Дәрістердің қысқаша конспектісі



Pdf көрінісі
бет1/16
Дата10.10.2023
өлшемі422,95 Kb.
#184560
түріКонспект
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Дәрістердің қысқаша конспектісі



Дәрістердің қысқаша конспектісі 
1 –апта
Қазақ тілінің әліпбиі. Танысу. Ұстазбен танысу. Топпен танысу. Дәрісханамен танысу .Кітапхана
( оқулықтармен танысу) Фонетика .Дауысты дыбыстар туралы жалпы мәліметтер.А-Ә 
дыбыстары.О-Ө дыбыстары.Дауысты дыбыстар туралы жалпы мәліметтер.Ы-І 
дыбыстары.А,ә,о,ө,ұ,ү,е,ы,і,э,и,у.Жуан – а, о, ұ, ы (и,у).Жіңішке – ә, ө, ү, і, е, э (и,у). Көкөністер. 
Қазақ әліпбиін айту, жазу. Жаңа сөздерді тақтаға жаздыру,оқыту.Отбасы.Ата, ана, әке,аға,әпке, 
әже, іні ,қарындас, сіңлі.Азық-түлік.Нан,сүт,май,қант.тұз,шай,ет,жұмыртқа.Адамның дене 
мүшелері. Көз, мұрын, ауыз, иек,саусақ,бас, шаш, құлақ, мойын,қол, кеуде, аяқ. ( оқулық 
бойынша 1-3 сабақ ) 
2–апта
Дауысты дыбыстар туралы жалпы мәліметтер.Ұ-Ү дыбыстары .Көкөністер. 
Е дыбысы .Жыл мезгілдері.Ай аттары.Апта күндері.И-У дыбыстары. Отбасы мүшелері.
Базарда, жеміс-жидектер сатып ала білу. Диалог құру. Өзін толық таныстыру. Отбасы
мүшелерін толық айта білу,отбасы тақырыбында шағын әңгіме құру. 
Тыңдаңыз, қайталаңыз, 
оқыңыз

И-гі-лік, и-рек, уа-қыт, уә-зір, у-іл, су, ки-ім, ти-ын, и-ық, жи-на-лыс,
е-зу, қу, ау, ту-ы-лу, си-рек, и-те-ру, жу-ық. 
2-жаттығу. 
Назар аударып оқыңыз. 
А) Қиын,сақина ,ине, киім, тиын, тиін, жина, қина, биле, Нағима, иық, сирек, илеу, Салима, ит. 
Ә) Суық, уіл, булау, сулау, гуіл, уәзір,дауыл, өсу, жауын, күлу, қауын, аунау, шу, шуақ, жаулық, 
шәугім, Дубай, ауған, Алатау, Еуропа, куәлік, бура, сурет. 
Берілген мақалдан «у, и» дыбысына сипаттама жасаңыз: 
1)
Жаңбыр жауса, жер ырысы, Батыр туса, ел ырысы
2)
Оқу-инемен құдық қазғандай. 
3)
Уәде – құдай сөзі.
4)
Жалқаулық-жаман ауру. 
«Ұ, ү, у» дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығына назар аударыңыз. Дұрыс оқыңыз. 
Бура Бұрыш бүрге 
Ашу бұршақ, 
сүңгі 
суық 
құрбақа 
жүгіру 
тауық құлақ
бүгін 
уқалау құрылыс 
үлгі 
(оқулық бойынша 4-6 сабақ ) 
3–апта
Э дыбысы . Қосарлы дыбыстардың таңбасы.Е,Ю,Я.Ыдыс –аяқ атаулары.
Ас бөлмесінде екі студент ыдыс-аяқ атауларын пайдалана отырып сөйлесе білу. Ыдыс –аяқ
атауларын жатқа айту.«Э» дыбысы орыс тілінен енген дауысты дыбыс. Қазақтың төл
сөздерінде кездеспейді. 
Тыңдаңыз, қайталаңыз, оқыңыз. 
Эпи-тет, экс-по-нат, эн-цик-ло-пе-ди-я, эс-тон, эс-тра-да, э-фир, эс-те-ти-ка, э-ти-ка, эт-но-граф, э-
ве-рест, э-пос, э-нер-гия. 
«Э, Е» дыбыстарының ұқсастығы мен айырмашылығына назар аударыңыз. Дұрыс оқыңыз. 
Электр Етікші 
Эпопея Есім 
Эмаль Ертең 
Этика Ертегі 
Эстетика Еңбек 
Тыңдаңыз, қайталаңыз, оқыңыз

Вахтёр, қоян, таяқ, ою, аяқ, актёр, ояу, бояу, япырай, яки, қою, аю, юмор, Юра, юань, ұя, ұялшақ, 
пияз, аяз, сия, тиянақты, тақия, яғни. 
Қане тілдесейік! 
- Сәлем, Анар.
- Сәлем, Алмас.
- Анар, танысып қой, бұл менің досым Әли.
- Өте қуаныштымын, менің атым Анар. 
- Мен де қуаныштымын. 


4–апта
Дауыссыз дыбыстар . Үнді дауысссыздар:М,Н;Ң,Л;Р,Й,У.Киім атаулары. Ұяң дауысссыздар:
Б,В,Г,Ғ,Д,Ж;З. Төрт түлік атаулары. Қатаң 
дауыссыздар:Қ,К,Х;Һ,Ш,Щ,Ч,С,Ц,С,П,Ф,Т.Хайуанттар.Көптік жалғау .Кім? Не? Құстар
Тәуелдік жалғау.Жиһаздар.Мамандық атаулары. Жіктік жалғауы. Көлік түрлері.Жаңа
сөздерді буынға бөлу. 
Берілген мәтіннен үнді дыбыстары бар сөздерді теріп жазыңыз. 
Қазақстан –тәуелсіз мемлекет. Қазақ халқы -қонақжай әрі мейірімді халық. Қазақ жері кең, 
табиғаты әсем, пайдалы қазбалары мол. Қазақстан- көп ұлтты мемлекет. Олар өзара тату-тәтті 
тұрады. 
Қосымша тапсырма:
А) Сөздіктің көмегімен түсініксіз сөздердің мағынасын анықтаңыз. 
Ә) Берілген мәтіндегі жуан және жіңішке сөздерді топтап айтыңыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет