Дәрістер жинағы Ақтөбе, 2017



бет27/45
Дата06.02.2023
өлшемі174,29 Kb.
#167664
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45
Байланысты:
open-file

Әдіснама (методология) - (грек тіліндегі mеthodos - зерттеу және тану жолдары, Іоgоs - түсінік, ілім) - теориялық және практикалық жұмыстарды, сондай-ақ осы жүйе туралы ілімді құру және ұйымдастыру принциптері мен әдістерінің жүйесі. Әдістеме - 1) әдістердің жиынтығы, бір нәрсені іс жүзінде қолданудың тәсілдері, 2) оқыту тәсілдері туралы ғылым.
Әлеуметтік перцепция - адамның басқа адамдарды қабылдауы, түсінуі және бағалауы.
Әртүрлі мәдениетті танып-білу - ұстаздардың әр балаға және оның отбасына қатысты ұлттық мәдениетінің бірегей жақтары туралы білімінің болуы және осы ерекшеліктерді қабылдай білуі.
Әсірелеу (гиперболизация) - таныс объектінің белгілі жақтарын асырып жіберу немесе кемітуден тұратын елес операциясы; оның нәтижесінде жаңа бейне пайда болады. Б
Базистік оқу жоспары - негізгі мемлекеттік стандарт сияқты бекітілген кейбір белгілі бір оқу орындарына немесе мекемелерге арналған (мектепке дейінгі ұйымдарға) құжат.
Библиотерапия - психотерапияның бір әдісі оның өзі педагогикалық, дидактикалық қағидалардан құралған. Кітаптардың көмегімен жүзеге асырылады, соның ішінде бірінші кезекте көркем әдебиеттерден құралған жиынтық. Оның басты мақсаты ауруды немесе науқасты жазушының эмоционалды және психологиялық ,көркемдік шеберлігі әдісімен емдеу, аурудың дағдарысты, жүйке жүйесінің жағдайын шешуге бағытталады. Психогенді реакциялардың классификациялық сызбасы арқылы жасалған және соған байланысты әдебиеттер тізімі каталогы жасақталады. Кітаптарды таңдауда жағдайдың максималды түрдегі сай келуі есепке алынады, ауруда пайда болған және осы кітаптың ауруға деген әсерінің қолайлылығымен сипатталады.
Билатералды - екіжақтылық
Билингвизм - екі тілділік, өзінің ана тілімен қатар екі тілді игеруі.
Бинарлы - екілі, екі жақты, екі бөліктен тұратын.
Бинауральді есту қабілеті - дыбыстың шығуы және екі құлақ арқылы қабылдау арқылы анықтау, ол жерде дыбыс екі құлаққа бірдей және күші жағынан да бірдей болып бармайды. Бинокулярлы - екі көзге қатысты болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет