ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Дәріс 1. Инклюзивті білім берудің теориялық негіздері
Жоспары:
1 Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары.
2 Инклюзивті білім берудің принциптері
3. Инклюзивті білім беру ортасын қалыптастырудың шарттары
1. Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқыту мәселесін зерттеу ең алдымен оның негізгі ұғымдарының түпкі мағынасын ашып беруді қажеттейді. Отандың жалпы білім беру мектептерінің іс-тәжірибесінде инклюзивті оқыту жаңа құбылыс. Атап айтқанда халықаралық білімдік тәжірибеде «инклюзивті білім беру» мен қатар «интегративті оқыту», «интеграциялық оқыту» сияқты ұғымдар да кең қолданыс тапқан.
«Инклюзия» сөзі шет елдердің сөздіктерінде жоқ. Өйткені ол ағылшын тілінің inclusion – қосу, енгізу деген мағынаны береді.
Инклюзивтік білім беру – дамуында ауытқуы бар балалардың дұрыс, сапалы білім алуына жан-жақты жағдай жасап, білім беру ұйымына (балабақшалар және жалпы білім беретін мектептер) қосу жүйесі. Интеграциялық оқытудың мақсаты - білім беру аясында жұмыс жасайтын әлеуметтік және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жалпы білім беру мекемелерінде мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын сақтау қажеттіліктерін қамтамасыз ету болып табылады.
Инклюзивті білім беруді дамытудың мақсаттары :
-барлық категориядағы тұлғалардың сапалы білім алуға тең құқығын жүзеге асыру;
-мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсына отырып, қол ұшын созу;
-жалпы білім беру мекемелерінде Арнайы білім берудегі қазіргі педагогикалық технологиялар арқылы әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту;
-балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру;
-арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.
2. Инклюзивті білім берудің негізгі қағидалары:
1. Адамның құндылығы оның қабілеті мен жетістіктеріне тәуелді емес;
2. Әрбір адам ойлау мен сезінуге қабілетті;
3. Әрбір адам қарым-қатынас жасауға құқылы;
4. Барлық адамдар бір-біріне қажет;
5. Түбегейлі білім шынайы өзара қарым-қатынастар негізінде жүзеге асуы мүмкін;
6. Барлық адамдар бір-бірінің қолдауына, қатарластарының достығына мұқтаж;
7. Алуантүрлілік адам өмірінің жан -жақтылығын кеңейтеді;
8. Барлық оқуға қабілетті жандар үшін дамудағы жетістіктері тікелей олардың қабілеттеріне
тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: |