Дәрістер мазмұны 1-дәріс. «Психологиялық-педагогикалық зерттеулердің әдістері»


Зерттеудің ұғымдық аппаратын қалыптастырудың төрт шешуші кезеңін



бет62/127
Дата22.12.2023
өлшемі1,7 Mb.
#198510
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   127
Байланысты:
Лекции

Зерттеудің ұғымдық аппаратын қалыптастырудың төрт шешуші кезеңін бөліп қарастыралық:
-зерттелуші үдеріс пен ұғымдардың құрылымын, оның құрамдас бөліктері мен зерттеу қырларын (ұғымдық матрица) анықтау;
-ұғымдардың мазмұнын, белгілі немесе қайта енгізілген терминдердің терминологиялық түсіндірмелері мен олардың негізделуін анықтау;
-категорияларды (негізгі, кешенді ұғымдарды) анықтау, категориялық-ұғымдық жүйені құру;
-ұғымдық жүйе элементтерінің өзара байланысын, ол арқылы зерттеліп жатқан үдерістер мен құбылыстардың терең әрі тұтас айқындалу деңгейін ашу.
Педагогикадағы ұғымдарды өңдеу зерттеу пәні мен объектісі саласына жататын негізгі педагогикалық құбылыстардың, үдерістер мен жүйенің болмысын сипаттау мен объективті зерттеуден тұрады. Педагогикалық әрекетті сипаттау және теориялық зерттеу формасының бірі бола тұра педагогикалық зерттеу, жинақтала келе, оның ерекшеліктерін ашатын зерттеу пәнінің ұғымдық айқындалуынан басталады. Сондықтан, педагогикалық құбылыстардың мәні авторлық тұрғыда қарастырылған зерттеудің мақсаты, міндеттерімен айқындалған ұғымдардың көмегі арқылы нақтыланады. Тіпті бір зерттеу пәнінің шеңберіндегі зерттеу мәселелерінің әртүрлілігі ұғымдық жүйедегі педагогикалық әрекеттілікті көрсететін түрлі қырларының пайда болуының алғы шарттарын жасайды.
Педагогикалық феноменді анықтауда зерттеуші, біріншіден, педагогикалық зерттеу мен оның категориялық-ұғымдық жүйесінің мәнмәтінін үйлестіре отырып, педагогикалық феноменнің заттай және айрықша белгілерін көрсету арқылы педагогикалық ұғымның мәндік-логикалық талдауын; екіншіден, бұл феноменді кәсіби-педагогикалық ортада шын мәнінде қолданудың ұсынды.
Зерттеуші ұғымдарды таңдау кезінде ғылыми терминологияға қойылатын жалпы талаптарды ескеруі қажет:
-нақтылық – мағынасының бірегейлігі;
-анықтамалық (дефинитивность) – педагогикалық объектінің айрықша қасиеттері мен белгілерін ашып, анықтама беру мүмкіндігі;
-жүйелілік – педагогика ғылымының ұғымдық аппаратындағы ұғымның орнын айқындау.
Әрбір зерттеу ұғымдық жүйеде көрініс табатын тұйықталған педагогикалық білім жүйесінің шеңберінде жүргізіледі. Жүргізіліп жатқан зерттеу пәніне қатысты кешенді ұғымдар мөлшері тақырыптың бірқатар сипаттарына: зерттелу көлемі, мазмұны, мәні, ауқымы, өзге ғылымдарда көрініс табуы және т. б. байланысты анықталады. Мұндай реттіліктің мәні зерттеушіге ненің ұғымда кеңінен дамығанына және зерттеу объектісі шеңберінде шынайы педагогикалық әрекеттіліктің қандай жақтары көрінбей қалғанына көз жеткізуге мүмкіндік береді. Жүйелі түрде категорияның, терминнің немесе ұғымның анықтамасы ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық мәнге ие нәтижелерінің бірі болып саналады. Ұғымды анықтау дегеніміз – ұғым білдіретін құбылыстың немесе заттың мәнін ашу, нақтылау.
Жетілген ұғымдық-терминологиялық жүйенің маңызды сипаттарының қатарына жататындар:
-педагогикалық құбылыстың мазмұнын ашудағы аспектілік айқындылығы;
-ұғымның пәндік анықтылығы;
-ұғымды түсіндірудің бірыңғайлығы;
-шығармашылық – зерттеу нәтижелерін айқын түсіндіру құралы ретінде;
-терминдердің бірегейленуі, яғни, мән-мағыналарының реттілігі.
Зерттеуші тарапынан таңдалған, әрі реттелген барлық ұғымдардың жүйесі, әдетте, құрастырылып жатқан жүйенің негізі ретінде тереңдігі мен жалпылығын білдіретін ұғымдарға – категорияларға топтасады.
Ғылыми терминологиядағы ұғым белгілі бір педагогикалық теорияның құрамында немесе анықтама арқылы тұжырымдамада өз мәніне ие болады. Қарастырылып отырған зерттеу пәнінің мазмұнын аша отырып, ұғымдар жүйесін құрастыратын зерттеуші, тұтас жүйеге педагогикалық объект туралы жан-жақты білім жинақтайды. Зерттеушінің абстрактілеу әрекеті ұғымды қалыптастырудың логикалық тетігі болып табылады. Логикалық тұрғыда қалыптасқан, жинақталған мазмұнға ие ұғым әдетте қарастырылып отырған объектінің өзіне тән қасиеттері мен белгілері арқылы зерттеудің пәндік аумағын көрсететін анықтамадан тұрады.Ұғымдық қатарды құрастырудың өзге де әдістері бар, мысалы, терминологиялық матрица құрылымының бағытталу алгоритмі төмендегі әрекеттерден құралады:
- кешенді ұғымдардың тізімін құру;
- бірегей өлшемдерді анықтау үшін салыстырмалы сараптамалық
мәліметтердің матрицасын құру;
-бар мәліметтерді ойша іздеу және матрица үйлесімділігі бойынша мәліметтердің жоқтығын анықтау;
- терминдерді толықтай немесе жартылай жинақтаудың жалпы көрінісін есепке алу және осы негізде мәселенің қарастырылуын бағалау;
- ғылыми ізденістің келесі міндеттерін анықтау және нақтылау.
Зерттеушінің ұғымдық қатардың логикалық құрылымын таңдауда зерттеу пәнін басқа қырынан түсініп, оның табиғатын ашудың жоғары деңгейіне қол жеткізуі маңызды. Ұғымдық жүйе құрылымында зерттеуші пәндік нақтылық пен аспектінің айқындылық қағидаларына сүйенуі қажет. Зерттеуші ұғымдар талдауына, әсіресе, зерттеудің мәселесін талдау кезеңіне қарайды. Мұнда терминдер қорынан негізгісі таңдалады, сосын негізгіден жоғары тұратын жалпы ұғымдар ескеріледі, ортақ ұғымдар (олар бірнешеу болуы мүмкін) мен қосымша ұғымдарды бөлуге болады. Бастапқы кезеңде зерттеуші зерттеу мәселесі көрініс табатын мәліметтерді библиографиялық іздестіру мақсатында ұғымдарды таңдауға мән береді. Қорытынды кезеңде ол ұғымдардың анықтамаларына, мазмұнына, көлеміне, өзге ұғымдармен байланысына маңыз бере отырып, осы ұғымдар арқылы берілетін тәжірибелік әрекеттердің түсіндірмелерін түзуді қарастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   127




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет