МАҚСАТЫ: сұраныс пен ұсыныс теориясын, икемділіктің мәнін жан-жақты талқылау.
ҚАРАСТЫРЫЛАТЫН СҰРАҚТАР:
Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер етуші жағдайлар.
Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер ететін жағдайлар.
Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы. Нарық тепе-теңдігі.
Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті. Сұранымның баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі.
НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР: сұраныс, сұраныс детерминанттары, сұраныс заңы, ұсыныс, ұсыныс детерминанттары, ұсыныс заңы, нарықтық тепе-теңдік, тепе-теңдік баға, тепе-теңдік көлем, артықшылық, тапшылық, икемділік, икемділік коэффициенті, сұраныс икемділігі, ұсыныс икемділігі, сұраныстың баға бойынша икемділігі, сұраныстың табыс бойынша икемділігі, сұраныстың қиылысқан икемділігі, т.б.
1. Осы аталған рыноктың механизмдерінің негізгісі болып сұраныс, ұсыныс және баға табылады.
Сұраныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы анықталған тауарларды тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі немесе адамдардың бір нәрсе үшін ақы төлеуге қабілеттілігі мен тілегін білдіреді. Сұраныс пен баға арасындағы кері қатынасты сұраныс заңы қарастырады.
Сұраныс заңы:
А) баға мен сатып алынатын тауар санының арасындағы кері байланысты көрсетеді;
ә) сол тауарға деген сұраныстың бірте-бірте азаюы.
Сұраныс қисығы дегеніміз – белгілі уақыт аралығында әртүрлі бағамен тұтынушылардың сатып алуға дайын экономикалық игіліктер санын көрсететін қисық.
Сұраныс қисығы
Сұраныс деңгейінің өзгеруі – басқа шарттар өзгеріссіз болған уақыттағы тауар бағасының өзгеруі нәтижесінде белгілі бір уақытта тұтынушылардың сатып алатын тауарларының саныдағы өзгеріс болып табылады.
Сұраныстың өзгерістері
Сұраныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруі нәтижесінде сатып алушылардың сатып алатын тауарларының санындағы өзгерістер.
Сұраныс деңгейінің өзгеруінің негізгі факторлары баға болып табылады, ал сұраныстың өзгерун қамтамасыз ететін бағалық емес факторлар болып табылады.
Сұраныс деңгейінің өзгеруі сұраныс қисығын өз бойында жылжытады, ал сұраныстың өзінің өзгеруі сұраныс қисығының орнын бір жерден екінші жерге ауыстырады.
Сұраныс көлеміне әсер ететін факторлар 2-ге бөлінеді:
а) бағалық факторлар; Тауар бағасының төмендеуі сұраныс деңгейін жоғарлатады, ал бағаның өсуі сұраныс деңгейін төмендетеді
ә) бағалық емес факторлар.
Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторларға жататындар:
Тұрғындардың ақшалай табыстары;
Тұтынушылар құрылымының өзгеруі;
Тұтынушының талғамы мен талғауы;
Жинақталған мүлік;
Нарық көлемі, яғни бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын тауарлар көлемі;
Сатудан кейінгі көрсетілетін сервистік қызмет.
Егер рынокта сұраныс азайса, онда тауар бағасы төмендейді, ұсыныс көлемі азаяды.
2. Ұсыныс дегеніміз- белгілі уақыт ішінде бағасы қойылған тауарларды нарыққа шығару немесе рынокқа сату үшін шығарылған өнімдердің түрлі саны. Тауарларды ұсыну мен баға арасындағы тура қатынасты ұсыныс заңы қарастырады. Ұсыныс заңы баға мен ұсыныстың бір бағытта өзгеруін көрсетеді.
Ұсыныс деңгейінің өзгеруі дегеніміз – басқа шарттардың өзгеріссіз болған уақытындағы тауар бағасындағы өзгерістің нәтижесінде өндірушілердің сатуға мүмкіндігі және тілегін көрсететін тауарлар санындағы өзгеріс.
Ұсыныстың өзгеруі дегеніміз – бағалық емес факторлардың өзгеруіне байланысты өндірушілердің сатуға тілегі бар тауарлар санының өзгеруі.
Ұсыныс қисығы дегеніміз – нақты уақыт кезінде әртүрлі бағада өндірушілердің сатуға дайын экономикалық игіліктерінің санын көрсететін қисық.
Ұсыныс көлеміне де 2 фактор әсерін тигізеді:
а) баға;
ә) бағалық емес фактрлар.
P бағалар
S
P2
Pc
P1
S
Q тауарлар мөлшері (саны)
0 Q1 Qc Q2
Достарыңызбен бөлісу: |