Еселі қатынас заңы. - Еселі қатынас заңы.
- Кейбір элементтер қосылысқанда бір ғана емес, бірнеше қосылыс түзеді. Демек, бұл қосылыстарда ол элементтердің салмақ мөлшері де әр түрлі қатынаста болады. Мысалы, сутек пен оттек екі қосылыс — су және сутектің пероксидін (Н2О2) түзеді. Мыс оттекпен екі қосылыс - қара түсті СuО және қызыл түсті Сu2О түзеді.
Сутек пен оттекті қосылыстарында сутектің бір салмақ бөлігіне оттектің қосылып тұрған салмақ бөліктерінің біреуі екіншісінен (пероксидте - судағыдан) екі есе артық 8:16=1:2. Осы сияқты Сu пен О2 де екі түрлі оксидтерде оттектің бірдей салмақ бөліктері еселі қатынаста болады. - Сутек пен оттекті қосылыстарында сутектің бір салмақ бөлігіне оттектің қосылып тұрған салмақ бөліктерінің біреуі екіншісінен (пероксидте - судағыдан) екі есе артық 8:16=1:2. Осы сияқты Сu пен О2 де екі түрлі оксидтерде оттектің бірдей салмақ бөліктері еселі қатынаста болады.
- 32:64=1:2
- Осы жағдайларды зерттеп Дальтон (1803ж.) қорытынды жасаған: екі элемент бір — бірімен бірнеше қосылыс түзетін болса, ол қосылыстарда, сол элементтердің біреуінің бірдей етіп алынған салмақ бөлігіне екіншісінің сай келетін салмақ бөліктерінің өзара қатынасы, кішкене бүтін сандар қатынасындай болады. Бұл еселі қатынас заңы деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |