Дезинфекция, дезинсекция, дератизация жүргізу қағидалары


Жуғыш ерітіндіні дайындау



бет4/4
Дата08.10.2023
өлшемі33,78 Kb.
#184170
1   2   3   4
Байланысты:
Дезинфекция

Жуғыш ерітіндіні дайындау
1. 5 грамм Лотос ұнтағы.т.б.
2. 27,5% -17 мл сутегінің асқын тотығы.
3. 978 мл су.
Жуғыш ерітіндіні 20-25˚С жылытамыз.

ЛИЗОФОРМИН ЕРІТІНДІСІН ДАЙЫНДАУ ҮШІН
0,5% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 40мл лизоформин;
1% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 80мл лизоформин;
2% лизоформин дайындау үшін 8л суға 160 мл лизофрмин;
3% лизоформин дайындау үшін 8 л суға 240 мл лизоформин.
Лизоформин сұйық көгілдір түсті пластмасс ыдыста шығарылады. Суда жақсы ериді. Сулы ерітінділері көгілдір және мөлдір, хош иісті болады. Дайындалған ерітіндінің сақталу мерзімі 14 күннен артық болмауы керек. Түсі өзгергеніне қарай ауыстырылып отырады.
ХЛОРАМИН ЕРІТІНДІЛЕРІ
Тура пайдалану алдында қолданылады;
0,5% дайындау үшін 1 л суға 0,5г хлорамин;
1% дайындау үшін 1 л суға 10 г хлорамин;
2% дайындау үшін 1 л суға 20 г хлорамин;
3% дайындау үшін 1л суға 30 г хлорамин.

Зарарсыздандырушы негізгі заттардың сипаттамасы


Хлорамин Б – суда ериді, 50-60˚С жылытылған ерітіндісінің зарарсыздандыру әсері күшті. Медициналық заттарды зарарсыздандыру, ошақты және алдын алу зарарсыздау үшін (ішек таяқшалары, вирустар, туберкулез қоздырғышы, саңырауқұлақтар) қолданылады.

Приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 29 июля 2022 года № ҚР ДСМ-68. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 1 августа 2022 года № 28977
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 29 шiлдедегi № ҚР ДСМ-68 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 1 тамызда № 28977 болып тіркелді.

"Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы




1) антисептика – емдеуді қамтамасыз ету және инфекциялық процестің дамуының алдын алу мақсатында пациенттің терісіндегі, сілемейлі қабықшаларындағы, жаралар мен қуыстардағы ықтимал қауіпті микроорганизмдердің өмір сүруіне бөгет жасау немесе жою тәсілдерінің жиынтығы;
2) асептика – операция, емдеу және диагностикалық емшаралар кезінде инфекция қоздырғыштарының пациенттің терісіне, жарасына және қуыстарға түсуінің алдын алуға бағытталған тәсілдердің жиынтығы;
Дәрігерлердің барлық қабылдау кабинеттерінде, палаталарда, қосалқы үй-жайларда (персонал, шаруашылық мейіргері, лас киім-кешекті жинау бөлмесі, санитариялық бөлмелер, санитариялық тораптар) суық және ыстық су өткізілген раковинаны орнату көзделеді.
 Ағымдағы ылғалды дезинфекция жасалатын, ылғалды жұмыс режимі бар денсаулық сақтау объектілерінің үй-жайларында (операциялық, таңып-байлау, босандыру, операция алды, наркоз беретін, емшара, манипуляциялық, егу кабинеттері, микобактериялары көптеген дәрілерге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған стационардың үй-жайлары, қақырық жинау бөлмесі, сондай-ақ ванна, себезгі бөлмелері, санитариялық тораптар, клизма жасайтын, лас киім-кешекті сақтауға және сұрыптауға арналған үй-жайлар, хирургиялық бейіндегі үй-жайлар) ішкі әрлеу үшін ылғалға төзімді материал пайдаланылады.
Ана мен баланы қорғау ұйымдарында, хирургиялық және инфекциялық стационарларда әрбір бөлімшеге кіреберісте қолды өңдеу үшін антисептик бар шынтақ дозаторлары орнатылады.
Үй-жайларды ылғалды жинау (еденді, жиһазды, жабдықты, терезе алдын, есіктерді) Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген жуу және дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып, тәулігіне кемінде екі рет, операциялық бөлмелерде операциялар арасында жүргізіледі.
Бөлімшелерде лас киім-кешектерді уақытша сақтау (он екі сағаттан асырмай) санитариялық бөлмелерде, осы мақсат үшін арнайы бөлінген үй-жайларда жууға және дезинфекциялауға жеңіл (металл, пластмасса бөшкелер) жабық ыдыста жүзеге асырылады. Лас киім-кешектермен жұмыс істеу үшін персонал ауыстырылатын санитариялық киіммен қамтамасыз етіледі.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет