«Дезинфекция, дезинсекция мен дератизацияны ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық


-тарау. Дезинсекцияны ұйымдастыру және жүргізу



бет4/23
Дата29.09.2023
өлшемі148,42 Kb.
#183045
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
!

4-тарау. Дезинсекцияны ұйымдастыру және жүргізу

84. Дезинсекция өндірістік, тұрғын үй-жайларда, ғимараттарда, құрылыстарда, көлікте, қалалық және ауылдық мекен аумақтарында, оған іргелес ашық табиғат аумақтарында, су қоймаларын қоса алғанда, сондай-ақ синантропты буынаяқтылар мен кеміргіштер мекендейтін жерлерде жүргізіледі.


85. Қансорғыш жәндіктерге қарсы күресу үшін келесі дезинсекция түрлері қолданылады:

  1. экологиялық – олардың көбеюін ескерту үшін қоршаған ортаның тиісті санитариялық жағдайын ұстау;

  2. гидротехникалық – батпақтануды құрғату, суару жүйелерін қайта құру;

  3. биологиялық – дернәсілқоректі балықтарды (ларвифагтар), бактериалды препараттарды қолдану;

  4. физикалық – мұнай өнімдерін, майларды және өзгелерді қолдану;

  5. химиялық – химиялық тәсілмен синтезделген заттарды қолдану.

86. Жәндіктерге және басқа буынаяқтыларға қарсы дезинсекциялық өңдеудің (химиялық әдісі) үш түрі қолданылады:

  1. жаппай өңдеу – жәндіктердің нысаналы түрлері орналасқан барлық үй-жайларда және оларға іргелес аумақтарда жүргізіледі;

  2. кедергілік өңдеу – белгілі бір аумақтың айналасына қорғаныш аймақтарын құру.

3) микроошақтық өңдеу – инфекциялық аурулардың ошағындағы және оған іргелес аумақты дезинсекциялау.
87.Инсектицидті ауқымды қолдану алдында оны жергілікті жағдайда ең төменгі, бірақ дозалау әсерін қамтамасыз ететін өңдеу мақсатында алдын ала (жартылай өндірістік) сынау жүргізіледі, өйткені бір аудан үшін қолайлы препараттар мен дозалау басқа жерде үнемі жарай қоймайды.
88. Жергілікті жағдайлар ерекшеліктері мен энтомологиялық мониторинг деректерін негізге ала отырып профилактикалық өңдеулерді өткізу мерзімі анықталады. Жәндіктерге қарсы (тарақан, шыбындар, құмырсқалар, қандалалар, бүргелер, биттер) өңдеулер еселігі объектілердің қоныстануына байланысты жүргізіледі; шыбындар мен масаларға қарсы күрес (су басқан, ылғалды, дымқыл жертөле үй-жайларда, жер асты суларының жоғары деңгейінде, кәріз желілеріндегі апаттық жағдайлар кезінде) авариялық үй-жайларда және демалыс аймақтарында санитарлық-эпидемиологиялық және энтомологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.
Дезинсекциялау іс-шараларының еселігі тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтану және азық-түлік сауда объектілерінде айына 1 рет жүргізіледі, балалар мекемелерінде, денсаулық сақтау объектілерінде, коммуналдық мақсаттағы объектілерде жылына 4-тен 12 рет және көрсеткіштер бойынша.
89. Өңдеу қызметін бастау үшін су айдындарында 2-ші жастағы дернәсілдердің және 3-жастағы алғашқы дернәсілдердің жаппай пайда болуы көрсеткіш болып табылады. Еселігі дернәсілдер мөлшерінің қалпына келу санымен және олардың белсенділігі кезеңімен анықталады.
90. Безгек масалары дернәсілдерін жою жөніндегі іс-шаралар безгектің жаңаруының 1-ші қауіптілік дәрежесіндегі елді мекендер аумағында, сондай-ақ олардың айналасында 3-5 километр радиуста орналасқан барлық анофелогенді су қоймаларында жүргізіледі.
91. Ашық аумақтарда шыбын-шіркейлердің экзофильді түрлеріне, компоненттеріне қарсы өңдеуді жүргізу кезінде жағалау маңындағы барлық су қоймаларына, қорғалатын объект (елді мекен, көп ұжымының жұмыс істеу орны), сонымен қатар оның айналасындағы (қорғаныш аймағы) жаппай көбею орындарында деларвация жүргізіледі. Қорғаныш аймағының ені ландшафтқа, аумақтың өсімдіктермен өсуіне, шыбын-шіркейдің ұшу қашықтығына байланысты радиусы 1-ден 6 километрге (бұдан әрі - км) дейін және одан да көп болады.
92. Шыбын-шіркейге қарсы өңдеулер орта жастағы дернәсілдердің пайда болуы кезінде жүргізіледі. Шыбын-шіркей бір генерациядан өтетін жерлерде бір маусымда 1-2 өңдеумен шектеледі; генерация екі және одан көп болғанда - 4 және одан да көп өңдеу жүргізіледі. Өңдеуге жататын су қоймаларын тексеруді және энтомологиялық тексеруді 5-10 күнде бір рет жүргізеді.
93. Егер объекті ауданының кемінде 20 %-ында жекелеген жәндіктер мен олардың жиналуы анықталған болса, ғимараттарға (немесе жапсарлас салынған объектілерге) жәндіктердің орналасуы жоғары деңгейде деп есептеледі. Осы жағдайда үй-жайларға жаппай өңдеуді міндетті жүргізу керек.
94. Өңдеулердің тиімсіздігі анықталған жағдайда, олар орындаушының есебінен қайта жүргізіледі.
95. Масаларға қарсы өңдеу олар қыстақтан ұшуы алдында немесе алғашқы генерациясының ұшуы алдында тікелей жүргізіледі, жылытылатын жертөле үй-жайларында өңдеу жыл бойы жүргізіледі.
96. Шыбындарға қарсы күресте негізгі іс-шаралар олардың көбею орындарын өңдеу болып табылады. Шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарын жою үшін топырақ қоқысжинағыштардың, кәріз жүргізілмеген дәретханалардың, санитариялық-аула қондырғылар айналасындағы асфальт төселген алаңдардың, қи үйінділерінің жиегінен 30-50 см және одан 80 см-ге дейін артық қашықтықта ларвицидтермен өңделеді.
97. Жүйелі деларвациялық (шыбындардың дернәсілдері мен қуыршақтарына қарсы бағытталған) жұмыстар дернәсілдердің алғашқы жазғы генерациясының І және ІІ сатыларының пайда болуы кезінде көктемде басталады және ол жазғы кезең бойы жалғасады. Қоқыстағы, қидағы, топырақтағы шыбын дернәсілдері мен қуыршақтарын жою үшін инсектицидтер субстраттың тереңдігіне жақсы ену үшін ерітінділер, эмульсиялар түрінде қолданылады.
98. Ашық аумақтарда шыбын-шіркейлердің экзофильді түрлеріне, компоненттеріне қарсы өңдеуді жүргізу кезінде жағалау маңындағы барлық су қоймаларына, қорғалатын объект (елді мекен, көп ұжымының жұмыс істеу орны), сонымен қатар оның айналасындағы (қорғаныш аймағы) жаппай көбею орындарында деларвация жүргізіледі. Қорғаныш аймағының ені ландшафтқа, аумақтың өсімдіктермен өсуіне, шыбын-шіркейдің ұшу қашықтығына байланысты радиусы 1-ден 6 км-ге дейін және одан да көп болады.
99. Шыбындарға қарсы орындалған іс-шаралардың тиімділігін бағалау өлшемі шыбындардың бөлме және экзофильді түрлері санының маусымдық көрсеткіші болып табылады.
100. Шыбындар санын есепке алу олардың белсенділік кезеңінде 3-10 күнде бір рет тәулік ішінде жүргізіледі, үй-жайларда 20 шаршы метрге (бұдан әрі – м2) 1 жолақ есебімен жабысқақ жолақтар көмегімен, көбею орындарында торлы шыбынұстағышпен аулау көмегімен жүргізіледі. Тиімділік қанатты шыбындар болмаған кезде, (бір тәулікте) 1 стандарт жабысқақ қағазға орташа алғанда саны 1 данадан аспаған кезде қанағаттанарлық деп есептеледі. Кәріз жүргізілмеген жеке құрылыстар басым учаскелер мен ауылдық жерлер үшін – 3-5 данадан.
101. Іс-шаралардың тиімділігін айқындау қанатты шыбындардың, сондай-ақ көбею орындарындағы дернәсілдер мен қуыршақтардың санын есепке алу арқылы жүргізіледі. Елді мекендегі қызмет көрсететін объектілердің кемінде 5 %-ы есепке алынуға жатады.
102. Егер өңдеуден кейін барлық әдістермен бақылау жүргізу кезінде бір ай ішінде жәндіктер табылмаса, дезинсекциялық іс-шараларды жүргізу тоқтатылады.
103. Объектілерде масаларға қарсы дезинсекциялық іс-шаралардың тиімділігін бақылау пайдаланылатын дезқұралмен, өңделетін бетінің типімен айқындалатын мерзімде жүзеге асырылады. Есепке алу «ашық қол әдісімен» 20 минут ішінде жүргізіледі.
104. Дернәсілдерге қарсы іс-шаралар тиімділігінің негізгі көрсеткіші қорғалған объектілердегі қанатты масалардың саны болып табылады, масалардың дернәсілдері мен имагосын өңдеуден кейін 5-7 тәулік ішінде анықталуы жертөленің 1 м2 шаққанда қанатты масалардың 1 дарақтан аспауы тиіс.
105. Қорғаныш аймақтарын құру кезінде ашық аумақтарда, кеміргіштердің індерін өңдеуде жүргізілген гнустерге және кенелерге қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалау өлшемі дезинсекциялауға (деакаризациялауға) жататын аумақты 100 % қамтыған кезде өңдеуден кейін бір тәулік өткен соң жәндіктердің (кенелердің) кемінде 80 %-ы қырылуы болып табылады.
106. Жертөледегі масаларға қатысты дезинсекция тиімділігінің көрсеткіші сынамаларда тірі дернәсілдерді өңдегеннен кейін 3-5 тәулікте болмауы және қанатты масалардың орта есеппен 1 м2 шаққанда 1 дарағының болуы болып саналады.
107. Үй-жайларда бүргелерді жою жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезінде еденнің үстіне 10 м2-ге 2 қағаз есебімен жабысқақ қағаздар (20х30 сантиметр) пайданылады. Егер тәулік ішінде 1 қағазға екі бүргеден артық түспесе, жәндіктер «бірен-саран» болып есептеледі, 3-тен 10-ға дейін кездессе, – «бүрге көп», ал 10-нан артық бүрге кездессе, «бүрге өте көп» деп саналады.
108. Төсек қандалаларын жою жөніндегі іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезінде олардың неғұрлым болуы мүмкін жерлері қаралады, қарау нәтижелері мынадай болып жазылады: «бірен-саран жәндік», «жәндіктердің жиналуы» деген жазбалар, ал қандалалар болмаған жағдайда «жәндіктер анықталмады».
109. Педикулезге қарсы іс-шаралардың тиімділігін бағалау кезінде өңдеуден кейін жәндіктер мен сіркелердің мүлдем болмауы қанағаттанарлық көрсеткіш болып саналады.
5-тарау. Дератизацияны ұйымдастыру және жүргізу

110.Кенттік дератизациялау мынадай типтерге бөлінеді:


1) жаппай дератизациялау – елді мекеннің шегінде ашық тіршілік ету орындарын қоса алғанда, барлық елді мекеннің аумағында жылына 2 реттен сиретпей жүргізіледі;
2) ошақтық дератизациялау – инфекциялық аурулардың ошағындағы және оған іргелес аумақтағы дератизациялау. Таралуына кеміргіштер қатысуы мүмкін инфекциялық аурулар тіркелген кезде жүргізіледі;
3) іріктеп дератизациялау – жекелеген учаскелерде немесе құрылыстарда, негізінен эпидемиялық маңызы бар объектілерде: ет- және балық комбинаттарында, тоңазытқыштарда, элеваторларда, азық-түлік қоймаларында, емдеу және балалар мекемелерінде, мал шаруашылығы фермаларында кеміргіштерді жою қажет болған жағдайда жүргізіледі.
111.Дератизациялау улы қармақжемдерді қою, тозаңдату, газдау әдістерімен физикалық, механикалық, химиялық тәсілдермен жүргізіледі. Дератизациялау тәсілі мен әдісін таңдау өңделетін объектінің ерекшеліктерімен, нысаналы кеміргіштердің экологиясымен және дератизациялау құралдарының ерекшеліктерімен айқындалады.
112. Кедергілік дератизациялау кеміргіштер ең жоғары көші-қон белсенділігінің кезеңдерінде, ал ерекше эпидемиологиялық маңызы бар объектілерде - жыл бойы бақылау-жойғыш алаңдарын (БЖА) орналастыру жолымен аумақтың периметрі бойынша (20 метр (бұдан әрі-м) бойымен қоршау), құрылыстар (10 м бойымен қабаттар) және құрылыс салынбаған телімдерде (аптасына 1 БЖА-100 шаршы метр (бұдан әрі - шаршы м) жүргізіледі. БЖА-ны орналастыру адам үшін қауіпсіздігін ескере отырып жүзеге асырылуы тиіс.
113.Денсаулық сақтау ұйымдарының, балалар ұйымдарының, қоғамдық тамақтану, азық-түлік сауда объектілерінің құрылыстары мен аумақтарының барлық ауданы тоқсанына бір рет кеміргіштердің болуына тексеруге жатады.
114. Профилактикалық дератизациялау жұмыстарының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өңдеулердің белгілі бір жиілігін сақтау көзделеді. Егер пайдаланылатын препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықта өзгесі ұсынылмаса, онда үй-жайларды дератизациялау 2-3 айда 1 рет, аумақты дератизациялау жылына 4-6 рет жүргізіледі. Үй-жайларда кеміргіштер ұзақ уақыт болмаған кезде өңдеу жүргізілмейді, ал аумақты өңдеу саны екі есе қысқартылады. Үй-жайларда кеміргіштер саны жоғары болған кезде өңдеу еселігі айына 1 ретке дейін артады.
115. Азық-түлік саудасы, қоғамдық тамақтану объектілерінде, көкөніс сақтау қоймаларында, қоймаларда, тұрғын үй-жайларда және аула ішіндегі құрылыстарда уланған қармақжем дератизациялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықта көзделген қолдану режиміне сәйкес қойылады. Балаларға қолжетімді балалар ұйымдарының үй-жайларында улы қармақжемді қоюға жол берілмейді, ал кеміргіштерді жою тек механикалық әдістермен жүргізіледі.
116. Дератизациялау құралдарының сыртқы пішіні тамақ өнімдерінен, мал жемінен, үй заттарынан, дәрілік препараттардан айрықша ерекшеленеді. Қармақжемдердің тағамдық негізі ретінде адамдар қызығатындай ұнтақталмаған күнбағыс дәні және өзге де өнімдер пайдаланбайды. Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін кеміргіштерге арналған родентицидті қармақжемді ашық түске бояу қажет.
117. Ашық аумақтарда улы қармақжем адамдарға, үй жануарлары мен құстарға қолжетімсіз жерлерде жасырын ғана қойылады.
118. Қармақжемдерді дайындау жұмыстары арнайы жабдықталған үй-жайларда (зертханаларда) жүргізіледі және арнайы қоспалауыштарды қолданумен барынша механикаландырылуы тиіс. Улы қармақжемдерді дайындау және өлшеп-орау сорып-шығаратын жүйені қолдану және нақты дератизациялау құралдарына арналған тиісті нұсқаулықтарда көрсетілген қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жүргізіледі.
119. Ыдысқа салынбаған тамақ өнімдері бар үй-жайларда сусымалы (соның ішінде дәнді) улы қармақжемдерді қолдануға және дуст түріндегі дератизациялау құралдарын пайдалануға тыйым салынады.
120. Адамдар үнемі болатын үй-жайларда дератизациялау аяқталғаннан кейін уы бар қармақжемнің барлық қалдықтары кәдеге жарату мақсатында жиналады. Балалардың және үй жануарларының қолжетімсіз орындарында қармақжем қорғалатын объектіде кеміргіштердің қоныстануын болдырмау үшін қалдырылады.
121.Дератизация тиімділігіне мыналар арқылы қол жеткізіледі:
1) кеміргіштер қоныстанған барлық үй-жайларды жаппай өңдеу жүргізу үшін объектіде санитариялық күнді өткізу;
2) қармақжемді қолдану жөніндегі нұсқаулықта көзделген қармақжемді қою технологиясын сақтау;
3) қойма үй-жайларында дератизациялауды жүргізетін адамдар үшін ені кемінде 70 см қабырғалар бойымен өтетін құрылғылар арқылы қабырғаларға, бұрыштарға және техникалық жүйелерге тұрақты түрде кедергісіз жетуді қамтамасыз ету;
4) әртүрлі материалдарды сақтайтын барлық орындарда еденнен кемінде 15 см биіктікте тұратын стеллаждармен жабдықтау;
5) азық-түлікті және су қорын оларға кеміргіштердің кіру мүмкіндігін барынша қиындататын жағдайда сақтау;
6) профилактикалық өңдеу жүргізу үшін қармақжемді қойғанға дейін дератизациялауды жүргізетін адамдардың барлық үй-жайларға кедергісіз кіруін қамтамасыз ету;
7) ғимараттар мен үй-жайларға кеміргіштерді кіргізбеу қағидаларын сақтау;
8) барлық үй-жайлар мен оларға іргелес аумақты тұрақты тазалау және белгіленген мерзімде қоқысты шығару.
122. Елді мекенде жаппай дератизациялау жүргізген кезде бұл туралы оның тұрғындарына дератизацияның басталуына дейін 24 сағат қалғанда бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарланады.
123. Елді мекенді немесе оның бір бөлігін нөмірленетін және сызба картаға түсірілетін учаскелерге бөледі. Учаскенің көлемін жұмыс көлеміне қарай айқындайды. Әрбір учаске нақты дератизаторға бекітіледі.
124. Кеміргіштер мекендейтін құрылыстарды дератизатор айына екі рет немесе нақты жағдайларға байланысты одан да жиі аралайды. Дератизациялау тиімділігінің артуына қарай дератизатордың кеміргіштерден таза құрылыстарды тексеру жиілігі азаяды.
125. Синантропты кеміргіштерге қарсы күрестің неғұрлым тиімді әдістемесінің негізгі қағидаты кеміргіштер мекендейтін барлық жерде оларға қарсы күрес құралдарды қолдану және осы әсердің үздіксіздігі болып табылады.
126. Күресудің негізгі құралы ретінде антикоагулянттары бар ұзақ сақталатын қармақжемдерді, ал қатты әсер ететін уы бар қармақжемдерді кеміргіштер санының күздік шегіне жетуі және көктемде көбеюі кезінде жылына екі реттен жиі емес, сондай-ақ эпидкөрсеткіштер бойынша қолдану қажет.
127. Қыспаларды, қақпандарды және басқа да тұзақтарды дератизациялаудың қосымша әдісі ретінде жекелеген объектілерде қолдану ұсынылады.
128. Кеміргіштердің індерін және жүретін жолдарын тозаңдауға арналған уларды аз мөлшерде қолдану керек, себебі бұл тәсіл қоршаған ортаның пестицидтермен қатты ластануына әкеп соқтырады және өңдеу жүргізілген үй-жайда үнемі болатын адамдар үшін жүргізілетін жұмыстардың қауіптілігін арттырады.
129. Сапалы дератизация жүргізудің маңызды шарты улы қармақжемдерге кеміргіштерді қызықтыратын түрлі азық-түлік өнімдерін: ұнды, дәнді, жарманы, қантты, өсімдік майын; сирек жағдайда нанды, көкөністі, ет пен балық қалдықтарын пайдалану болып табылады.
130. Осы қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес жүргізілетін кеміргіштердің
131. Елді мекендегі дератизациялау кеміргіштердің кемінде 80 %-ы қырылған кезде тиімді болып танылады.
6-тарау. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызмет көрсетуші жеке және заңды тұлғаларға талаптар

132. Дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын өндіру жеке тұрған ғимаратта, әр түрлі үй-жайларда бөлек жүзеге асырылады, улы қармақжемдерді дайындау ғимараттың жеке оқшауланған үй-жайында жүргізіледі.


133. Өндіріс және қойма үй-жайлары беті жеңіл тазартылатын әрі залалсыздандырылатын тиісті технологиялық жабдықпен, стеллаждармен, сөрелермен, шкафтармен жабдықталады.
134. Өндірістік үй-жайларда еден үшін химиялық заттардың ықпал етуіне төзімді жабынды қолданылады. Құрылыстың қабырғалары, төбелері мен беттері үщін ылғалды тазалауға мүмкін болатын әрлеу көзделеді.
135. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация дайындау бойынша жұмыс істеуге арналған үй-жайлар су құбырымен, кәрізбен және жарықпен жабдықталады, онда ауаға құрамындағы родентицид затына мерзімдік бақылау жүргізіледі.
136. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарының жұмыс істеуге арналған ерітінділерін дайындау, оларды тозаңдау, дайындау, өлшеп-орау жұмыстары ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен жабдықталған арнайы үй-жайда міндетті түрде арнайы киімді (бұдан әрі - арнайы киім) және жеке қорғаныш құралдарын (костюмдерді, қолғаптарды, бас киімді, противогазды немесе респираторларды) пайдалана отырып жүргізіледі. Үй-жайларды өңдеу кезінде оператор әрбір 40 минут сайын 10-15 минутқа таза ауаға немесе өңделіп жатқан аймақтан тыс шығуға тиіс. Осы үй-жайларға бөтен адамдарға кіруге, өз киімдерін, тамақ өнімдерін сақтауға, тамақ ішуге, темекі тартуға болмайды.
137. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация құралдарын өндірумен айналысатын немесе дезинфекция, дезинсекция және дератизация қызметтерін көрсететін жеке және заңды тұлғалардың басшылары:
1) дезиинфекциялық қызметті жүзеге асыру процесінде өзіндік және қоғамдық қауіпсіздік шараларының сақталуын;
2) өндірістік бақылауды соның ішінде зертханалық зерттеулер мен сынақтарды өткізу арқылы жүзеге асыруды;
3) халыққа, халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомтствосының аумақтық бөлімшелеріне халықтың денсаулығына қауіп төндіретін апаттық жағдайлар немесе технологиялық процестердің бұзылуы туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
138. Қызметкерлерге арналған үй-жай себезгімен және санитариялық тораппен, арнайы және өз киімдерін бөлек сақтауға арналған шкафтармен жабдықталады, алғашқы медициналық жәрдем қобдишасымен және жеке қорғаныш әрі жеке бас гигиенасы құралдарымен жарақталады.
139. Дезқұралдарды сақтауға және беруге арналған зертхана мен үй-жайлар ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен қамтамасыз етіледі.
140. Арнайы киімді жуу, залалсыздандыру арнайы жабдықталған үй-жайда жүргізіледі, үйде және жұмыс орындарында жууға жол берілмейді.
141. Объектілерде дезинфекциялық, дезинсекциялық, дератизациялық іс-шаралар объекті әкімшісінің (тапсырыс берушінің) өкілі болғанда жүргізіледі. Өңдеуге жататын үй-жайдағы адамдарды іс-шаралардың жүргізілуі және тиісті сақтандыру шаралары туралы алдын ала хабардар ету қажет. Өңдеу жүргізілетін жерлерде өңдеуге қатысы жоқ адамдардың, сондай-ақ үй жануаларының болуына рұқсат етілмейді.

«Дезинфекция, дезинсекция мен


дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
1-қосымша

Дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарының қауіптілігін сыныптау Дезинфекция құралдарының қауіптілігін сыныптау


1-кесте


Қауіптілік сыныбы

Уыттың қатты әсер ету аймағы: қатты әсер ету деңгейінің шығын нормасына қатынасы

Қолданылуға ұсынылатын шарттар

1-сынып - өте қауіпті

1-ден кем

Экстремалды жағдайларда (эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша) арнайы костюмдерде және газқағарларда пайдаланылады

2-сынып – қауіптілігі жоғары

1-3

Тыныс алу органдарын, көзді, теріні қорғайтын құралдармен адамдар болмаған кезде пайдаланылады

3-сынып - қауіптілігі орташа

3, 1-10

Тыныс алу органдарын және көзді қорғайтын құралдарсыз, бірақ адамдар болмаған кезде пайдаланылады

4-сынып - қауіптілігі аз

10-нан артық

Қолдану аясын шектемей пайдаланылады

Дезинсекция құралдарының қауіптілігін сыныптау


2-кесте


Қауіптілік сыныбы

Биоцидті әсер ету аймағы

Дезинфекциялауда препараттарды қолдану мүмкіндігі және саласы туралы қорытынды

күшті

күштілігі аз

шығын нормасы

шығын нормасы

1-сынып - өте қауіпті

< 10

< 1

Пайдалануға ұсынылмайды

2-сынып - қауіптілігі жоғары

10-30

1-5

Регламенттелген қолдану шарттарын (құрал шығыны, желдету және ылғалды жинау) сақтай отырып, адамдар болмаған кезде тыныс алу органдарын, көзді, теріні қорғайтын құралдары бар кәсіби контингенттің ғана қолдануы үшін ұсынылады.

3-сынып - қауіптілігі орташа

31-100

5,1-10

Кез келген типтегі үй-жайларда регламенттелген қолдану шарттарын (құрал шығыны, желдету режимі, жинау) сақтай отырып, кәсіби контингент пен тұрғындардың тұрмыста пайдалануы үшін ұсынылады.

4-сынып - қауіптілігі аз

> 100

> 10

Қолдану аясын шектемей пайдаланылады

Родентицидтердің қауіптілігін сыныптау


3-кесте


Лимиттеуші қабілеттері

Көрсеткіштері

Қауіптілік сыныптары

1-сынып – өте қауіпті

2-сынып – қауіптілігі жоғары

3-сынып – қауіптілігі орташа

4-сынып – қауіпті-лігі аз

«А»

«Б»

Күшті уыттылық (ықтимал қауіпті жолдарға арналған)

ЛД50 асқазанға енгізген кезде, мг/кг

<2

2,1-14

15-150

151-5000

>5000

ТL50. d cen

<1

>1

>1

>1

>1

Антидот

-

+

+

+

+

ЛД50 теріге енгізген кезде, мг/кг

<100

100-500

501-2500

>2500

ЛС50 ингаляция кезінде, мг/кг

<500

500-5000

5001-50000

>50000

С20 (ауаға ұшып кету дәрежесі бойынша) фумиганттар үшін

Өлім-жітім мүмкіндігі бар қатты улану

Қатты әсер ету шегінен жоғары улану

Қатты әсер ету шегінің деңгейіндегі улану

Уланудың болмауы

Таңдамалы уыттылық (ТУ)

ЛД50 жануарлардың мақсатты емес түріне арналған (мысық, ит, шошқа, тауық) ЛД50 жануарлардың арнайы түріне (кеміргіштер)

<3

3,1-2

9,1-37

>27

Кумулятивті әсер

ЛД50n Ккум= ЛД501

<1

1-3

3,5-5

>5

Тұрақтылық (топырақ)

Уытты емес компоненттерге ыдырау уақыты (Т1/2), ай

>12

6-12

1-6,1

<1

Ескертпе:
(+) – антидоттың болуы, (-) – антидоттың болмауы;
ЛД50 – орташа өлім-жітім дозасы;
ТL50 – жануарлардың 50 %-ы өлген уақыт ішіндегі эксперименттік әсер ету сәтінен бастап өткен уақыт;
С20 – 20 Цельсий градус температурасы кезінде ауадағы заттар буының шоғырлануы;
Ккум – кумуляция коэффициенті;
ЛД50n – жиынтық енгізу кезіндегі орташа өлім-жітім дозасы;
ЛД501 – бір рет енгізу кезіндегі орташа өлім-жітім дозасы;
Т1/2 – ыдыраудың жартылай кезеңі.

«Дезинфекция, дезинсекция мен


дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
2-қосымша
Жекелеген объектілерді зарарсыздандыру кезіндегі дезинфекциялық
ерітінділердің шығынын жоспарлау нормалары
1-кесте

Зарарсыздандыру объектісі

Өлшем бірлігі

Дезинфекциялық құралдың орташа саны

Ескертпе

Тұрғын үй-жайлардағы бет

1 м2

Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес

Күйдіргі ошағында екі рет өңдеуді есепке ала отырып, нормасы 2 литр

Киім-кешек

1 кг

Жұмыс ерітіндісінің 4 - 5 литрі



Ыдыс-аяқ және өзгелер

1 жиынтық

Жұмыс ерітіндісінің 2 - 3 литрі



Топырақ беті, қалдықтар

1 м2

Жұмыс ерітіндісінің 2 литрі

Күйдіргі кезінде 8 - 10 литр

Бөлінділер

1 кг немесе л

Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес

Күйдіргі кезінде
0,5 литр

Тамақ қалдықтары

1 кг

0,1 кг



Ескертпе: Ыдыс-аяқ жиынтығына мыналар кіреді: 2 тәрелке, стақан және табақшасы бар шыны аяқ, 2 қасық, шанышқы және пышақ.
2-кесте

Объекті

Негізгі зарарсыздандыру объектілеріне арналған жұмыстың орташа көлемі

Үй-жай м2-мен

Киім-кешек килограммен (бұдан әрі – кг)

Ыдыс-аяқ жиынтығымен

Төсек-орын жабдығы кг-мен

Үй ошағы

200

5

3

30

Ұйымдастырылған ұжым (білім беру ұйымы, қарттар, мүгедектер үйі және басқалары)

450

50

50

100

1. Ошақтарда дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдардың шығынын жоспарлау үшін мына формуланы пайдаланады:
X = Q х (Х1 + Х2 + Х3 + Х4 + Х5), мұнда
Х – дезинфекциялық құралдарға жылдық қажеттілік (килограммен немесе литрмен);
Q – дезинфекция саны (соңғы екі жылда орындалған дезинфекциялардың орташа саны);
Х1 – беттерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;
Х2 – киім-кешектерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;
Х3 – бөлінділерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;
Х4 – тамақ қалдықтарына дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;
Х5 – ыдыс-аяқтарға дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;
1) беттерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілікті есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:
Х1 = 0,01 х ((N1 х К х (S1 + S2 + S3), мұнда
N1 – бір шаршы метрге дезинфекциялық құрал шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);
К1 – препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес препарат бойынша дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (%);
S1 – дезинфекциялануға тиісті үй-жайдың ауданы (шаршы метрмен);
S2 – дезинфекциялануға тиісті жабдықтың ауданы (шаршы метрмен);
S3 – дезинфекциялануға тиісті басқа да объектілердің ауданы (шаршы метрмен);
2) киім-кешектерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдардың шығынын есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:
Х2 = 0,01 х N2 х К2 х B, мұнда
N2 – киім-кешектің бір килограмына дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);
К2 – препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес препарат бойынша дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (%);
B – дезинфекциялануға тиісті киім-кешектің көлемі (килограммен);
3) бөлінділерге дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдардың шығынын есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:
Х3 = 0,01 х N3 х К3 х V, мұнда
N3 – бөлінділердің бір килограмына немесе литріне дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);
К3 – препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес препарат бойынша дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (%);
V – дезинфекциялануға тиісті бөлінділердің көлемі (килограммен немесе литрмен);
4) тамақ қалдықтарына дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдардың шығынын есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:
Х4 = 0,01 х N4 х К4 х O, мұнда
N4 – тамақ қалдықтарының бір килограмына немесе литріне дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);
К4 – препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес препарат бойынша дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (%);
O – дезинфекциялануға тиісті тамақ қалдықтарының көлемі (килограммен немесе литрмен);
5) ыдыс-аяқтарға дезинфекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдардың шығынын есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:
Х5 = 0,01 х N5 х К5 х P, мұнда
N5 – ыдыс-аяқтың бір жиынтығына дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);
К5 – препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес препарат бойынша дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (%);
P – дезинфекциялануға тиісті ыдыс-аяқ жиынтықтарының саны (жиынтықтар).
2. Дезинсекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілікті есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:
Х6 = N6 х S6, мұнда
Х6 – дезинсекция жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;
N6 – бір шаршы метрге дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);
S6 – дезинсекциялануға тиісті аудан (шаршы метрмен).
3. Дератизация жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілікті есептеу үшін мына формуланы пайдаланады:
Х7 = N7 х S7, мұнда
Х6 – дератизация жүргізу үшін дезинфекциялық құралдарға қажеттілік;
N7 – бір шаршы метрге дезинфекциялық құралдар шығынының нормасы (препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға, ұсынымдарға) сәйкес);
S7 – дератизациялауға тиісті аудан (шаршы метрмен).
«Дезинфекция, дезинсекция мен
дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
3-қосымша

Денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялау құралдарына қажеттілігін есептеу

1. Үй-жайларға, жабдықтарға ағымдағы дезинфекция жүргізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялық құралдарына қажеттілігін есептеудің мынадай формуласы пайдаланылады:


NK
X1 = Q ---------- (S1 + S2 + S3), мұндағы
100
Х1 – ұйымдардың дезинфекциялық құралдарға жылдық қажеттілігі (килограмммен немесе литрмен);
Q – дезинфекция саны (жұмыс күндерінің санына және дезинфекция жүргізу жиілігіне негізделе отырып);
N – дезинфекциялық құралдың жұмсалу нормасы (бір литрге бір шаршы метр);
K – дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы (пайызбен);
S1 – дезинфекциялануға тиісті үй-жайдың ауданы (шаршы метрмен);
S2 – дезинфекциялануға тиісті жабдықтың ауданы (санитариялық-техникалық жабдықтардың әр бірлігінің ауданы бір шаршы метрге, ванналар – үш шаршы метрге қабылданады);
S3 – дезинфекциялануға тиісті басқа да объектілердің ауданы (шаршы метрмен).
2. Емшара бөлмесінде, таңып-байлау бөлмесінде, операциялық, босандыру залдарында қорытынды дезинфекция жүргізу үшін денсаулық сақтау ұйымдарының дезинфекциялық құралдарға қажеттілігін есептеудің мынадай формуласы қолданылады:
NK
Х2 = 52 ---------- S4, мұндағы
100
Х2 – күрделі жинау жүргізу үшін ұйымдардың дезинфекциялық құралдарға жылдық қажеттілігі;
52 – күрделі жинау саны (аптасына бір рет есебімен);
N – бір шаршы метрге дезинфекциялық құралдың жұмсалу нормасы;
K – дезинфекциялық ерітіндінің шоғырлануы;
S4 – ауқымды жиналуға тиісті оралымды аудан.

3. Денсаулық сақтау ұйымдарын дезинфекциялау-стерильдеу жабдықтарымен қамтамасыз ету үшін мынадай қажеттілік есебі қолданылады:


1) дезинфекциялау-стерильдеу жабдықтарына (автоклавтар, механикалық және ультрадыбысты жуғыштар, бикстер) қажеттіліктер стерильденуге тиісті жұмсақ материалдың (таңып байлау), хирургиялық киім-кешектің, жаялықтардың, медициналық құрал-саймандардың, тиісті стерильдеу режимі бар бұйымдардың көлеміне қарай айқындалады;
2) бикстер мен автоклавтар, стерилизаторлар көлемінің үштен екісіне толтырылуы тиіс. Бикстерге біркелкі материал салынады.
3) автоклавтарға материалдарды (бикстерді) салу жиілігі тәулігіне 5 (бестен) аспауы, құрғақ қыздыратын шкафтарда 8 (сегізден) аспауы тиіс;
4) қажетті жабдықтар саны ауысымына салу жиілігіне салу көлемін көбейтуге байланысты айқындалады;
5) стерильдеу қораптарының саны 1-типтегі стерилизаторлар үшін ауысымына 20 бикстен артық емес, 2-типтегі стерилизаторлар үшін 5-8 бикске бір рет салған кезде ауысымына 40 бикстен артық емес, 3-типтегі стерилизаторлар үшін ауысымына 25 бикс, 4-типтегі стерилизаторлар үшін ауысымына 65 бикс болып айқындалады.

«Дезинфекция, дезинсекция мен


дератизацияны ұйымдастыруға
және жүргізуге қойылатын
санитариялық-эпидемиологиялық
талаптар» санитариялық
қағидаларына
4-қосымша

Медициналық мақсаттағы бұйымдарды дезинфекциялау





Дезинфекциялау әдісі

Дезинфекция режимі

Қолданылуы

Дезинфекциялау шарттары

Температура, Цельсий градуспен
(бұдан әрі - 0С)

Шоғырлану, пайызбен (бұдан әрі - %)

Дезинфекциялау уақыты, минутпен

Қайнату: дистильденген суда;
Дистильденген сумен қоса екі көмір қышқылды натрий (ас содасы)

98

2,0

30

15


Шыныдан, металдан, термиялық тұрақты полимерлі материалдардан, резеңкеден жасалған бұйымдар үшін

Суға толық батыру

Булау:
булау стерилизаторында немесе дезинфекциялау камерасында жүргізіледі

110




20

Шыныдан, металдан, резеңкеден, латекстен, термиялық тұрақты полимерлерден жасалған бұйымдар үшін

Стерильдеу қораптарына салынады

Ауамен: құрғақ ыстық ауамен ауа стерилизаторында жүргізіледі

120



45


Шыныдан және металдан жасалған бұйымдар үшін

Науаларда орамасыз жүргізіледі

Химиялық: шыны, пластмасса немесе эмальды ыдыста жүргізіледі

Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес

Шыныдан, тоттануға төзімді материалдан, полимерлі материалдардан, резеңкеден жасалған бұйымдар үшін

Ерітіндіге толық батыру

Ескертпе:
химиялық тәсілмен дезинфекциялаудан кейін бұйымдар дезинфекциялық құралдың иісі толық кеткенге дейін ағынды сумен жуылады;
қайнату және булау әдісімен дезинфекциялау кезінде полимерлі материалдардан жасалған бұйымдар дәкеге оралады.

«Дезинфекция, дезинсекция мен


дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
5-қосымша
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу алдында өңдеу

№ 1 кесте



Өңдеу жүргізу кезіндегі процестер

Ерітіндінің бастапқы температурасы 0С

Ұстау уақыты, минутпен

1. Дезинфекциялау аяқталған соң ММБ ағынды сумен шайылады



0,5

2. одан кейін: жуу заты ерітінділерінің біріне толық батырылған кезде малынады

20 – 50

15

3. Жөкенің немесе мақталы-дәке тампонының көмегімен әр бұйымды жуу ерітіндісімен жуу



0,5

4. Ағынды сумен шаю



10,0

5. Тазартылған сумен шаю



0,5

6. Кептіру шкафында ыстық ауамен кептіру

85

Ылғал толық кеткенге дейін

Жуу ерітіндісін дайындау

№ 2 кесте



Компоненттердің атауы

Дайындауға арналған компоненттер саны

Қолданылуы

  1. Жуу заты

Ауыз су

3 грамм (бұдан әрі – гр)
1 литрге дейін

Механикаландырылған тазалау кезінде (ағынды әдіс, жөкемен жуу, ультрадыбысты пайдалану) қолданылады

2. Жуу заты
Ауыз су

1,5 гр
1 литрге дейін

Механикаландырылған тазалау кезінде ротациялау әдісімен қолданылады

3. Жуу заты
Ауыз су

5 гр
1 литрге дейін

Қолмен тазалау кезінде қолданылады

4. Сутегі тотығы ерітіндісі 27,5%.
Жуу заты
Ауыз су

17 гр
5 гр
1 литрге дейін

Механикаландырылған тазалау кезінде (ағынды әдіс, жөкемен жуу, ультрадыбысты пайдалану) және қолмен тазалау кезінде қолданылады

5. Жуу заты 0,8%.
Ауыз су
Жуу заты 1,6 %
Ауыз су

8 миллилитр (бұдан әрі – мл) концентрат
1 литрге дейін
16 мл концентрат
1 литрге дейін

Қолмен тазалау кезінде қолданылады

«Дезинфекция, дезинсекция мен


дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
6-қосымша
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу әдістері

Химиялық стерильдеу әдісі (химиялық препараттардың ерітінділері)


№ 1-кесте



Стерильдеу агенті

Стерильдеу режимі (температура, ұстау уақыты)

Бұйымдардың атауы

Стерильдеу жүргізу шарттары

Дезқұралдың ерітіндісі

Препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулыққа (әдістемелік нұсқауларға) сәйкес

Полимерлі материалдардан, резеңкеден, шынылардан, тоттануға төзімді металдардан жасалған бұйымдар үшін ұсынылады

Бұйымды ерітіндіге толық батырған кезде жүргізіледі, содан кейін бұйым стерильді сумен жуылады. Стерильденген жаймалар төселген стерильді ыдыстағы стерильденген бұйымды сақтау мерзімі – 3 тәулік.

1. Стерильдеу процесінде ерітінділердің температурасы ұсталмайды.
2. Дезинфекциялау ерітіндісіне бұйымдарды батыру үшін шыныдан, пластмассадан жасалған немесе эмальмен қапталған ыдыстар пайдаланылуы тиіс.
Бумен стерильдеу әдісі (жоғары қысымдағы қаныққан сулы бу)

№ 2-кесте



Стерильдеу режимі

Қолданылуы

Стерильдеу камерасындағы будың қысымы, кг/см2

Стерильдеу камерасындағы температура, 0С

Ұстау уақыты, минутпен

Номинальды мәні

Номинальды мәні

Қолмен, жартылай автоматты және автоматты басқару кезінде

0,20 шекті ауытқу 0,02 (2,0 ауытқу плюс-минус 0,2)

132 плюс-минус 2

20

Тоттануға төзімді металдардан, шыныдан, резеңкеден жасалған бұйымдар үшін ұсынылады

0,11 шекті ауытқу 0,02 (1,1 ауытқу – плюс-минус 0,2)

120 плюс-минус 2

45

Резеңкеден, латекстен және жекелеген полимерлі материалдардан жасалған (тығыздылығы жоғары полиэтилен, поливинилхлорид - пластикаттар) бұйымдар үшін ұсынылады.

1. Стерильдеуді сүзгісіз стерильдеу қораптарында немесе сүзгісі бар стерильдеу қораптарында немесе бөзден не пергаменттен, қаптама қағаздан, ылғалға төзімді сіңдірілмеген қаптама қағаздан, Е маркалы автоматтардағы өнімдерді орауға арналған қағаздан, булау стерилизаторында бекемделген қағаздан жасалған екі қабатты жұмсақ орамада жүргізеді.
2. Сүзгісі бар қораптарда стерильденген бұйымдарды сақтау мерзімі – жиырма тәулік (ашылмаған қорапта), қалған орамада – үш тәулік (ашылмаған орамада).
Ауамен стерильдеу әдісі (құрғақ ыстық ауа)

№ 3-кесте



Стерильдеу режимі

Қолданылуы

Стерильдеу камерасындағы жұмыс температурасы, 0С, номинальды мәні

Стерильдеуде ұстау уақыты, минутпен, номинальды мәні

180 (плюс 2; минус 10)

60 (плюс 5)

Металдардан, шыныдан және силикон резеңкеден жасалған бұйымдар үшін ұсынылады

160 (плюс 2; минус 10)

150

1. Стерильдеуге құрғақ бұйымдар жатады. Стирильдеуді сіңдірілмеген қаптама қағаздан, ылғалға төзімді қаптама қағаздан, Е маркалы автоматтардағы өнімдерді орауға арналған қағаздан, аса берік орама қағаздан, бекемделген қағаздан, бекемделген екі қабатты қағаздан жасалған орамада немесе ауа стерилизаторында ашық ыдыста орамасыз жүргізеді.

2. Орамасыз стерильденген бұйымдар стерильдеуден кейін тікелей, оралған түрінде үш тәулік ішінде пайдаланылады.


Дезинфекция, дезинсекция мен
дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
7-қосымша 
Медициналық мақсаттағы бұйымдарды стерильдеу сапасын бақылау



р/с №

Бақылау бағыты

Бақылау түрлері

Ұйымның персоналы жүзеге асыратын өзін-өзі бақылау

Метрологиялық және технологиялық бақылау

Халықтың санитариялық – эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомтствосының аумақтық бөлімшесі жүзеге асыратын




Стерильдеу шарттарын бақылау:
стерилизаторлардың жұмысы, режимі, орау мен салу

Әр циклді көзбен шолу және Қазақстан Республикасында бекітілген тестілерді пайдалана отырып бақылау, бақылау-өлшеу аспаптарының (бұдан әрі – БӨА) жарамдылығын қадағалау

Шарттарға сәйкес, сондай-ақ монтаждаудан және жөндеуден кейін стерилизаторд ың, БӨА-ның техникалық жарамдылығын бақылау

Бактериологиялық тесттерді, температураны өлшеу құралдарын пайдалана отырып және көзбен шолып тоқсанына 1 рет стерилизатордың жұмысына бақылау жүргізу. Бір жылдың ішінде, сондай-ақ эталонды салу арқылы монтаждаудан және жөндеуден кейінгі көрсет-кіштер бойынша барлық аппараттардың кемінде 25%-ы бақылауға жатады.




ММБ стерильділігін бақылау

Бактериологиялық бақылау –тоқсанына бір рет



Бактериологиялық бақылау – әр тексеру кезінде




Орталықтандырылған стерилизациялық бөлімшелерде ауа ортасын бақылау

Күн сайын – желдетуді, желдету жүйелерінің, ауа баптағыштардың, бактерицидті шамдардың жұмысын бақылау.
Ауа сынамаларын алу - тоқсанына 1 рет

Бактерицидті шамдардың техникалық жағдайын бақылау

Бактериологиялық бақылау - стерильді аймақта әр тексеру кезінде

4

Жасырын қанның және сілтілі компоненттер қалдығының болуын бақылау (азопирамдық және фенолфталеиндік сынамалар)

Күн сайын бір уақытта өңделген бұйымдардың 1 %-ын, бірақ әр партиядан кемінде 3-5 бірлікті



Көзбен шолып бақылауды қолдана отырып, әр тексеру кезінде

Ескертпе: орталық стерилизациялық бөлімшенің санитариялық жағдайын бақылау кезінде әр тексеру кезінде стерильді аймақта кемінде 10 бактериологиялық шайынды алу жүргізіледі. Алынған шайындылардың жалпы санының 1 %-нан асырмай санитариялық-көрсеткіштік микрофлораны себуге жол беріледі.

«Дезинфекция, дезинсекция мен


дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
8-қосымша
Булау және ауа стерилизаторларының жұмыс режимінің температуралық параметрлерін бақылауға арналған бақылау нүктелерін орналастыру және химиялық тестілердің рецептурасы

Булау стерилизаторларына бақылау нүктелерін орналастыру


№ 1-кесте



Стерилизатор камерасының сыйымдылығы, текше дециметрмен

Бақылау нүктелерінің саны

Бақылау нүктелерінің орналасуы

100-ге дейін

5

Тік бұрышты стерилизаторлар үшін:
біріншісі – жүк тиейтін есіктің жанында;
екіншісі – қарама-қарсы қабырғаның (жүк түсіретін есіктің) жанында;
үшіншісі, төртіншісі, бесіншісі – ортада.

100-ден жоғары 750-ге дейінгіні қоса алғанда

11

Тік шеңберлі стерилизаторлар үшін:
біріншісі – камераның жоғары бөлігінде;
екіншісі – камераның төменгі бөлігінде;
үшіншіден он біріншіге дейін – ортада.

750-ден жоғары

13

Көлденең шеңберлі стерилизаторлар үшін:
біріншісі – жүк тиейтін есіктің жанында;
екіншісі – қарама-қарсы қабырғаның (жүк түсіретін есіктің) жанында;
үшіншіден он үшіншіге дейін – стерилизациялық қораптарының ортасында немесе әр түрлі деңгейлерде орналастырылған стерильденетін орамалардың ішінде.

Ауа стерилизаторларында бақылау нүктелерін орналастыру


№ 2-кесте



Стерилизатор камерасының сыйымдылығы, текше дециметрмен

Бақылау нүктелерінің саны

Бақылау нүктелерінің орналасуы

80-ге дейін

5

біріншісі – камераның ортасында;
екіншісі, үшіншісі – камераның төменгі бөлігінде есіктің оң және сол жағында;
төртіншісі, бесіншісі – камераның төменгі бөлігінде артқы қабырғасының оң және сол жағында

80-нен жоғары

15

біріншісі, екіншісі, үшіншісі – сағат тіліне қарама-қарсы орналастырып, камераның ортасында жоғарыдан төмен үш деңгейде; төртіншіден он бесіншіге дейін – үш деңгейде бұрыштар бойынша (төртіншіден жетіншіге дейін – төменде; сегізіншіден он біріншіге дейін – ортасында; он екіншіден он бесіншіге дейін - жоғарыда)

80-нен жоғары екі камералы

30

Әрбір камера үшін ұқсас үлгімен

Ескертпе: Бақылау тестілері стерилизатор қабырғаларынан кемінде бес сантиметр қашықтықта орналастырылады.

Булау стерилизаторларының жұмыс режимінің температуралық параметрлерін бақылауға арналған химиялық тестілердің рецептурасы


№ 3-кесте



Заттардың атауы

Кристалдардың түсі, пішіні, иісі

Бақылауға жататын температуралық параметр:

1100С

1200С

1320С

1. Бояғышы бар антипирин

Түссіз кристалдар немесе иіссіз ақ ұнтақ

+

-

-

2. Қарапайым күкірт

Сары кристалдар

-

+

-

3. Бояғышы бар резорцин

Ақ немесе сарғыш кристалдар

+

-

-

4. Бояғышы бар бензой қышқылы

Инелі түссіз кристалдар немесе ақ ұнтақ

-

+

-

5. Бояғышы бар никотинамид

Әлсіз иісі бар ақ кристалды ұнтақ

-

-

+

6. Бояғышы бар несепнәр

Түссіз кристалдар

-

-

+

Ескертпе: бояғыштар ретінде мыналар пайдаланылады: қышқыл фуксин, фенолды қызыл, бромбимол көк және геанцитокүлгін.
Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берілген басқа дайын химиялық тестілерді қолдануға жол беріледі.

Ауа стерилизаторларының жұмыс режимінің температуралық параметрлерін бақылауға арналған химиялық тестілер


№ 4-кесте



Химиялық қоспаның атауы

Кристалдардың түсі, пішіні, иісі

Бақылауға жататын температуралық параметр

1600С

1800С

1. Левомицетин

Ақ немесе әлсіз сарғыш-жасыл рең беретін ақ ұнтақ

+

-

2. Шарап қышқылы

Ақ түсті немесе түссіз мөлдір кристалдар

-

+

3. Гидрохинон

Түссіз немесе күміс тәрізді ақшыл-сұр кристалдар

-

+

4. Тионесепнәр

Жалтыраған түссіз кристалдар

-

+

5. Янтарь қышқылы

Түссіз кристалдар

-

+

Ауа стерилизаторларының жұмысын бақылау үшін пайдаланылатын химиялық тестілердің құрамына бояғыш қоспайды, себебі көрсетілген химиялық қоспалар балқыту температурасына жеткен кезде өзінің түсін өзгертеді.
Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берілген басқа дайын химиялық тестілерді қолдануға жол беріледі.

«Дезинфекция, дезинсекция мен


дератизацияны ұйымдастыруға және
жүргізуге қойылатын санитариялық-
эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларына
9-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет