ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс



бет3/6
Дата25.12.2016
өлшемі1,18 Mb.
#4548
1   2   3   4   5   6

3.4 Қазақтың ұлттық музыкасы


Қазақтың ұлттық музыкасының ұзақ тарихи, өзіндік бай дәстүрі бар. Қазақ ұлттық өнерпаздары сан алуан. Олар: ақын, жырау, әнші, күйші, сал-сері, ертекші және күлдіргі сайқымазақтар.

Қазақта жиырма бестен астам музыкалық аспап бар. Оның ішінде: домбыра, қылқобыз, сыбызғы, дауылпаз, шертер, жетiген, сазсырнай, шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ және т.б. Домбырада немесе қобызда орындалатын музыкалық пьесаны «күй» деп атайды. Дәстүр бойынша, күй орындалатын суырып салма қиялынан туады. Әйтсе де ұрпақтан ұрпаққа тараған көптеген атақты күйлер де бар. Ең ежелгі күй Қорқыт Ата күйлері болып саналады. Ол бұдан 1200 жыл бұрын дүниеге келген.

Атақты халық композиторларының бірі ретінде Құрманғазыны айтуға болады. Ол өзіндік мәнері жағынан жетілген, 60-тан астам күйлер шығарған. Құрманғазының шығармашылығы мен жеке тұлғасы халықтың сүйіспеншілігіне бөленді.

Аспапты музыкаға өз шығармашылығымен ең үлкен үлес қосқан – Тәттімбет Қазанғапұлы. Ол күйші-композитор ретінде даңқы шыққан, домбыраға тамаша күйлер шығарып, әрі шебер орындаушылығымен ерекшеленген. Сарымалай сазына арналған классикалық күйлер шығарып, оның өте тамаша орындаушысы болған.

Композитор Дүкенұлы Ықылас қобыз классикасының дамуына үлкен ықпал жасаған. Оның әкесі мен атасы өте дарынды қобызшылар еді. Ықылас алдыңғы қобызшылар еді. Ықылас алдыңғы ата-бабасының өнерін қабылдап қана қоймай, оны одан әрі өркендете білді. Өзге көрнекті композиторлар мен орындаушылар: Нұрпейіс келіні Дина, Біржан Қожағұлов, Ақан-сері Қорамсаұлы, Зілғара Қаратоқаұлы, Күлту Сармұратов. Мұхит Мералиев т.б. Қазақ даласында айтысты ақындардың жарысы деп санаған.

Мына сөздерді есте сақтаңыздар:


Сайқымазақ – әжуалап көңіл көтеретін адам

Сал-сері – әнші-күйші бозбала, сылқым жігіт

Аңыздар – халықтың қиялынан туған таңғажайып оқиға, әңгіме

Шертер – үш ішекті шертіп ойналатын аспап

Жетіген – жеті ішекті шертіп ойналатын аспап

Сазсырнай – алты тесікті үрлеп ойнайтын аспап

Шаңқобыз – сілкіп ойнайтын аспап

Даңғыратерімен қапталған, ұрып ойналатын аспап

Асатаяқ – сопақ темір теңгешелермен шығырықталған және өрнектелген, ұрып ойналатын аспап

Қылқобыз – қос ішекті, ысқышпен ойналатын аспап

Сыбызғы – үрлеп ойналатын аспап

Дауылпазұрып ойнайтын аспап

Сырнай (саз сырнай) – үрлеп ойнайтын аспап
Сұрақ-тапсырмалар


  1. «Музыка» сөзі қай тілден енген ?

  2. Қазақтың атақты әншілері мен күйшілері туралы не

білесіздер?

  1. Қазақ әндері туралы өз ой-пікірлеріңді ортаға салыңыздар.

  2. Қазақтың халық әндерінен қандай әндерді жатқа

білесіздер?

  1. Төмендегі мақал-мәтелдерді жаттап, мағынасын

түсіндіріңіздер.
Ән-жыр туралы:

  1. Ән – көңілдің ажары;

  2. Әшейінде ауыз жаппас,

Той дегенде ән таппас;

  1. Ән өмірді ұзартады;

  2. Өлең – сөздің патшасы;

  3. Ақын мен әнші адамзаттың бұлбұлы.



3.4.1 Айтыс

Айтыс - әдебиет жанры болғанымен ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Айтыстың түрлері де көп. Айтыс ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы.

3.5 Қазақстан спорты


Қазақтың көптеген ұлттық спорт ойындары болған. Оның ішінде бәйге, көкпар, тоғызқұмалақ, қазақша күрес, жамбы және аударыспақ ойындары бар.

Қазақстанда 420 спорт мектептері жұмыс істеп, онда 165 мыңнан астам оқушы тәрбиеленеді. Тәуелсіз Қазақстан 1994 жылы Дүниежүзілік Олимпиада комитетінің мүшесі болды. Осы уақыттан бастап, қазақстандық спортшылар әр түрлі халықаралық жарыстарда өте жақсы көрсеткіштерге жетті. Біздің команда қысқы Наганода өткен олимпиядалық ойында 100 команда арасынан 11-ші орынды жеңіп алды. Атлантада біз 6-шы орынды иелендік. Мұның бәрі біздің қиыншылықтарға қарамастан жеткен жетістіктеріміз. Әсіресе, Атлантада Кубалықтардан кейін 2-ші орынды жеңіп алған боксшыларымызды ерекше атап кеткен жөн.

Президент Н.Назарбаевтың бастамасымен тамыз айында Қазақстанда жарияланған халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылына 1998 арналған тарихта тұңғыш рет бүкіл Қазақстандық ұлттық спорт ойындарының түрлері өтті. Енді Қазақстанның барлық облыстарының спортшылары өздерінің шеберліктерін, батылдықтары мен күштерін көрсетуге мүмкіндіктері бар.
Мына сөздерді есте сақтаңыздар:

бәйге қазақ халқының дәстүрлі ат жарысы

көкпар бауыздаған ту серке не ешкіні, екі жікке бөлініп, ат үстінде тартысатын ұлттық ойын

тоғызқұмалақ құмалақ салатын он сегіз отауы, екі қазаны бар қазақтың есепке баулитын ұлттық ойыны

қазақша күрес белбеуден ұстап, аяқтан шалып күресетін ұлттық ойын

жамбы биік бағанадағы жамбыны ат үстінен мергендікпен ататын спорт ойыны

аударыспақ қазақ халқының ат үстінде тартысып ойнайтын спорт ойыны
Сұрақ-тапсырмалар


  1. Қазақтың ұлттық ойындары туралы не білесіз?

  2. Қазақстан қазіргі кезде спорттың қай түрлеріне ниет

танытты?

  1. Қажымұқан, Балуан Шолақ, Жақсылық Үшкемпіров,

Серік Қонақбаев сынды тұлғалардың есімдері сізге таныс па? Олар жайлы не білесіз?

  1. Қазақстанның жас спортшылары туралы не білесіз?

  2. Өзің спорттың қай түрімен айналысасың немесе қай түрі

сені қызықтырады?

  1. Мәтінен жалқы есім мен жалпы есімдерді табыңыз.

  2. Басқа тілден енген сөздерді тауып, түсіндіріңіз.


Батырлық, қайсарлық туралы:

1) Ер жігіт елі үшін туады,

Елі үшін өледі.

2) Батыл болсаң батыр да боласың.

3) Жүрек – ер, бас – кемеңгер.

4) Ер есімі ел есінде

5) Дұшпанға тастай қатты бол,

Досыңа балдай тәтті бол.



Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
buuk -> Мамандық «Аспаптық орындау» мамандығы бойынша күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлердің тәжірибе жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау Павлодар бекітемін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет