Емі. Диафрагманың жыртылуы және жарақаттануы кезінде жедел операция көрсетілген – құрсақ қуысы ағзаларын төменге түсіріп, жыртылған жерді сорылмайтын жіппен жеке-жеке тігу қажет. Жарақаттанудың түріне қарай операцияны лапаро немесе торакотомия бастайды.
96. Панкреастын (поджел ж-за) жыланкөздері. Этиологиясы, патогенезі, клиникалық көрінісі, диагностикасы, асқынулары, емі, хирургиялық емге көрсеткіштер. Операциялық шаралардың түрлері. Ұйқыбездін жыланкөздерi түтікшелердiн сырткы ортамен немесе ішкі куысты ағзалармен патологиялык байланысы. Егер жыланкөздiн өзегі терiге ашылса - сырткы жыланкөздер , іш куысындагы куыс ағзалармен ( асказан , аш немесе ток iшек ) байланысты болса - iшкi жыланкөздер деп ажыратылады . Олар толык немесе толык емес болуы мүмкін . Түтікшенің проксималдык бөлiгi бiтелсе ( толык жыланкез кезiнде ) , панкреатиттік сөл тұтастай сыртка шығады . Толык емес жыланкөздерде панкреатиттiк сөлдің негiзгi бөлiгi табиғи жолмен ұлтабарга түседі , ал біршама бөлiгi жыланкөзбен шығады.
Этиологиясы. Сырткы жыланкөздер көбінесе iштiн ашык жаракаттарынан, уйкыбезге жасалган операциялардан кейiн жиi дамиды . Ішкi жыланкөздер уйкыбездегi деструктивті өзгерiстердiн ( жiтi панкреатит, уйкыбез кистасынын пенстрациясы мен тесiлуi ) көршi жатқан агзалар кабырғасын камтуы салдарынан орын алады.
Клиникалық көрiнiсi және диагностика Ұйкыбездiн сырткы жыланкөздеріне панкреатиттік сөлдiн сырткы өзек аркылы сыртка бөлінуі тән . Шығатын сөлдiн мөлшері жыланкөздiң түрiне байланысты . Толык жыланкөз кезiнде тәулiгiне 1-1,5 л дейiн , толык емес жыланкөзде - кейде бiрнеше миллилитр гана панкреатиттік сөл бөлінеді . Ұйкыбездегi немесе жыланкөз кабырғасындагы деструктивті және кабыну өзгерiстерiне байланысты , таза панкреатиттік сөл немесе кан мен iрiн араласкан сөл бөлінеді . Көп мөлшерде бөлінетін панкреатиттік селдін әсерiнен жыланкөздiн сырткы тесiгi айналасындағы терiнiн мацерациясы жылдам дамиды . Сөлді анағұрлым көп мөлшерде жоғалту наукастын жалпы жагдайынын күрт нашарлауына , наруыз , май және көмірсу алмасуларынын айкын бұзылыстарына , судын , электролиттердiн айтарлықтай жоғалуына және кышкылды - сiлтiлiк тепе - тендiктiн бұзылуына алып келедi . Iшкi жыланкөздер кезінде панкреатиттік селдiн бөлiнуi асказан немесе iшек куысына карай журеді . Сондыктан , сырткы жыланкөздерге тән ауыр метаболизмдiк бұзылыстар бұл кезде дамымайды . Сырткы жыланкөздердi диагностикалау улкен киындыктар туғызбайды . Корытынды диагноз , жыланкөзден бөлінген суйыктыкта панкреатиттік ферменттердің жоғары концентрациясынын аныкталуымен расталады . Диагнозды толыктыру үшiн фистулография колданылады . Егер контраст уйкыбез түтікшелерiн толтырса, диагноз еш күдiксiз койылады .
Емі. Толык емес жыланкөздер әдетте , консервативті ем нәтижесінде жабылады. Ем кезiнде организмнiн сусыздануын және әлсіреуін жоюға бағытталған щаралар жүргізіледі. Ұйкыбездiн секреторлык белсендiлiгiн төмендету ушiн цитостатиктер мен антиметаболиттер ( фторурацил , циклофосфамил және т.б. ) немесе соматостатинiң синтетикалык аналогтары, сонымен қоса панкреатикалық сөлдің бөлiнуiн шектейтiн нәруызга бай , көмірсулары аз арнайы емдәм тағайындалады . Осы емлеу әдiсi тиiмсiз болған жағдайла наукастарды парентералды қоректендіруге көшiредi , уйкыбездiн экзокриндік кызметiн және асказаннын кышқыл өндіру кызметтерiн басуға бағытталған массивті медикаментозды терапия жасалады. Жергілікті емге - жыланкөздің айналасындағы теріні күту , оның мацерациясынын алдын алу , жыланкөз куысына дренаж енгiзу , ол аркылы жыланкөз iшiндегi заттарды аспирациялау және жыланкөздi антисептик ерiтiндiлерiмен жуу жатады .
Толык жыланкөздер кезiнде хирургиялык ем жасауға көрсеткіштер туады . Ұйқыбездін кұйрык және дене бөлiмдерiнiн жыланкөздерiн емдеудiн негiзгi әдісі - ағзаға дисталды резекция жасау . Жыланкөздiн iшкi тесігі ұйкыбездін бас бөлігінде орналаскан жағдайларда оперативті ем жүргiзу айтарлықтай киындықтар туғызады . Бұндай жағдайда жыланкөздiн кабырғаларын Ру әдiсiмен босатылған аш ішек iлмегiне тiгедi .