Дәрістер жинағы kkkzhN 307 «Көлік құрылыстары мен құрылғыларын жобалау негіздері» пәні 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» мамандығы 6B11301 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды


Көп жолды учаскелердің аралық станциялары



бет4/27
Дата31.03.2023
өлшемі3,3 Mb.
#173459
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
ДӘРІСТЕР 2
prezentatsiya-na-temu-tÑ rÑ -zhÓ ne-Ó©lÑ -tabiÒ at
1.1.5 Көп жолды учаскелердің аралық станциялары

Теміржол тораптарының ірі қалаларға жете берістерінде, әсіресе қала маңы жолаушылар поезының қозғалыс көлемі үлкен болғанда, қосымша басты жолдар салады. Көп жолды учаскелер (үш жолды, төрт жолды және т.б.) пайда болады. Осындай учаскелерде аралық станцияларды көлденең типті етіп салады.


Үш жолды учаскеде екі жақты әрекеттегі үшінші басты жолдың екі орналасу нұсқасы (1.4, а-сурет) – негізгі жұптың екі басты жолдарының арасынан немесе олардан бүйірлей орналасуы мүмкін.

1.4 - сурет - Көп жолды учаскелердің аралық станцияларының үлгісі:


а – үш жолды; б – төрт жолды бөлім

Төрт жолды қала маңы учаскесінде басты жолдардың бір жұбы - көбінесе қала маңы қозғалысына арналған 1.4, б-сурет, екіншісі - аралас қозғалысқа арналған, оларды мамандандырудың үш нұсқасы болуы мүмкін. Басты жолдары (III және IV жолдары) алыс қала маңы және жүк қозғалысы үшін мамандандырылған төрт жолды учаске станциясының сұлбасы 1.4, б-суретте келтірілген. Ол өзара диспетчерлік ауыспалар арқылы жалғасқан екі жүйе болып табылады. Осы сұлбаның жетістіктері – қала маңы қозғалысының жергілікті жұмыс ерекшелігі және аймақтық станцияның дамуы үшін жақсы жағдайлар.


Кемшілігі - басты жолдардың бір жұбынан екіншісіне көшу кезіндегі аз маневрлік.
Басты жолдарды мамандандыру кезінде (ішкі қала маңы жұбымен) аймақтық станцияның даму жағдайы сондай, бірақ басты жолдардың бір жұбынан екіншісіне көшу жеңілденеді. Алайда жүк қозғалысы үшін қабылдап-жөнелту жолдарының сырттай орналасуы жергілікті вагондарды жұптық поездардан жүк ауласына берілуін қиындатады.


1.2 Учаскелік станциялар


1.2.1 Учаскелік станциялардың қызметі

Учаскелік станциялар, локомотивтік бригадалардың үздіксіз жұмысымен және пароваз тендерінде көмір қорымен анықталған локомотивтердің келу учаскесін шектейтіндіктен өз атауын алған. Сондықтан учаскелік станциялар арасындағы қашықтық барлығы 100-130 км құрайды. Учаскелік станциялардың негізгі операциясы локомотивтер мен локомотивтік бригадаларды ауыстыру болды [2].


Тепловоз қызметін енгізу және теміржолдарды электрлендіру локомотивтердің келу учаскелерінің созылыңқылығын ұлғайтуға мүмкіндік берді, сондықтан көптеген учаскелік станциялар өздерінің бастапқы қызметтерін – локомотивтерді ауыстыруды жоғалтты. Қазіргі кезде учаскелік станциялардың негізгі жұмысы транзиттік поездарды өңдеу: техникалық қызмет көрсету, коммерциялық тексеру, локомотивтер ауысымы, локомотивтік бригада ауысымы, вагондарды ағытулы және ағытусыз жөндеу, локомотивтерге техникалық қызмет көрсету. Учаскелік станцияларда құрама және учаскелік поездарды тарату және құрастыру, жолаушылар және жүк операциялары, жете беріс жолдарға қызмет көрсету.
Желілі учаскелік станцияларда түйісетін бағыттардан келетін поездардың салмағының, ал осыған орай вагондар тобын ағыту және тіркеудің өзгеруі мүмкін.
Учаскелік поездарда учаскелік станцияға жүк түсіріп-тиелетін вагондар, учаскенің аралық станциясына арналған вагондар, сондай-ақ учаске шегінен тыс станцияларға арналған вагондар келеді. Екінші топ вагондарынан, учаскенің аралық станциялары бойынша таңдай отырып, құрама поездарды құрастырады.
Құрама поездармен келген вагондардан және берілген станцияда жүктелген, құрама поезд қызмет көрсететін учаскенің шегінен тыс жүретін вагондардан жақын учаскелік немесе сұрыптау станциясына дейін учаскелік поездарды құрастырады.
Поездарды қабылдау және қабылдау бойынша операциялар орындау үшін (техникалық қызмет көрсету, коммерциялық текчсеру, локомотивтер мен локомотивтік бригадалар ауысымы) қабылдап-жөнелту паркі қызмет етеді. Құрама және учаскелік поездар құрамына арналған вагондардың жиналуы сұрыптау паркінің жолдарында жүзеге асырылады. Поездарды тарату және құрастыру тартымдық жолдарда орындалады, олар сұрыптау паркінің екі жағынан орналасады. Поездарды тарату үшін қайта өңдеу көлемі айтарлықтай болғанда қуаты аз дөңес құрылуы мүмкін.
Құрама поездар құрамдары жиналғаннан кейін құрама поезды құрастыру орындалады, осының барысында вагондар топтар бойынша таңдалады. Құрама поезд топтарының саны учаскенің аралық станцияларының санына сәйкес келеді, оларда құрама поезд жұмыс істеуге тура келеді. Құрастырылған құрам қабылдап-жөнелту жолдарына қойылады, онда техникалық қызмет көрсету, ағытусыз жөндеу жасалады, поезд локомотиві тіркеледі, автотежегіштерге сынама жүргізіледі, сосын пеозд жөнелтіледі.
Учаскелік станциялардағы жолаушылар операциясы аралық станциядағыларға қарағанда үлкен көлемде орындалады. Учаскелік станцияларда аялдамасы бар транзиттік поездар жолаушылар поездарына арналған басты немесе қабылдап-жөнелту жолдарында қабылданады. Жолаушыларды отырғызу және түсіру, жүк пен поштаны тиеу және түсіру, құрамдарын техникалық тексеру, қажет болған жағдайда вагондарды ағытусыз жөндеу жүргізіледі. Жүрдек поездар басты жол бойынша аялдамасыз өткізіледі.
Учаскелік станцияның жүктеу жұмысы вагондарды жүктеу ауданында тиеу және түсірумен, жете беріс жолдарға қызмет көрсетумен, вагондарды өлшеумен, ұсақ жөнелтулерді сұрыптаумен шектеледі, кейбір станцияларда вагондарды тиеуге (вагондарды тазарту, жуу) дайындау, жанды тіршілігі бар вагондарды сумен қамту және басқа операциялар жүргізіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет