Зерттеу объектісі: кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу процесі.
Зерттеу пәні:кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің формалары, әдістері және құралдары.
Проблема: кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу формалары, әдістері және құралдарының қайсысы тиімдірек.
Зерттеу гипотезасы:кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің тиімділігіне мына жағдайларда қол жеткізуге болады: қоршаған адамдардың адамгершілік бейнесі және олардың беделге иеленуі, баламен қарым-қатынас жасаудың ізгіліктік сипаты; қазіргі талаптарға сәйкес адамгершілік тәрбиесінің міндеттерін жүзеге асыруға мұғалімнің даярлығы; мектепте адамгершілік-хұқықтық орта және қарым-қатынас стилін орнату.