Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет101/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Үлестірмелі материалдар. кестелер, слайдтар, муляждар, планшеттер.
Бақылау сұрақтары (кері байланысы):
1.Қолтық асты артериясы, топографиясы, тармақтары облысы қанайналымы.
2.Иық артериясы, топография, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету салалары.
3.Шыбық артериясы, топографиясы, тармақтары, қанмен қамтамасыз ету салалары.
4.Шынтақ артериясы, топографиясы, тармақтары облысы қанайналымы.
Негізгі әдебиеттер.
Қазақ тілінде: негізгі:
1. Рақышев, А. Р. Адам денесі. 3 томдық. Т.1. Сүйектер туралы ілім. – М.:ГЭОТАРМедиа,2014
2. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 1 - кітап: оқу құралы /. - Алматы : Эверо, 2016. - 292 бет. с.
3. Кузенбаева, Ә. О. Адам анатомиясы. 2- кітап : оқу құралы . - Алматы : Эверо, 2016. - 248 бет. с.
4. Досаев Т.М. Адам анатомиясы.-Ақ-Нұр, 2013
5. Адам анатомиясы : оқулық - Алматы : ЖК "Ақнұр", 2013.
Қосымша әдебиеттер.
1. Жұмабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Досаев Т.М. ж.т.б. Адам анатомиясы, атлас. І,ІІ том. Астана: «Фолиант», 2005.
34 Тақырып. Жоғарғы қуысты вена жүйесі. Оның қалыптасу кездері, топографиясы.
Мақсаты: Студенттерді жоғарғы қуыс кӛктамырдың қалыптасуы мен топографиясын атауға, табуға, кӛрсетуге үйрету. Ішкі, сыртқы және алдыңғы яремалық веналар жүйесі.
Дәріс жоспары:
1. Жоғарғы қуыс венасы 
2. Жұпсыз вена
3.Жоғарғы қуыс вена жүйесі
Дәріс тезистері.
Барлық веналық қан мүше денелерінен оң, веналық, жүрек жартысына екі ірі веналық сабау арқылы жоғарғы және төменгі қуыс веналарға барады. Тек жүректің меншікті веналары тікелей оң жақ жүрекшеге, қуысты веналарды жанай құйылады.
Жоғарғы қуыс венасы (vena cava superior; сурет 197) — қысқа тамыр, диаметрі 20-25 м, ұзындығы 5-8 см, 1-ші оң жақ және сол жақ иық бас веналарының қосылуынан пайда болады. Венада қақпақтар жоқ, екінші қабырғааралықтардың артымен төмен жүріп үшінші қабырғаның жоғарғы деңгейіне дейін төмен түсіп, жүректің оң жақ құлақшасы артында орналасып, оң жақ жүрекшеге құяды. Венаның алдында қалқанша без бен — өкпеқаппен қапталған оң жақ өкпе бар. Оң жағында медиастеналдіөкпеқап, сол жағында -қолқаның жоғары көтерілетін бөлімі орналасқан. Арт жағында оң жақ өкпенің түбірімен жанасады. Жоғарғы қуыс венасының негізгі сабауына көкірекаралықтың, жүрек жанындағы қапшығының, сонымен қатар тақ веналары құяды. Соңғысы оң жақ жоғарылайтын бел венасының (v.lumbalisascendens) жалғасы болып табылады, ол сол жақ жоғарлайтын вена жартылай жұпсыз венаның түбірі болып табылады.
Жұпсыз вена төменгі көкірекаралыққа омыртқа жотасының көкірек бөлімінің оң жақ алдыңғы қабырға бетімен өтеді, өңештің артында IV-V көкірек омыртқалары деңгейінде жұпсыз оң жақ өкпенің түбірінің артынан бойлайды, төмен және тік бағытталып жоғарғы қуыс венаға келіп құяды. Жұпсыз венаға құяды: 1) өңеш веналары (w.esophageus); 2) бронхиалды веналар (w.bronchialis); 3) сырткықабырғаралық веналар IV-XI (w.intercostalesposteriores); 4) жартылай жұпсыз вена (v. hemiarygos).
Жартылай жұпсыз вена көкірек бөліміне келіп, омыртқа жотасының сол жақ қабырғалық беті бойымен жоғары көтеріліп, кейін кесіп өтіп және XIII көкірек омыртқасы деңгейінде жұпсыз венаға құяды. Жартылай жұпсыз вена қабылдайды: 1) көкірекаралық веналар (w.mediastinales); 2) өңеш веналары (w.oesophageales); 3) IV-VI артқы қабырғааралық веналар (w.intercostalesposteriores); 4) қосымша жұпсыз вена (v. hemiarygosaccessoria) соңғысы сол жақтың III-IV жоғарғы қабырғааралық веналардан құралады, сонымен қатар өңештік және көкірекаралық веналардан.
Артқы қабырғааралық веналар көкірек қуысының қабырғаларынан және бөлшектеп алдыңғы құрсақ қабырғасы бөлігінен қан жинайды: А) омыртқааралық вена (v.intervertebralis) сыртқы және ішкі омыртқалық веналық өрімнен құралады. Б) жұлын тармағы (r.dorsalis), арқа бұлшықеттері мен терісінен қан жинайды. Омыртқааралық веналар омыртқа өзегінің ішіңде орналасады, үлкен шүйде тесігінен жоғары және сегізкөздің ұшынан төмен орналасады. Жұлыннан, оның түбіршектері мен омыртқаның кезекті затынан қан жинайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет