Диафрагманың концепциясы. Операциялық емге көрсеткіш, операция алдындағы дайындық.өңеш тесігінің жарығы. Этиология және патогенезі. Жіктелуі. Клиникасы және диагностикасы, асқынуы. Операциялық емге көрсеткіш және операция түрлерін таңдау


Жүрек жарақатының хирургиялық емі



бет13/125
Дата23.05.2023
өлшемі11,18 Mb.
#177537
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   125
Байланысты:
ХИР608 Сессия

Жүрек жарақатының хирургиялық емі.

Жүректің ашық жарақаты


Қазіргі таңда жүрек жарақаты барлық кеуде жарақаттарының 5-7% құрайды.
Ол келесідей жіктеледі:
Перикардтың жекелеген жарақаттары және жүрекпен қосақталған жарақаттарын ажыратады. Соңғысы жекелеген және біріккен болып екіге бөлінеді.
Жүректің жекелелен жарақаттары:

  1. Өтпелі емес:

  2. а) жалғыз; б) көптеген.

  3. а) гемоперикардпен; б) гемоторакспен; в) гемопневмоторакспен;

  4. коронарлы тамырлар зақымдалуымен;

  5. сыртқы және ішкі қан кетумен.

ІІ. Өтпелі:

  1. а) жалғыз; б) көптеген;

  2. а) гемоперикардпен; б) гемоторакспен; в) гемопневмоторакспен; г) аралық гематомасымен;

  3. а) сыртқы қан кетумен; б) ішкі қан кетумен;

  4. а) коронарлы тамырлар зақымдалуымен; б) жүрек жарғақшаларының зақымдалуымен; в) өтпелі жүйе зақымдалуымен; г) клапанды аппарат зақымдалуымен.

Енбеген-эндокард зақымдануынсыз:

Енген –эндокардтың зақымдануымен

  • жүрекше мен құлақшаның қабырғасының зақымдануы

  • Тереңде жатқан құрылымдардың зақымдануларымен жүретін жарақаттар

Жүректің біріккен зақымдалуыларына жатады:

  1. өтпелі;

  2. өтпелі емес;

  3. келесі зақымдалуылармен біріккен:

  • кеуде қуысының өзге мүшелерінің (өкпе, бронхтар, трахея, ірі тамырлар, өңеш, диафрагма);

  • құрсақ қуысы ағзалары (паренхиматозды мүшелер, қуысты мүшелер, ірі тамырлар);

  • басқа локализациядағы ағзалар (бассүйек, ми, сүйек пен тамырлар, тамырлар).

Жүрек зақымдалуларының клиникалық формалары

  • Кардиогенді шок басымдылығымен;

  • Гиповолемиялық шок басымдылығымен;

  • Кардиогенді шок және гиповолемиялық шок қосарлануымен.

Жүрек зақымдалуы кезіндегі патологиялық жағдай патогенезі. Негізгі патофизиологиялық механизм – қан кету және перикардиальді тампонада (жүректің жұқа қабырғалы қантамырларының жаншылуы).
Зақым алғандардың негізгі үш тобын ажыратады:

  1. Клиникалық өлім жағдайындағы науқастар.

  2. Қан кету және үдемелі тампонада нәтижесіндегі шок жағдайындағы науқастар.

  3. Стабильді тампонада жағдайындағы науқастар.

Жүрек зақымдалуына тән симптомдар триадасы:

  • Жүрек проекциясында жарақат орнының болуы;

  • Жедел қан кету белгілері;

  • Жүректің жедел тампонада белгілері.

Диагнозды симптомдар триадасы және науқастың ауыр жағдайына сүйеніп қояды.
Қан кету белгілері. Артериалды қан кету. Пульстік қатты ағынмен қанның ағуы. Ең ауыр жарақат болып саналады. Оттегі жетіспеушілігі және жүрек тоқтауы нәтижесінде өлім жағдайы туылуы мүмкін.
Венозды қан кету. Шок белгілері.
Жүрек тампонадасы
Перикард қуысына қанның үдемелі толуы, перикард ішілік қысымның артуы, қарыншалардың диастолалық толуы бұзылып, жүректің қан айдау күшінің төмендеуі.

Белгілері:



  • Кеудедегі дискомфорт

  • Үдемелі ентікпе

  • Кенет әлсіздік,өлім қорқынышы

  • Тері бозарып, көп тері бөлінуі

  • Артериалық қан қысымының төмендеуі

  • Венозды гипертензия

  • Жүрек қозғалысының едәуір шектелуі, тұйықталған жүрек тондары.

Жүрек жарақаттануының диагностикасы
Визуальді қараған кезде кеуденің басқа құрылымдарының жарақатынан ажырату үшін Грековтың шектелу заңдылығы қолданылады:

  • Жоғарыдан – екінші қабырға;

  • Төменнен – сол жақ қабырға доғасының төменгі шетіне дейін;

  • Сол жақтан – ортаңғы қолтықасты сызығы;

  • Оң жақтан – парастернальді сызық.

Жүрек жарақатының диагностикасы үшін рентгенология және қосымша әдістерді қолданады – УДЗ, перикардиоцентез, перикардиотомию. Егер науқастың жағдайы бірқалыпты болатын болса рентгенологиялық зерттеу жүргізіледі. Рентгенограммада перикард қуысындағы сұйықтық көлемі 30 – 85 мл аралығында болса анықталмайды; 100 мл болатын болса – пульс әлсіреуі; 150 мл артатын болса «доңалардың» жазылуымен жүрек шекарасының ұлғаюы.
Нақты және жылдам инвазивті емес зерттеу: эхокардиография. Перикард жапырақшаларының ажырауы (4 мм), эхонегативті құрылымдар (ұйыған қан), миокардтың жиырылу мүмкіндігінің төмендеуі.
Аз инвазивті әдіс торакоскопия. Классикалық торакотомия жасау және эхокардиография кезінде диагностика мүмкін болмаса орындалады.
Емі. Жүрек немесе перикардтың жарақаттары кезінде плевра қуысын ашқаннан соң перикард қабырғасы арқылы қанның шығу жағдайын көруге болады. Хирург перикардқа екі жіп-ұстағыштарын орнатып, диафрагма нервінің алдынан параллельді түрде ашады. Ассистент ұстағыштар арқылы перикард жарасын кеңейтііп ашып, қуысты қан және ұйындылардан босатады. Хирург болса, қанның шыққан көзіне ориентация жасап жүрек жарасын тампонадалайды.
Жара аумағы кең болатын болса уақытша гемостаз үшін Фолей катетері қолданылады. Катетерді жүрек камерасына енгізіп, баллонды үрлеу арқылы қанды уақытша тоқтатуға болады.
Егер жарақат коронарлы артерияларға жақын орналасқан болса П-тәрізді тігіссалынады. Қарынша қабырғасы кең П тәрізді тігіспен, жүрекшелер қабырғасы тү»інді П тәрізді тігістермен тігіледі.
Операция кезінде жүрек тоқтап немесе фибрилляция болатын болса жүрекке тура массаж жасап немесе жүрек ішіне 0,1 мл адреналин енгізіп дефибрилляцию жүргізеді.
Аураханаға дейінгі кезеңде айқын тампонада бар және стационарда уыр агональды жағдай болған науқастарда жедел торакотомия мүмкіндігі болмайтын болса УДЗ және ЭКГ бақылауымен орындалатын перикард пункциясымен шектеледі. Осы кезде ЭКГда экстрасистолия немесе ритм бұзылысы болса жарақаттың миокардпен байланысты, ал қарынша комплекстерінің вольтажы жоғарыласа жүрек декомпрессиясының эффективтілігін көрсетеді.
Хирургиялық тактика:

  • Көктамырға сұйықтық және қан компоненттерін құю

  • Перикардтың пункциясы

  • Торакотомия

Жүректің жабық жарақаты-жүректің зақымдануы, кеуде мен перикардтың тұтастығының бұзылуымен бірге жүрмейді. Жүректің жабық жарақаты келесі нұсқаларда кездеседі: көгеру, контузия, қабырға мен жүрек ішілік құрылымдардың жыртылуы.
Жүректің жабық жарақаттарын емдеу жүректің жабық жарақаты бар науқастар мамандандырылған бөлімшеге міндетті түрде жатқызылуы тиіс. Жүректің травматикалық зақымдануын емдеу мыналарды қамтиды: ауырсыну синдромын жеңілдету-нейролептаналгезия, есірткі анальгетиктерін қолдану тиімді; қарыншалық фибрилляцияның, пароксизмальды тахикардияның — верапамилдің, пропафенонның, амиодаронның, β-адренергиялық рецепторлардың блокаторларының дамуын болдырмау үшін жиі немесе топтық атриальды немесе қарыншалық экстрасистолалар пайда болған кезде аритмияға қарсы препараттарды қолдану, этмозинді, этацизинді қолдануға болады. II дәрежелі av-блокада дамыған кезде атропинді, изопреналинді көктамыр ішіне енгізу көрсетіледі, толық көлденең блокада дамыған кезде электрокардиостимуляция ұсынылады; гемодинамикалық көрсеткіштерді қалыпқа келтіру және миокардтың жиырылу қабілетін қалпына келтіру — жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздіктің дамуы жағдайында допамин, левосимендан, диуретиктерді қолдану көрсетілген. Жедел жарақат кезеңінде жүрек гликозидтерін қолданғанда сақ болу керек, онда гипокалиемия байқалады (әсіресе бірнеше жарақат кезінде) — жүрек гликозидтері қарыншалық экстрасистолаларды тудырып қана қоймай, қарыншалық фибрилляцияның пайда болуына ықпал етуі мүмкін; жүректің жабық жарақатының кез келген түрінде белгілі бір дәрежеде бұзылатын миокардтағы метаболикалық процестердің жақсаруы — терапия метаболикалық препараттарды, соның ішінде анаболикалық гормондарды қамтуы керек.
Миокардтың жарылуы немесе перикардиальды эффузиясыз ауыр қарыншалық дисфункциясы бар науқастарда PF катетеризациясы ерітінділер мен инотропты препараттарды енгізу үшін пайдалы. Шар тәрізді контрпульсация тиімді. Жабық жүрек жарақаты бар науқастарда антикоагулянттарды қолдануға қарсы. Гемодинамикалық тұрақты пациенттерде алғашқы тексеру кезінде өзгерістер болмаған кезде, ЭКГ және рентгенограммада қайта тексеру 12 сағаттан кейін жүргізілуі мүмкін және науқас жазылады. Егер ЭКГ-да спецификалық емес өзгерістер анықталса, динамикадағы ферменттер деңгейін талдаумен 24 сағаттық бақылау ұсынылады. Гиперферментемия болмаған жағдайда науқас одан әрі бақылаусыз шығарылуы мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   125




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет