Мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту. Қажетті құралдар: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер. Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.
«Төлдерін тап та, көрсет»
Мақсаты: Балалардың байқампаздық қасиеті, есте сақтау қабілеттерін дамыту, шапшаңдыққа баулу Шарты: тақтада көсетілген жануарлардың төлдерін сызық сызу арқылы көрсету. Керекті құрал-жабдықтар: көрнекіліктер: жануарлардың, төлдердің суреттері .