Дәрістің тақырыбы: Қазіргі оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие технологиялары



бет1/3
Дата06.02.2022
өлшемі23,98 Kb.
#77411
  1   2   3

Дәрістің тақырыбы: Қазіргі оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие технологиялары.
Дәрістің мақсаты: Білім алушыларды тәрбие технологиясының міндеттері, ерекшеліктері және сипаттамасымен таныстыру.
Дәрістің жоспары:
1.Тәрбие технологиясы ұғымы, міндеттері.
2.Тәрбие технологиясының ерекшеліктері.
3.Педагогикалық технологиялардың классификациясы. Тәрбие технологияларының сипаттамасы
Технология дегеніміз өнім алу үшін оған керекті материалдарды өңдеу әдістері және өнім шығаруға керекті жүйелі процесс
«Технология» -латын сөздерінен құралған «techne» -өнер, шеберлік және «logos» ғылым,ілім. Технология деп, әдетте , алдын ала берілген қасиеттері бар өнім алу мақсатында, бастапқы материалды өңдеу үрдісін айтады. Кез - келген технологияның (өндірістік, әлеуметтік) негізгі бөлігі - түпкі нәтижені мұқият анықтау және оған қалай да жету.
Процестің жобасы жақсы болса, шығарылатын өнімнің қандай болатындығы анықталса, оны жасау құралдары белгіленсе, жағдай жасалса, онда өндірістік және әлеуметтік саладағы процестер «технология» деген атауға ие болады.
Технологияның артықшылықтары. Әдістемеге қарағанда технологияның артықшылықтары көп:
- Біріншіден технологияда түпкі нәтиже дәл анықталады. Дәстүрлі педагогикада мақсатқа жету жолдары анық болмайды. Технологияда мақсат негізгі болғандықтан оны дәл анықтауға мүмкіндік бар.
- Екіншіден мақсат сүйеніп қойылғандықтан, оған жету үшін істелетін жұмыстардың нәтижесі объективтік әдістер арқылы тексеріледі.
-Үшіншіден мұғалім дайындықсыз оқыту процесін жүзеге асыра алмайды.
-Төртіншіден әдістемеде сабақ жоспарлары – тәрбиешінің жоспары, оқыту процесінде жұмыс істейтін тәрбиеші. Ал технологияда балалардың оқу іс – әрекетінің түрлері және мазмұны көрсетілген жоба жасалады. Әдістеме бойынша әр тәрбиеші сабақ жоспарын өзінше тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технолгияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? Білім оқыту мен тәрбие деген анықтамаға сүйенсек, онда болмайды. Оқыту мақсаты – баланы болашақтағы мамандығына керекті іс - әрекет тәсілдеріне үйрету. Баланың оқу материалын қалай меңгергенін оңай тексеруге болады. Олай болса оқытуда технологияны қолдану әбден мүмкін. жасайды, демек сабақта балалардың іс - әрекеті де түрліше ұйымдастырылады.
Өндірістік және әлеуметтік технологиялардың айырмашылықта. Технологиялар өндірістік және әлеуметтік деп екіге бөлінеді. Өндірістікке табиғи шикі заттарды(мұнай, ағаш т. б.) өңдеу технологиясы немесе одан алынған өнімдер жатады.
Әлеуметтік технологияда адаммен жұмыс істеліп, оның басты бір немесе бірнеше қасиеттері өзгертіледі. Әлеуметтік технологияға оқушыларды оқыту технологиясын жатқызуға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан көп айырмашылығы бар.
Басты айырмашылығы өндірістік технологияның нақты жүйелі операциялардан тұруында. Бір жерде өзгеріс болса, іс – қимылдардың орындары алмастырылып, нәтижені төмендейді.
Әлеуметтік технологияда түрлі шараларды іріктеу жақсы нәтиженің кепілі емес, себебі адамға одан басқа да жағдайлар әсер етеді. Сондықтан әлеуметтік технологияға нақты іріктеліп процестердің жүйесі деп анықтама беруге болмайды. Әлеуметтік технологияда кері байланыс орасан зор роль атқарады. Мұғалім оқушылардың дайындық деңгейлерін қайта - қайта тексеріп, оқу материалын меңгермейтіндермен қосымша жұмыс істеп, стандартты меңгертеді. Сонымен біз жаңа материалды түсіндіру мен бекітудің қайталанатындығын байқаймыз. Бірақ балалардың бәрі емес, тек оқу материалын шала түсінгендер ғана қайталайды.
Балалар дұрыс түсінбеген тақырыптар да қайталайды.
Сонымен әлеуметтік технология әдістеменің кемшіліктерін түзете алады. Әлеуметтік технологияны ұйымдастыру және жүзеге асыру өндірістік технологияға қарағанда қиындау. Бірақ екі технология негізінен бір - біріне жақын. Екеуі де технологияны ұйымдастырушыға белгілі өнім береді. Сондықтан «Әлеуметтік технология» ұғымын «Өндірістік технология» ұғымымен қатар қолдануға болады. Әлеуметтік технологияның өндірістік технологиядан айырмашылығы оның жүйесінің онша қатаң еместігі, кері байланыстың (нашар жерді анықтау және сол жерде қосымша жұмыстар істеу) болуында.
«Педагогикалық технология» термині тура аударғанда педагогикалық өнер, шеберлік туралы ілім деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық технологияның мақсаттары. Қазіргі мектептің ірі кемшілігі мақсаттың жалпылама қойылуы. Түпкі мақсат адамды жан - жақты және үйлесімді дамыту. Жақсы ұсыныс, бірақ әлде де мағынасы дұрыс ашылмаған. Мақсаттың оқыту мазмұнын іріктеуге, педагогикалық процесті құруға ықпалы әлі де жеткіліксіз.
Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп «Мақсатқа жеттік пе?»- деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада «диагностика арқылы анықталған мақсат» дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет