Дәрістік кешен пән: жкп 05 Анатомия және физиология Мамандығы



бет102/152
Дата13.12.2022
өлшемі434,65 Kb.
#162453
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   152
Байланысты:
дәрістік кешен ФАП-1

Жоғарғы қуыс вена жүйесі
Жоғарғы қуыс вена жүйесі тамырлар арқылы құралады, олар веналық қанды бастан, мойыннан, қол аймағынан, көкірек және іш қуыстарының мүшелері мен қабырғаларынан жинайды. Бас және мойын мүшелерінің негізгі веналық коллекторы болып ішкі мойындырық венасы және аздап сыртқы мойындырық венасы болып табылады.
Сыртқы мойыңдырық венасы (v.jugularis externa) төс — бұғана -емізіктәрізді бұлшықеттің алдыңғы жиегінде төменгі жақсүйектің бұрышы деңгейінде, құлақ қалқаны түбіңде, екі веналық сабаудын қосылуынан: артқы құлақ венасы (v.auricularisposterior) және сыртқы мойындырық венасы мен төменгі жақсүйек венасы (v.retromandibularis) арасындағы ірі анастомоздан құралады. Төменгі мойындырық венасы өзінің бастауынан төмен түсіп, теріасты мойын бұлшықеті астында орналасады. Бұғанадан жоғары өзінің мойын шандырынан өтіп бұғанаасты венасына құяды.
Сыртқы мойындырық венасының қақпақтары бар сыртқы мойындырық веналарына келесі веналар құяды: 1. артқы құлақ венасы (v.auricularisposterior) құлақ қалқанының артында орналасқан беткей өрімінен қан жинайды; 2. жауырынүсті венасы (v. suprascapularis) аттас артериясын екі сабау ретінде жанында жүреді, кейін қосылып бір сабауға айналып сыртқы мойындырық венасының соңғы бөліміне барып құяды. Мойын аймағының аттас бөліміне теріден қан қабылдайды; 3) мойынның көлденең веналары (w.transverseacervicis) мойының бұлшықеттері мен терісінен қан жинайды; 4) аддыңғымойындырық венасы (v.jugularisanterior) жұп венасының тері веналарынан құралады, сол жерден төмендеп мойынның ортаңғы сызығы жанына барады.
Көкіректің мойындырық тілігі үстінде мойындырық веналары әдетте бір-бірімен жақсы дамыған анастамоз — мойындырық вена доғасы (arcusvenosusjugularis) арқылы байланысады. Кейін алдыңғы мойындырық венасы сыртқа қарай ауытқып және төс-бұғана-емізіктәрізді бұлшықеттің артынан өтіп, сыртқы мойындырық венасы бұғанаастылық венасына құйылады. Кейде алдыңғы мойындырық веналары қосылып мойынның ортаңғы венасын құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   152




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет