Дәрістер жинағы Ақтөбе, 2017


Скрининг- «қатер» тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру. Сурдопедагогика



бет42/45
Дата06.02.2023
өлшемі174,29 Kb.
#167664
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45
Байланысты:
open-file

Скрининг- «қатер» тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жаппай стандартталған тексеру.
Сурдопедагогика - саңыраулар мен нашар еститіндер педагогикасы.
Сұрақнама - сыналушыға жазба түрінде сұрақтар ұсынудан тұратын, бір үлгіге келтірілген мағлұмат алу процедурасы.
Сұхбат- ауызша қатынас арқылы мағлұмат алудың ерекше тәсілі. Т
Талап ету дәрежесі - жеке адамның өзіне лайықты деп білетін қандай да бір мақсатты таңдап және оған жетуге талпынысын сипаттайтын тұлғаның өзін-өзі бағалауының көрінісі; бұл таңдау бұрынғы жетістіктер мен жеңілістерді есепке ала отырып айқындалады.
Талдау (анализ) - затты (объектіні) ойша бірнеше құрама бөліктерге бөлуден тұратын ойлау операциясы.
Танымның жеке стильдері- оқу қабілетіне әсер ететін қасиеттер тізімі. Таңдау- барлық қабылданатын материалдың көлемінен әлдебір заттар мен белгілерді бөліп шығарудан тұратын, жеке бастың тәжірибесімен және бағытымен анықталатын түйсіктің қасиеті.
Таңертеңгі жиын/жиналыс - мұғалім мен оқушылар бір-біріне деген қарымқатынасына жауапкершілікпен қарайтындай етіп, оқыту және әлеуметтік дамыту жоспарларын бірге қосып жүзеге асыруға көмектесетін оқыту әдістемесі. "Тәй-Тәй" бағдарламасы - Дж. Соростың Орталық және Шығыс Еуропа мен бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде ашық қоғам құру мақсатында ашқан "Ашық қоғам институты" қаржыландырып, Джорджтаун университеті жанындағы Сәбиді Жетілдіру Орталығында 0-ден-12- жасқа дейінгі балалар мен олардың ата - аналары үшін құрастырылған бағдарлама.
Тәрбие - баланың жеке басына мақсатты және жүйелі түрде барлық жағынан әсер ету.
Тәрбие әдісі- тәрбиенің берілген мақсатына жету жолдары.
Тәрбиелеуге саралап қарау - белгілі бір топ оқушыға мақсатты түрде педагогика тұрғысынан әсер ету (формалдық емес немесе жекеше түрде). Саралап қарау - оқушыларды жеке тұлға ретінде жетілдіру мақсатында, тиімді педагогикалық көмек ету міндетін жүзеге асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет