Дәрістер тезистері



бет14/16
Дата03.01.2022
өлшемі202,25 Kb.
#108713
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
5.ДӘРІСТЕР
131753, 5.ДӘРІСТЕР, Соғыстан кейінгі бес жылдық кезеңі (2), Хазірет Айша

Дәріс бойынша ағымдық, аралық, қорытынды бақылауға арналған тест тапсырмалары

1. Кеңістіктегі түзулер өзара орналасуларына қарай келесі түрлерге бөлінеді:

A) параллель түзулер;

B) айқас түзулер;

C) қиылысатын түзулер;

D) айқыш түзулер;

E) перпендикуляр түзулер.

2. Дәлелдеудің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

A) тезис;

B) антитезис;

C)функциялар;

D) аргументтер;

E) демонстрациялау.

3. Теоремаларды дәлелдеудің негізгі тәсілдері:

A) аналитикалық тәсілдер;

B) императивті тәсілдер;

C) интегралды тәсілдер;

D) синтетикалық тәсілдер;

E) қосалқы тәсілдер.

4. Геометриялық денелер:

A) параллелограмм;

B) цилиндр;

C) үшбұрыш;

D) конус;

E) эллипс.

5. Функцияның берілу тәсілдері:

A) синтетикалық тәсіл;

B) индукциялық тәсіл;

C) графиктік тәсіл;

D) аналитикалық тәсіл;

E) кестелік тәсіл.


1

№14 дәріс

Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11 cыныптарда «Геометрия» курсын оқыту әдістемесі.

Қарастырылатын мәселелер.

1. 10-11 сыныптарда «Геометрия» курсын оқытудың мақсаты мен міндеттері.

2. 10-11 сыныптардағы «Геометрия» курсының жаңартылған білім мазмұны және оқулықтың ерекшеліктері.

3. 10-11 сыныптарда «Геометрия» курсын оқытудың әдістері.

4. 10-11 сыныптарда «Геометрия» курсын оқытуды ұйымдастырудың формалары.



Дәрістің қысқаша мазмұны

Қоғамдық-гуманитарлық бағытта «Геометрия» пәнін оқытудың мақсаты: қазіргі замандағы қоғамда өзін еркін сезінуге адамға қажетті ойлау қасиеттерін қалыптастыру арқылы оқушылардың зияткерлік деңгейін дамыту; практикалық іс-әрекеттерде қолдануда, басқа пәндерді үйренуде, білім алуды жалғастыруда қажетті математикалық білімді меңгеру.

«Геометрия» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 10-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында– 34 сағат; 11-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында– 34 сағат.

10-сыныпқа арналған «Геометрия» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:

1) «Стереометрия аксиомалары.Кеңістіктегі түзулер мен жазықтықтардың өзара орналасуы». Стереометрия аксиомалары және олардың салдарлары. Кеңістіктегі екі түзудің өзара орналасуы.Түзу мен жазықтықтың өзара орналасуы.Екі жазықтықтың өзара орналасуы:

2) «Кеңістіктегі бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық». Кеңістіктегі түзулер арасындағы бұрыш. Перпендикуляр және көлбеу. Үш перпендикуляр туралы теорема.Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыш. Жазықтықтар арасындағы бұрыш. Кеңістіктегі арақашықтық;

3) «Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі және векторлар». Кеңістіктегі тікбұрышты координаталар жүйесі.Екі нүктенің арақашықтығы. Кесінді ортасының координаталары. Сфера теңдеуі. Кеңістіктегі вектордың координаталары. Векторлардың коллинеарлығы және компланарлығы.Векторларды қосу, векторды санға көбейту. Векторлардың скаляр көбейтіндісі:



11-сыныпқа арналған «Геометрия» пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:

1) «Көпжақтар». Көпжақ ұғымы. Призма және оның элементтері. Тік және дұрыс призма. Тікбұрышты параллелепипед және оның қасиеттері. Призманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Пирамида және оның элементтері. Қиық пирамида. Пирамиданың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Қиық пирамида бетінің ауданы. Дұрыс көпжақтар;

2) «Айналу денелері және олардың элементтері». Цилиндр және оның элементтері. Цилиндрдің жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары.Конус және оның элементтері. Конустың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары. Қиық конус және оның элементтері. Қиық конус бетінің ауданы. Сфера және шар. Сфера бетінің ауданы. Айналу денелерінің жазықтықпен қималары;

3) «Денелер көлемдері». Денелер көлемдерінің жалпы қасиеттері. Призма көлемі. Пирамида және қиық пирамида көлемдері. Цилиндр көлемі. Конус және қиық конус көлемдері.Шар көлемі;

Оқу пәнінің білім мазмұны бөлімдерге бөлінген. Бұл бөлімдер күтілетін нәтижелер (біліктер немесе дағдылар, білім немесе түсініктер) түрінде берілген сыныптар бойынша оқу мақсаттарын қамтиды. Әр бөлім ішінде тізбектеліп жазылған оқу мақсаттары мұғалімге өз жұмысын жоспарлап, оқушылардың жетістіктерінбағалауға, сонымен қатар оқытудың келесі кезеңдері туралы ақпарат беруге мүмкіндік жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет