Дәрістер тезистері 1-дәріс. Кіріспе Қоршаған орта туралы ілімнің негізгі мақсаты мен міндеттері


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



бет25/44
Дата01.02.2023
өлшемі0,58 Mb.
#167036
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы (2)

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Топырақ және жер ресурстары дегеніміз не?

  2. Жер кадастрын қалай түсінесің?

  3. Жайылым дегеніміз не?

  4. Топырақтың минералдық құрамы қандай?

  5. Минерал дегеніміз не?

  6. Қазақстандағы жер ресурстарының қазіргі жағдайы қандай?

9 дәріс. Қоршаған ортаның осы кездегі проблемалары.




Қарастырылатын сұрақтар: Қазіргі кездегі ортаның экологиялық проблемалары. Ортаны тиімді пайдаланудың және қорғаудың құқықтық нормалары.
Эрозия деген сөздің латынның «жеу» мағынасын береді. Яғни эрозия ағын судың тау жыныстары мен топырақты шаю, бүлдіру және тасымалдау әрекеті. Эрозияның әсерінен өзеннің түбі тереңдеп, аңғарлары шайылады, жыралар түзіледі. Эрозия ұзаққа созылса, белгілі бір территорияның бедерін бұзып, оны шаруашылыққа жарамсыз етеді. Оның алдын алу үшін шаруашылықты дұрыс орналастыру, ауылшаруашылық жұмыстарын дұрыс жүргізу, орман алқаптарын жасау, агротехникалық шараларды талапқа сай жүргізу керек.
Топырақ эрозиясы – жыртылған жер топырағының беткі қабатын судың шаюы. Топырақ бөлшектерін қатты желдің ұшырып әкетуі – бұл да топырақ эрозиясына жатады. Қар , нөсер, жаңбыр, егістікке суды көп жіберу су эрозиясын туғызады.
Дүиенің биологиялық айналма жолында өлі органикалық заттар шіріп, шірінді жасайды да топырақ түзілуіне соның маңызы күшті. Органикалық қалдықтар тез және толық шірісе, олар толық минералданады. Егер оттек жетімсіз болса олар шала бұзылады да жаңа тұрақты органикалық қосындылар түзеді. Өңі қоңыр, не қара осы затты шірінді немесе гумус деп атайды (латынша «топырақ» деген сөз).
Топырақтың құнарлылығы 85-80% гуминдік заттар құрамына кірген тікелей байланысты. Ол топырақтың күш-қуат беретін байлығы.
Топырақ жамылғысы жердің ең басты байлықтарының бірі. Ол жұтаң күйге ұшыраса, адам баласы ашаршылыққа ұшырайды. ЮНЕСКО-ның зерттеуі бойынша, дүниеде жыл сайын ауыл шаруашылығына тиімді 5-7 млн. га жерден айырылып отырады екенбіз. Осы қарқынмен ғасыр аяғына таман 50-70 млн. га құнарлы жерден айырылады екенбіз. Бұл Литва немесе Латвия республикаларының жеріне тең келеді. 1990 жылы игерілген тыңнан 700 млн. т. астық өндірдік, есесіне 1 млрд. т. гумустен айырылдық. Ал 100 жылда 1 см ғана топырақ жаралады. Ендеше Жердің топырақ бүркенішін сақтау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет