұрыс: шулы ойындардан аулақ болу, видео мен телехабарларды көрмеуге тырысу. Бұл айтылған ерекшеліктер мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу кезінде белгілі бір ұстанымдардың қалыптасуын жүзеге асырады. Ата-аналар дәрігерлермен кеңесе отырып, нақты тамақтану мен ұйқы тәртібін ретке келтіріп, жүйелі емдеу шараларын жүргізу керек. Мұндай балаға отбасында дұрыс тәрбие берілмесе, баланың жүйке жүйесінде бұзылулар қалыптасады. Мүмкіндігі шектелген балалардың көбісінде қоршаған орта туралы көзқарастары шекетулі келеді. Сондықтан баланың дүниетанымын үнемі кеңейтіп, әртүрлі заттамен құбылыстармен таныстырып, кейбір құбылыстар мен өмірлік жағдайларға мүмкіндік жасау маңызды. Мәселен, балаға үй жануарын көрсетпес бұрын, оған сол жануар туралы түсіндіріп, суретін көрсетіп алған дұрыс.