Ө Өзара әрекет - кейбір іс-әрекетті бірлесіп жасау процесі және осы процесстің субъектілерінің оларға (бірлесіп жасаушылар) тигізетін әсері.
Өздігінен білім алу - адамның білім, ілім және қажетті дағдыларды өз бетімен игеруі, білімін жетілдіруі.
Өздігінен талаптанушылық- адамның өзінің бастамасы бойынша қандай да бір іске уақыты мен қайратын жұмсауға ұмтылуы.
Өздік тиімділік - айналадағы дүниеде тиімді түрде тіршілік ету қабілеті, өзінің мұқтаждығын қанағаттандыруға және өзінің қорларын (ішкі немесе сыртқы) дұрыс пайдалана білуге қол жеткізу.
Өзін-өзі актуалдандыру – адамның өзінің мүмкіндіктерін айқындап және дамытуға жасаған талабы.
Өзін-өзі бағалау - жеке адамның өзін-өзі бағалауы (өзінің сырт келбетін, қабілетін, жеке қасиеттерін т.б.), өзіндік сана-сезім компоненті.
Өлшем (критерий) - бір нәрсені анықтау немесе жіктеу үшін қажет белгілер, олардың негізінде бағалауды жүзеге асыруға болады; тексеру тәсілі, бағалаудың өлшеуіші; теорияда жағдайдың ақиқаттығы немесе жалғандығының белгісі. П Параллич (гректің paralysis – үзіліс, тоқтау) – сәйкес қимылдық иннервацияның бұзылуынан қимылдық функциялардың және ерікті қозғалыстардың толықтай жоғалуы.
Парез (гректің. paresis - әлсіреу деген мағынасын береді) - сәйкес қимылдық иннервацияның бұзылуынан белсенді қозғалыстардың амплитудасы мен күшінің азаюы.
Педагогикалық әдеп (такт) - (латын тіліндегі tасtиз түйсік, сезім) - өзін лайықты ұстай білу, әдеп ережелерін сақтай білуде көрінетін сана-сезім өлшемі.
Педагогикалық оптимизм - әр баланың мүмкіндігі мен күшіне және оқыту жұмысының нәтижелілігіне терең сенуі.
Педагогикалық процесс - саналы түрде ұйымдастырылған, мақсатты және жоспарлы түрдегі ұстаздың шәкірттерімен, оларды оқытып, тәрбиелеу мақсатындағы өзара іс-әрекеті.
Педагогикалық рефлексия -басқан қадамдарға талдау жасау, алынған нәтижені бағалау, оларды қойылған мақсатпен салыстыру.