1.3.2 Сұрыптау станцияларын жіктеу
Сұрыптау станцияларын былай жіктейді.
Ведомстволы тиесілігі бойынша: темір жолдардың жалпы желісіндегі станциялар, өнеркәсіптік сұрыптау станциялары және біріккен станциялар.
Сұрыптау станцияларын желідегі маңызы бойынша желілік маңыздағы және аймақтық маңыздағы негізгі станциялар деп бөлуге болады.
Негізгі станцияларды жергілікті ауқымды жұмысымен, қуатты вагондар ағынымен маңызды магистральдер қиылысында орналасады. Негізгі сұрыптау станцияларын өтпелі поездар, қайта өңдеусіз бірнеше сұрыптау станцияларынан өтеді, учаскелік поездар және құрама поездар және торапқа жақын жүк станциясына дейінгі беріліс поездары құрайды.
Аймақтық сұрыптау станциялары сұрыптау станциялары арасындағы учаскеде қызмет көрсетіледі, тораптарда және солардың арасындағы учаскеде туындайтын вагондар ағыны қайта өңделеді. Учаскелік және құрама поездар және келесі сұрыптау станциясына дейінгі поездар, сондай-ақ жүк станцияларына арналған поездар құрастырылады. Кейде бір, екі тағайындаудағы өтпелі поездар құрастырылады.
1.4 Жолаушылар станциялары
1.4.1 Жолаушылар кешені туралы ұғымдар
Жолаушыларға қызмет көрсету үшін, жолаушылар құрамын және қала маңындағы поездарды өңдеу үшін жолаушылар кешені тағайындалған. Жолаушылар кешені енгізеді:
- поездарды қабылдау және жөнелтуге арналған жолдарын, жолаушыларды түсіру және отырғызу үшін жолаушылар платформасы бар жолаушылар станциясын;
- барлық қажетті жабдықтары бар вокзал ғимараты және вокзал маңындағы алаң енетін вокзал кешенін;
- тиісті жол дамуы мен қоймалары бар пошта-багаж құрылысы мен құрылғылары;
- техникалық станциялар (техникалық парктер) жолаушылар құрамына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және жабдықтау үшін; - қала маңындағы құрамның тұруына арналған жолдар.
Жолаушылар кешенінде енгізілуі мүмкін: - резервті құрамның тұруына арналған парктер,
- жолаушылар локомотивті және вагонды жөндеу кәсіпорындары және т.б.
Жолаушылар кешенінің негізгі құрылғыларының қуаты мен өлшемдері (қабылдау-жөнелту және перрон жолдары, жолаушылар станциясының платформасы, вокзал маңындағы алаң, вокзал құрылғылары, жолаушылар техникалық станцияның немесе техникалық парк құрылғылары, стрелкалы алқым) қарқынды қозғалыс кезінде категориялары әртүрлі келетін және жөнелтетін поездардың санына сәйкес келуі тиіс.
Жолаушылар кешені жұмысының технологиясы жолаушылар поезы қозғалысының графигімен байланысты болуы тиіс, барлық категориядағы қала маңындағы және жолаушылар құрамы бар операциялар мен жолаушыларға барлық қажетті көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз етілуі тиіс.
Жолаушылар кешені орналасқан кезде жердің ауданын оңтайлы пайдалануға, энергетикалық, су және басқа ресурстарды үнемді пайдалануға, қоршаған ортаны қорғау шараларына ерекше көңіл бөлу керек.
Жолаушылар станциясын, жолаушылар техникалық станциясы (техникалық парктер), жолаушылар кешені мен конструкциясының өзара орналасуы;
Жол алқымдары құрамдар тоқтаған кездегі операцияларды орындаудың барынша ағындылығын қамтамасыз етуі тиіс.
Жолаушылар кешенінде құрылғыны былай орналастырады: - жолаушылар техникалық станциялар (техникалық парктер), сондай-ақ қала маңындағы құрамдардың тұрағы, негізінен, негізгі жол арасында немесе негізгі жолдың қасында, поездарды жөнелту жағында;
- пошта-багаж құрылысы мен құрылғылары, вагон-ресторандарды жабдықтау базасы - жолаушы техникалық станцияда (техникалық парктерде). Бұл ретте автокөліктің қолайлы кіруін, құрамды құрастыру мен тарату кезінде маневрлік алға жылжытулардың ең аз санын қамтамасыз ету қажет;
- локомотив шаруашылығы – жолаушылардың техникалық станциясымен қатар (техникалық паркпен) негізгі жолдар арасында. Жергілікті жағдай бойынша локомотив шаруашылығының мұндай орналасуы мүмкін болмаған кезде поездарды жөнелту жағынан негізгі жолдың қасында жолаушылар станциясымен қатар орналастыруға рұқсат етіледі.
«КТЖ» АҚ тапсырмасымен белгіленген жерлерде (негізінен, ірі торапты жолаушылар кешені, әкімшілік, өнеркәсіптік және курорттық орталықтар) жөнелту мен қабылдауға арналған жолдар және платформаларды, туристтік-экскурсиялық поездардың ұзақ мерзімді тұрағын жобалауға рұқсат етіледі.
Туристтік-экскурсиялық поездардың тұрақ бекеті жолаушыларға қызмет көрсету үшін қажетті құрылғылар болуы тиіс: тұрмыстық жайлар, вагон-ресторандарға тоңазытқыш қондырғыларын және вагондарға ауа салқындатқыштарын орнатуға арналған құрылғылар, жолаушылар вагоны мен вагон-ресторандар тұрағы жанынан канализация құрылғылары, жолаушылар вагондарын көмірмен және көмір кесектерімен, т.б. құрылғылармен жабдықтауға арналған отын қоймасы.
Достарыңызбен бөлісу: |