ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс



бет5/6
Дата25.12.2016
өлшемі1,18 Mb.
#4548
1   2   3   4   5   6

3.10 Астана


Астана қоныс тепкен мекеннің негізі 1830 жылы қаланған. Ол киелі Сарыарқа даласының төсінде, көшпелілердің ежелгі өркениеті осынан бастау алған.

Астана – Қазақстанның астанасы және Ақмола облысының орталығы. Бұл жер Сәкен Сейфулин мен Мағжан Жұмабаевтардың туған мекені.

1832 – 1961 жылдар аралығында қала Ақмола қаласы болып аталды, ал КСРО-да тың және тыңайған жерлерді көтергенде, Целиноград қаласы болып өзгертілді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, астананы көшіру шешімі қабылданды. Сөйтіп Қазақстанда жаңа Астана пайда болды. Қаланың аты жаңаша – Астана деп аталды.

Астанада тоқыма, жеңіл жене баспа өнеркәсібі өте жақсы дамыған. Көптеген университеттер, институттар, колледждер бар.

Астана Қазақстанның саяси өмірінің орталығы. Мұнда Президент, Парламент жене Үкімет орналасқан.

Астана – алып құрылыстар қаласы. Қысқа мерзімнің ішінде мұнда Үкімет ғимарттары, «Континенталь» қонақ үйі салынып, орталық көшелер қайта жаңаланды. XXI ғасырда Астана әлемдегі ең сұлу, гүлденген астаналардың біріне айналмақ.



Мына сөздерді есте сақтаңыздар:

киелі – киесі бар, қасиетті

өркениетті – белгілі бір қоғамдық-саяси құрылыс кезіндегі және материалдық мәдениеттің даму сатысы

тың – бұрын жыртылып айдалмаған, егістікке пайдаланбаған жер

тоқыма – мата тоқу ісімен шұғылданатын кәсіпорын, мекеме

жеңіл өнеркәсіп – халық тұтынатын көпшілікқолды заттарды өндіретін кәсіпорын

алып (құрылыс) – атақты үлкен құрылыс
Сұрақ-тапсырмалар


  1. Қазіргі Астана туралы не білесіздер? Ойларыңызды ортаға

салыңыздар.

  1. Мәтіннің әр сөйлеміне сұрақ қойыңыз, оған жауап беру

арқылы мәтінді мазмұндауға тырысыңыз.

  1. Мәтіннен ілік септік+тәуелдік жалғаулы сөз тіркестерін

теріп жазып, осы типті 10 тіркес ойлап табыңыз.

Мысалы: оқырман билеті, кітаптың беті, үйдің есігі, т.б.


3.11 Павлодар

Павлодар – Қазақстанның солтүстік-шығысында, Ертіс өзенінің оң жағында орналасқан. Х-ХІ ғасырларда осы өлкеде кимектердің қалалары және астанасы болған. Кимек атты қаған сол жерде билік жүргізген. Беріде қаланың іргетасы 1720 жылы Коряковский қамалы деген атпен қаланды. Қазақтар арасында Тұзкент, Тұзқала атауларымен белгілі. Павлодар 1861 жылы қала, ал 1938 жылдан бері облыс орталығына айналады.

Облыс жері негізінен ойдым-ойдым жазықты келеді. Тек оңтүстік-батыс жағы көтеріңкі, Сарыарқаның Қызылтау және Баянауыл тауларына ұласады. Биік жерлері – Әулие (1055 м.), және Ақбет (1026 м.). Павлодардың жер қойнауы көмірге бай (Екібастұз). Мұнда түсті және сирек металдар, ас тұзы өндіріледі.

Қалада машина жасау, түсті металлургия, мұнай айыру, металл өңдеу, құрылыс материалдары, тамақ және жеңіл өнеркәсіп орындары бар. Маңызды кәсіпорындары: Павлодар трактор зауыты, Павлодар аллюминий зауыты.

Жазы ыстық, қуаң, қысы ұзақ, суық және боранды.

Баянауыл – Павлодар облысындағы жаратылыстан қаймағы бұзылмаған қастерлі мекен. Табиғаттың ерекшелігі әсем таулары мен көлдерімен, аңызды жерлерімен көз тартады. Адамдардың жанына саялы демалыс орындарымен әйгілі.


Мына сөздерді есте сақтаңыздар:

қаған – ертедегі түркі қағанаттарының басшыларына берілетін ең үлкен атақ, хандардың ханы

билік жүргізді – әмірін өткізді

іргетас – үйдің қабырғасының астына қиыршықтас араластырып құятын цемент негіз

қамал – қорғаныс, бекініс

қуаң – жауын-шашынсыз, құрғақ

саялы – салқыны мол, көлеңкелі
Сұрақ-тапсырмалар


  1. Өзіңіздің туып-өскен жеріңіз туралы әңгімелеп беріңіз.

  2. Сіз туып-өскен жеріңіздің атауы немен байланысты? Бұл

жерден қандай құрметті азаматтар шыққан?

  1. Баянауыл жерінен шыққан белгілі ғалымдар, қоғам

қайраткерлері туралы не білесіздер?

  1. Мәтіннен сын есімдерді тауып, мағынасына қарай

ажыратыңыз.

  1. «Қаймағы бұзылмаған», «көз тарады» деген тіркестерді

қалай түсінесіз?
Ел, жер туралы:

  1. Ел іші – алтын бесік;

  2. Туған жердің жуасы да тәтті;

  3. Әркімнің өз жері – жұмақ;

  4. Ел-елдің бәрі жақсы,

Өз елің бәрінен де жақсы;

  1. Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

3.12 Өз-өзіңді тексер

1) «Атамекен» сөзінің синонимін тап.

А) Отан;

Ә) Өнер;


Б) Ұрпақ;

В) Мәдениет.

2) Қазақстан тәуелсіздігін қашан алды?

А) 1986 жылы;

Ә) 1991 жылы;

Б) 1997 жылы;

В) 1998 жылы.

3) «Сал-сері» деп кімді атайды?

А) әжуалап көңіл көтеретін адам;

Ә) әнші-күйші, сылқым жігіт;

Б) той өткізетін адам;

В) ел басқарушы адам.

4) Қазақстан Республикасының ұлттық ақшасы нешінші жылы пайдалануға енгізілді?

А) 1990 жылы;

Ә) 1991 жылы;

Б) 1992 жылы;

В) 1993 жылы.

5) Астана қаласының салтанатты тұсаукесері қашан боды?

А) 1995 жылы;

Ә) 1996 жылы;

Б) 1997 жылы;

В) 1998 жылы.

6) Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне нешінші жылы ие болды?

А) 1986 жылы;

Ә) 1987 жылы;

Б) 1988 жылы;

В) 1989 жылы.

7) Павлодар Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?

А) оңтүстік бөлігінде;

Ә) орталық бөлігінде;

Б) солтүстік бөлігінде;

В) шығыс бөлігінде.

8) «Тоғызқұмалақ» қандай ойын?

А) ту серке не ешкіні, екі жікке бөлініп, ат үстінде тартысатын ұлттық ойын;

Ә) құмалақ салатын он сегіз отауы, екі қазаны бар қазақтың есепке баулитын ұлттық ойын;

Б) қазақ халқының ат үстінде тартысып ойнайтын ойыны;

В) биік бағанадағы жамбыны ат үстінен мергендікпен ататын ойыны.

9) Жетіген қандай музыкалық аспап?

А) үш ішекті шертіп ойналатын аспап;

Ә) жеті ішекті шертіп ойналатын аспап;

Б) алты тесікті үрлеп ойнайтын аспап;

В) сілкіп ойнайтын аспап.

10) «Кір жуып, кіндік кескен» тұрақты тіркесінің мәні неде?

А) білім алған орын;

Ә) ем-шара алған орын;

Б) туып-өскен жер;

В) той-домалақ өткізілетін жер.

4 Ойлан, тап
4.1 Берілген сөздерден тұрақты тіркес жаса

А) Аспан, жер, зат, ел – аузына қарату

Ә) Ойық, жарақ, сынық, жарық – сылтау

Б) Мақта, мата, пышақ, балта – бауыздау

В) Бүйрек, асқазан, ішек, бауыр – сілесі қату

Г) Биік, қысқа, терең, ұзын – құлақ


4.2 Берілген сөздер арқылы мақал-мәтел ойлап тап

А) Әңгіме, ойын, әзіл, өтірік – ата

Ә) Ар, ұят, ықылас, намыс – қамыс

Б) Рас, әзіл, өтірік, жалған – әділ

В) Менмендік, семіздік, тәкаппарлық, көкіректік – қой

Г) Қу, айлакер, батыр, қорқақ – көлеңке


4.3 Бір сөзбен қалай дейді?

1. Матаның жыртылған бөлшегі – /жыртыс/

2. Керексіз көп сөйлейтін адам – /мылжың/

3. Үйде тұрмай, қыдырып жүргенді ұнататын адам – /кезбе/

4. Ай десе аузы бар, күн десе көзі бар – /әдемі/

5. Жылқының желке майы – /жал/

6. Сәбидің төбесіндегі жұмсақ жер – /еңбек/

7. Ислам дінінің негізгі ереже, уағыздары жазылған діни кітап – /құран/

8. Ата-бабалары елге сыйлы, халыққа қадірлі болған жандар ұрпағы – /текті/

9. Жүз шақырымға дейін шабатын бәйге – /аламан/

10. Күтпеген жерде пайда болған көлденең табыс – /олжа/

11. Меккеге барып келген діндар – /қажы/

12. Қолдың саусақтарын жымдастыра бүккендегі алақан аясының іші – /уыс/

13. Сауда жасауға арналған көлік тізбегі – /керуен/

14. Мұсылмандардың құдайға бағыштап күніне бес рет оқитын дұғасы – /намаз/

15. Қымыз ашытқысы – /қор/

16. Қонаққа барған адамдардың алып келетін дәмі, тағамы – /сарқыт/

17. Қыста сойылатын малдың еті – /соғым/

18. Қиял-ғажайып ертегілерде, эпостарда кездесетін қанатты тұлпар – /пырақ/

19. Таудың ұшар басы, биік жері – /шың/

20. Құда-құдағиларға киім-кешек түрінде берілетін сыйлық – /киіт/
4.4 Бір сөзден бірнеше сөз жаса

(Әркім өзінің атын, жер-су атауларын мысал ретінде алуға болады)

Мысалы: Тоғызқұмалақ: тоғыз, құм, лақ, ақ, мал, ала, оғыз, тұз, ұл, том, қалақ, құз, құл, қала, қол, тоқ, ақымақ, ұзақ, тымақ, замат, ыза, олақ, амал, ұғым, ық, оқ, ұқ, от, озық, ол, ұмыт, қыз, қыл, зыт, тұқым, т.б. (35 сөз)

5 Біліп жүрген жөн
5.1 Қазақ халқының туыстық атаулары

Баба – арғы ата, үлкен ата

Ата – әкесінің әкесі, бергі ата

Әже – әкенің шешесі, үлкен әже

Әке – өзінің туған әкесі

Ана – өзінің туған шешесі

Аға – өзінен үлкен ер бала

Әпке – өзінен үлкен қыз бала

Қарындас – өзінен кіші қыз бала

Іні – өзінен кіші ер бала

Сіңлі – әпкеден кейінгі қыз бала

Ағайын – бауырлас, аталас адамдар

Нағашы – шешесінің туыстары

Қайын жұрт – әйелінің немесе күйеуінің туыстары

Жеңге – ағаның әйелі

Жезде - әпкенің күйеуі

Келін – інісінің әйелі

Күйеу бала – сіңлінің күйеуі

Жиен – тұрмысқа шыққан әпкеден не қарындастан туған бала

Жиеншар – жиеннен туған бала

Бөле – шешенің апасы не сіңлісінің ұл-қыздары

Балдыз – әйелінің інісі не сіңлісі

Бажа – әйелінің әпкесінің не сіңлісінің күйеуі

Абысын – қайын ағасының әйелі

Ажын – қайын інісінің әйелі

Құда – күйеу мен қалыңдықтың аталары мен әкелері, аға-інілері мен туған-туысқандары

Құдағи – қарама-қарсы жақтың әжелері, шешелері, апалары

Құдаша – қарама-қарсы жақтың сіңлілері

Бел құда – туылмаған (белдегі) балаға ниет қылысқан

құдалар


Бесік құда – бала туылған кезден ниеттескен құдалар

Қарсы құда – ұлы мен қызын бесіктегі кезінде атастырған құдалар

Бас құда – бір-бірімен қыз алысып, қыз беріскен қат-қабат құдалар

Жанама құда – екі жақты сөзін сөйлер құдалар (Бас құданың жанына еріп келген жора-жолдастары)

Бауыздау құда – мал бауыздағанда бата берген құда

Немере – ата-ананың ұлынан туған бала

Шөбере – немереден туған бала

Шөпшек – шөбереден туған бала

Немене – шөпшектен туған бала

Туажат – неменеден туған бала

Жүрежат – туажаттан туған бала

Жегжат – жүрежаттан туған бала


5.2 Адамға байланысты атаулар:

Сәби – 1-5 жас аралығындағы әлі ес біле қойматын бала

Бозбала – жасы 14-16-ға толған жасөспірім жігіттер

Жігіт – кәмелетке толған ер азамат

Бойдақ – үйленбеген ер адам

Ержеткен – кәмелетке толған ер бала

Бойжеткен – кәмелетке толған қыз бала

Келіншек – тұрмысқа шыққан жас әйел

Жар – әйелінің күйеуі

Дос – сырлас адамдар

Жолдас – сапарлас, барар бағыты бір адамдар

Тамыр – екі ұлттың өкілі немесе ер адамдар бір-бірімен дос,

сыйлас болып, алыс-беріс жасасатын, құрмет тұтатын адамдар

Құрбы – жастары шамалас адамдар

Құрдас – бір жылғы туған адамдар

Жекжат – туыстығы жоқ сыйлас адам

Шал – жасы жеткен, қартайған ер адам

Кемпір – жасы жеткен, қартайған ана

Ақсақал – ақ сақалды, құрметті адам

Кейуана – бір ғасыр жасаған ана

Көрші – өзімен қатар тұратын отбасы

Абыз – білгір, көреген адам

Айдауыл – тұтқынды айдап жүруші

Асаба – той-домалақтың басшысы

Атшабар – хабаршы, шабарман

Бек – ру мен тайпаның басшысы

Жалшы – жұмысқа жалданатын адам

Бай – дәулетті адам

Би – дау-жанжалға бітім айтып, төрелік жасаушы, ел ішінде

әділ қазы, ру басы

Төре – әділдік, төрелік, билік айтушы

Хан – феодалдық дәуірдегі кейбір түрік және моңғол

халықтарында болған ел билеуші шонжар, қожа

Мырза – қолы ашық, жомарт адам

Бикеш – әйелді құрметтеп атау

Сал-сері – әнші-күйші бозбала, сылқым жігіт

Молда – құранды, діни ғибадатты жақсы білетін дін адамы

Кедей – күн көріс, тұрмысы нашар, байлығы жоқ адам


5.3 Қасиетті сандар

Бір құдірет

Сегіз мың ғаламды жаратушы жалғыз – Алла



Екі арыс

Адам Ата мен Хауа Ана



Үш байлық (Ел, жер, тіл)

Бірінші байлық – денсаулық

Екінші байлық – ақжаулық

Үшінші байлық – бес саулық



Үш дана

Абай. Шоқан. Ыбырай.



Үш қуат

Ақыл. Жүрек. Тіл.



Үш дауасыз

Мінез. Кәрілік. Ажал.



Төрт құбыла

Шығыс. Оңтүстік. Батыс. Солтүстік.



Төрт маусым

Көктем. Жаз. Күз. Қыс.



Төрт түлік

Түйе. Жылқы. Сиыр. Қой мен ешкі.



Бес парыз

Құдайға құлшылық ету.

Намаз оқу.

Ораза тұту.

Садақа беру.

Қажылыққа бару.



Бес намаз

Таң намазы.

Бесін намазы.

Екінді намазы.

Ақшам намазы.

Жашиық намазы.



Бес қару

Садақ. Мылтық. Найза. Қылыш. Айбалта.



Бес жаратылыс

Күн. Ай. Жер. Адам. Табиғат.



Алты игілік

Денсаулық. Қазына. Дос. Әйел (жар). Білім. Бала.



Жеті қазына

Ер жігіт. Сұлу әйел. Ақыл-білім. Жүйрік ат. Қыран бүркіт. Берен мылтық. Жүйрік тазы (ит).



Жеті жұт

Құрғақшылық. Жұт (мал қырылу). Өрт. Оба (ауру). Соғыс. Топан су. Зілзала (жер сілкіну).



Жеті ата

Бала. Әке. Ата. Арғы ата. Баба. Түп ата. Тек ата.



Жеті күн

Бүгін. Ертең. Бүрсігүні. Арғы күн. Қасиетті күн. Соңғы күн. Азына.



Түнеукүні – бірнеше күн бұрын.
5.4 Жыл он екі ай

5.4.1 Жыл мезгілдерінің атаулары

Жазғытұры (Көктем) – наурыз, көкек, мамыр

Жаз – маусым, шілде, тамыз

Күз – қыркүйек, қазан, қараша

Қыс – желтоқсан, қаңтар, ақпан

5.4.2 Тәулік мезгілдерінің атаулары

Күн шығар алдындағы мезгіл атаулары (таң, таңертең)

Алагеуім, алагөбе – таңертеңгі мезгілде айналаның әлі

жарықтанбай, сәл ғана бозғылт тартқан кезі



Құланиек, құлан сәрі – таң жаңа сыз беріп ата бастаған кез.

Таң сәрі – жерге жарық түсе бастаған кез.

5.4.3 Күн көкжиектен көтерілген мезгіл атаулары (сәске)

Сиыр сәске – күн арқан бойы көтерілген кез

Сәске түс – түске жақындаған мезгіл

Ұлы сәске – тал түске жақындаған мезгіл.

5.4.4 Күннің орта мезгілі атаулары (түс)

Тал (талма, тапа-тал) түс – күннің қатты ысыған кезі

Шаңқай түс – көлеңкенің әбден қысқарған кезі

5.4.5 Күн еңкейген мезгіл атаулары (бесін)

Ұлы бесін – бесін намазын оқитын кез, түс ауған шақ

Кіші бесін – ұлы бесін мен намаздыгер арасындағы мезгіл

Құлама бесін – күн еңкейген кез

Екінді – түс ауып, күн батуға жақындаған мезгіл, бесін мен

ақшам арасы



Намаздыгер – күн еңкейіп, ұясына кіруге таянған кез

5.4.6 Күн ұясына бата бастаған мезгіл атаулары (ақшам, ымырт)

Алагеуім – күн ала көлең, ұясына бата бастаған кез

Кеугім, кеуім – қараңғы түсе бастаған кез, ымырт

Намазшам – кешкі намаз оқылатын кез

Кеш – ымырт жабылып, қас қарайған мезгіл.

5.4.7 Түн мезгілі атаулары

Түн – тәуліктің кештен таңертеңгі уақытқа дейінгі аралығы

Іңір – күн батып, қас қарайған шақ

Қызыл іңір – қас қарайып, түн болған кез

Жарым түн – түннің ортасы
5.5 Өлшем атаулары

5.5.1 Саусақ өлшемдерінің атаулары

Елі – саусақтың көлденең қалыңдығы, ені

Тұтам – бес саусақпен тұтқандағы көлемге шамалас, бес еліге

тең ұзындық өлшемі



Сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың аралығымен өлшенетін

өлшем


Сынық сүйем – сұқ саусақтың буыны бүгіліп барып

белгіленетін өлшем. Бір сүйемнің ¾ бөлігі



Қарыс сүйем – бас бармақ пен ортан саусақтың аралық

мөлшері


Сере – сұқ саусақ пен шынашақтың аралық мөлшері

Қарыс – бас бармақ пен шынашақтың аралық мөлшері

Кере қарыс – бас бармақ пен шынашақтың кере созылғандағы

аралық мөлшері.



5.5.2 Саусақпен өлшенетін сыйымдылық атаулары

Шымшым – ұсақ затты бас бармақ пен сұқ саусақтың қысып

алғандағы өлшемі



Шөкім – ұсақ затты үш саусақтың ұшымен қысып алғандағы

өлшемі


Бір уыс – қол саусақтарын жұмдастыра бүккендегі өлшем

Қос уыс – қос қолдың саусақтарын бірге жымдастыра

бүккендегі өлшем



5.5.3 Қол өлшемдерінің атаулары

Білем – саусақтың ұшы мен қолдың бірінші буынының аралығы

Шынтақ – қолдың басы мен шынтақ аралығы

Қолтық (кез) – қолдың басы мен қолтықтың аралығы

Құлаш – иық деңгейінде созылған екі қол ұшының арасы

Кере (сала) құлаш – иық деңгейінде кере созылған екі қол

ұшының арасы



5.5.4 Аяқ өлшемдерінің атаулары

Табан – аяқтың өкшесі мен башпайдың ұшының аралығы

Адым (қадам) – жүру кезіндегі екі аяқтың аралық қашықтығы

Аттам – екі аяқты кере созғандағы қашықтық

5.5.5 Қашықтық өлшемдерін білдіретін тұрақты тіркестер

(«Жақын» деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері)

Бір аттам жер

Бөрік тастам жер

Иек артпа жер

Қозы көген жер

Қол созым жер

Қырық қадам

Тас лақтырым жер

Таяқ тастам жер

Сідік шаптырым жер

Ат жетер жер

Ат шаптырым жер

Аяқ жетер жер

Әудем жер

Қозы көш жер

Сәскелік жер



5.5.6 «Алыс» деген мағынада айтылатын қашықтық өлшемдері

Айшылық жер

Ит өлген жер

Қырық күншілік жер



5.5.7 Тереңдік өлшем атаулары

(Аам бойына байланысты тереңдік өлшемдері)

Тобыққа дейін

Тізе бойы

Белуар бойы

Кіндік бойы

Кісі бойы



5.5.8 Ауырлық өлшем атаулары

Мысқал – 5 грамға жуық ауырлық өлшемі

Қадақ – 400 грамға жуық ауырлық өлшемі

Пұт – 16 килограмға жуық ауырлық өлшемі

Қап – 4 пұтқа жуық ауырлық өлшемі

Батпан – 10 пұтқа жуық ауырлық өлшемі

6 Сөздік:
Ағын су – течение

Адалбақан – вешалка в юрте

Ажал – смерть

Азап – мучение

Алғашқы қадам – первый шаг

Алтын адам – Золотой человек

Апат – бедствие , крушение

Арсыз – бесстыдный; бессовестный

Аруақ – дух предков

Асқар тау – вершина, пик

Асыл – благородный, драгоценный

Атамекен – земля дедов, земля предков.



Әдет-ғұрып – обычаи, обряды

Байлау – привязать

Бақан – шест для шанырака

Бау – веревка

Бәтуаласу – договорится

Безу – избегать, убегать

Бесiк жыры – колыбельная песня

Беташар – песня, которую пели, когда снимали с лица невесты желек (шелковая ткань) знакомя ее с родственниками мужа

Билік – власть

Биязылық – вежливость

Бой – битва

Болыс – уст. Волость

Босаға – порог

Бөлшек – часть

Бұлақ – родник


Біздің заманымыздан бұрынғы до нашей эры


Бірлік – единство

Бірнеше сұраулар – несколько вопросов

Бiржолата – навсегда

Ғайып – небытие, отсутствие

Дау-жанжал – ссора

Дауластық – спорились

Дәуір –эпоха

Дерт – болезнь



Елшi – посол

Есептеген – считалось

Есік – деревянная дверь

Етек – подол



Жасау-жабдық – внутренняя домашняя обстановка (приданое)

Жауынгер – воин; боец


Жаю – установить

Жең – рукава

Жетім – сирота

Жұбату – утешать; успокоить

Жұмбақ – загадка

Жұрт – пер. страна

Жүйрік тұлпар – скакун

Жүк – домашние вещи



Зиян – ущерб, вред

Кәрі қойдың жасындай на склоне лет


Келіссөз – договор

Кен – ископаемые, руда

Кереге – раздвижная решетчатая основа

Керуен – караван


Кескін – очертание (лица)


Кесір – вред; зло

Көпес – купец

Көрімдік – подарок при показе невесты

Күзеу – место для стрижки

Күнбатыс – запад

Күнгей – юг /оңтүстiк/

Күнтiзбе – календарь

Күншығыс – восток

Күншілік – расстояние

Қағида – правила

Қайғы – печаль

Қайта – снова

Қайын жұрт – родня жены по отношению к мужу и наоборот

Қалыңдық – невеста

Қара жер –

Қария – старик

Қирату – разрушать

Қисаю – покоситься

Қурай – тростник, курай

Құда-құдағи – сватья

Құдық – колодец

Құлақ – ухо

Құран – куран

Құтмекен – пер. счастливое мест.

Қырғын – уничтожение

Қыруар – масса, множество

Қыстау – зимовка



Лашық – лачужка

Мемлекет – государство

Молда – мулла

Мөр – печь для распарки дерева

Мүсін – фигура


Мүшел жас – исчисление возраста человека

Нағашы – родств. по линии матери

Намаз – молитва

Наразы болу – быть недовольным

Насихат – пропоганда

Нәресте – младенец

Негіз – основа

Немере – внук

Несібе – доля, судьба

Нұр – луч

Оқ – пулья

Оңай – легко

Отау иесі – хозяин очага

Отау үй – юрта для молодых

Ошақ – очаг, тренога для чайника

Өкпелі жігіт – обидчивый жигит

Өктемсіп – напористность; диктаторство

Өкiл – представитель, уполномоченный

Өңiр – окрестность

Өтірік – ложь

Өрмек – плетенка

Өру – плести

Пара-пар – равно

Парыз – долг

Перде – занавеска

Періште – ангел

Пырақ – фольк.: сказочный конь

Пысық – шустрый



Разы болу – быть довольным

Рахаттану – наслаждаться

Рухани – духовный

Рұқсат етіңіз – здесь: дать разрешение



Саба – бурдюк (мешок на шкуре лошади, в котором готовится и

содержится кумыс)

Салт – традиция

Салу – положить

Сарқыт – гостинец

Саспастан – не растеря

Саудагер – купец

Саулық – овцематка

Соғым – скот, предназначенный на (зимний) убой

Соқыр – слепой

Сорпа – бульон

Сумақай – любитель поболтать, распростронять слухи

Сүндет той – праздник обрезания

Сыбаға – причитающаяся доля, часть (чего-л.)

Сыңсу – причитать, плакать причитая (о плаче невесты)

Сіңiру – (здесь) трудиться (в поте лица)



Таз – плешь, пешивый

Тал – ива

Таңу – привязать

Тапқырлық – находчивость

Таратушы – распространитель

Тентек – озорной

Тер – пот

Терек – тополь

Терiстiк – север

Тозу – износиться; обветшать

Төз – станок для выпрямления

Туырлық – кошмовое покрытие для основания

Тұздық – приправа; соус

Тұсау кесу – разрезание путь

Түндiк – покрытие для шанырака

Түстену – обедать

Тіреледі – опирается

Уық – купольные жерди

Ұлтабар – сычуг

Ұстау – (здесь) продолжать



Үзiк – покрытие для купола

Үйдің сүйегі – основные костяки юрты



Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
buuk -> Мамандық «Аспаптық орындау» мамандығы бойынша күндіз және сырттай оқитын тәлімгерлердің тәжірибе жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау Павлодар бекітемін


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет