8. Қышқылдар мен сілтілер - микроб жасушасының протоплазмасының ақуызын денатурациялайды.
Асidum bоrісum - бор қышқылы: антисептикалық белсенділігі төмен, 3% спиртті еріт. жіті және созылмалы отитте құлақ тамшысы ретінде қолданылады; 2 - 4% сулы еріт. көз ылғалдағышы ретінде, кейде ауыз бен тамақты шаю үшін; 10% глицерин еріт. тері бөртпесінде және кольпитте; 5% жағылмасы битшеңтікте қолданылады.
Салицил қышқылы: кератолитикалық әсер ететін спиртті ерітінді, жағылма, паста, сеппе түрінде шығарылып, күс сұйықтықтары мен күс лейкопластрінің («Салипод») құрамына кіреді.
Бензой қышқылы: фунгицидті зат (саңырауқұлақтарға қарсы) ретінде сыртқа қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |