Дәрістік кешен тақырып экономика негіздері пәні мен әдістері. Мақсаты



бет27/61
Дата03.02.2023
өлшемі474,58 Kb.
#167318
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61
Байланысты:
дәрістер

Орташа тұрақты шығындар – өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы тұрақты шығындар және ол жалпы тұрақты шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:

АFС = FС / Q.


  1. Орташа өзгермелі шығындар – өнімнің бір бірлігін өндіруге жұмсалған жалпы өзгермелі шығындар және ол жалпы өзгермелі шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады:

АVС = VС / Q

  1. Табыс – бұл фирманың өнімнің белгілі бір көлемін сатудан түскен жалпы түсімі. Жалпы түсім нарықтағы тауардың бағасына және өткізілетін өнімнің көлеміне тәуелді болып табылады. Алайда, фирманың табыстарын пайдамен шатастыруға болмайды.

Фирма табыстарының негізгі үш түрі болады:

  1. Жалпы табыс – тауардың бағасы мен өнім көлемінің көбейтіндісі.

TR = P×Q
Мұнда, TR (total revenue) – жалпы табыс; Р (price) – тауардың бағасы;
Q (quant) – өнім көлемі.

  1. Орташа табыс – өнімнің бір бірлігін сатудан түскен түсім және ол жалпы табыстың өнім көлеміне қатынасы ретінде анықталады:

AR = TR / Q.


Мұнда, AR (average revenue) – орташа табыс.

  1. Шекті табыс – өнімнің келесі бір бірлігін сатудан түскен қосымша түсім және ол жалпы табыс өзгерісінің өнім көлемінің өзгерісіне қатынасы ретінде анықталады:

MR = ∆ TR / ∆Q.


Мұнда, МR (marginal revenue) – шекті табыс.
Жетілген бәсеке жағдайында фирманың жалпы табысы өнім көлемі өскен сайын арта береді. Ал орташа табыс пен шекті табыс бір- біріне тең болады және олар жетілген бәсеке жағдайында өндірілген өнімге деген сұраныспен анықталады. Жетілген бәсекеде біртекті өнім шығаратын фирма нарықтағы қалыптасқан бағаға әсер ете алмағандықтан оның орташа табысы мен шекті табысы тауардың бағасына тең болады.
Жетілмеген бәсеке жағдайында монополист, олигополист және монополистік бәсекелес фирмалар нарықтағы қалыптасқан бағаға әсер ете алғандықтан өнімнің бағасын шекті табыстан жоғары етіп тағайындайды және сол арқылы үстеме пайда алу мүмкіндігіне ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет