Дәстүрден тыс сурет салу технологиясы Тәжімова Гүлнар Теміржанқызы


Дәстүрден тыс, бейнелеу өнерінен ұйымдастырылған іс-әрекет жоспары



бет3/6
Дата09.08.2017
өлшемі1,41 Mb.
#23271
1   2   3   4   5   6

Дәстүрден тыс, бейнелеу өнерінен ұйымдастырылған іс-әрекет жоспары

/Ортаңғы топ /

Білім саласы : Шығармашылық

Ұйымдастырылған ісәрекеті Жапсыру мен сурет іс-әрекеті /ұжымдық жұмыс\

Тақырыбы:« Дала құстары» «Құстар жем салғышқа ұшып келді»

Мақсаты: 1Бірнеше бөліктен тұратын құс бейнесін ,умаждалған қағаздан бейнелеп жапсыруды, ұсақ бөліктерінфломастермен бейнелеуді үйрету.

2 Сөздік қоры мен ұсақ қол моторикасын дамыту. Есте сақтау қабілетін жетілдіру.

3. Дала құстарына деген қамқорлық сезіміге тәрбиелеу .Ұқыптылыққа , тазалыққа тәрбиелеу

Алдын ала жүргізілетін жұмыс: Кітаптар мен көрнекі иллюстрациялық жабдықтардан құс тар, жемсаларды қарап тамашалау . Пішіндерден бейнелер қүрап жаттығу.Дала құстарының тіршілігі жайлы әңгімелеу, таныстыру.

Әдіс-тәсілдер:Түсіндіру көрсету. Сұрақ-жауап, тосын сәт « Торғайға көмек» . Саусақ, қол жаттығуы. .

Көрнекті құралдар: Жапсыру құрал-жабдықтары.: альбом , түсті жұмсақ қағаздар . Жем салғыш бейнеленген үлкен қағаз, салфетка , құс ұясы жапсырма суреті, бейнесі. « Дала құстары»,дыбыстық сурет слайды, . Үлгі : Жемсалғыштағы торғай

Іс - әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық ынталандырушылық

Тренинг: «Жылулық шеңбері»

« Бұл қандай дала құсы?» слайд көрсету.

Мақсаты. Балалардың көріп қабылдауын жетілдіре отырып дала құстарының атауын, дене құрылысын, дыбыстауларын еске түсіру жаңғырту.

-Балалар қараңдаршы мына суреттегі қандай дала құстарын көріп тұрсыңдар ? Балалардан дала құстарының атын атап, түсін,пішінін біртіндеп сұрайды.

-Мынау не? Дыбысын шығарып тыңдатады.

- Ол қалай дыбыс шығарады? /слайдты көрсету, тыңдату/

Қане бәріміз : -Шиқ!»Шиқ!-деп дыбыс шығарайық.

-Мынау не?

Бұл көгершін

- Ол қалай дыбыс шығарады

Мынау не?

- Ол қалай дыбыс шығарады

Педагог бұдан кейін қараторғай ,қарға. көкек үйрек ,қаз , суреттерін көрсетіп, дыбыстарын тыңдатып көрсетеді Сыртқы құрлысын, пішінін, қоректенуін айтып сұрайдыСаусақ қол жаттығуы: «Құстар»

Мақсаты: Қол басының қимылын дамыту.Ересек адамдардың қимылына еліктеуге, сөйлеу тілін түсіне білуге жаттықтыру.



Құс қанат қағады,

Құс жерге қонды.

Құстарға жем шашамыз,

Құстар жем шоқиды.

Тосын сәт :Жемсалғыштағы торғай бейнесін алып келіп көрсетіп , бүгін жұмсақ қағаздан торғай бейнесін умаждалған қағаздан жапсыратындықтарын айтып түсіндіреді.

Педагог: Балалар мына торғайды қараңдаршы жалғыз , өзі жемсалғышқа келіпті . Жалғыз жүрген жақсы ма? Сендердің достарың бар ма? Бұл торғайға да көп достар тауып берейік.

Балалар сендер қағаздардан әр түрлі заттарды жапсырып үйреніп жатырсыңдар, қане торғайларды қағаздан умаждап жапсырайық

Жұмыс бастамас бұрын педагог балалардан торғайдың үйшігі қандай пішіндерден құралған қарап, талдап шығады.


Балалар үй құстарының , атын атап, түсін түстейді.

-Мынау торғай

-Шиқ!»Шиқ!-деп дыбыс шығарады

-Шиқ!»Шиқ!

Бұл көгершін

-Ол :-Гур!Гур!-деп дыбыс шығарады.

Бұл қарға

-Ол: Қарқ! Қарқ! Деп дыбыс шығарады

Қолды білектен айқастыру

Алақандарын біріктіру

Саусақтарын қосып, саусақ ұшын қозғау

Саусақ ұшын біріктіру, үстелді тықылдату





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет