Байланысты: Д рісті мазм ны Педагогика толык лекциялар
Дәріс 22. Курстық жұмыс және оған қойылатын талаптар. Курстық жұмысқа қойылатын талаптар.
Курстық жұмысты орындау қисыны.
1. Педагогикалық институтта студенттер ғылыми зерттеу негізінде курстық жұмысты орындайды. «Курстық» деп атауы нақты бір курсқа байланысты білім алу дегенді білдіреді. Курстық жұмыстар әртүрлі дисциплинада жазылады, бірақ жұмыс барысында студенттің білімі және дағдылары қорытындыланады. 1 жыл ішінде әлде 1 семестр ішінде орындалады. Оқу жоспары бойынша кейбір факультеттерде курстық жұмысты педагогикадан жазу қарастырылған. Курстық жұмысты орындау зерттеу әдістері мен әдістемелерін меңгеруге педагогикалық әрекетке қызығушылығын ояту педагогикалық процесті көру және талдау қабілеттерін қалыптастырады.
студенттің педагогикалық тапсырмаларды шешуге шығармашылық дағдының қалыптасуы, мектеп сараманындағы және өзінің жұмыс қорытындыларын бағалау қабілеттігі;
студенттің теориялық білімдерін практикада қолдана алуы, алдыңғы педагогикалық тәжірибені талдау, педагогикалық практикадағы жеке тәжірибесі педагогикалық процестегі заңдылықтары мен негіздері орын алып отырады.
Курстық жұмыс психологиялық-педагогикалық және әдістемелік мәселелер бойынша білімді жүйелеуге, қорытындылауға, кеңейтуге көмектеседі.