Ерік және мінез қасиеттерін бекітеді, адамгершілік сапаны жетілдіреді.
Ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі Эстетикалық тәрбие беру құралы.
Еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді.
Бірінен бірі ептілікті үйренеді, өзінің денесін нығайтады.
Дидактикалық ойын түрлері:
Ойыншықпен ойналатын ойындар.
Үстел үстінде ойналатын ойындар.
Сөздік ойындар.
Мектеп жасына дейінгі баланың дамытатын өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекеті ойын. Ойын арқылы бала өзінің қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен,адамдардың еңбегімен қарым-қатынастармен танысады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, көңілін көтеру әдісі деп қарамай жас ерекшеліктеріне сай олардың көзқарастарын мінез-құлықтарын қалыптастыру құралы деп ерекше бағалаған.
Ойынды бастамас бұрын педагог бала бойындағы қызығушылығын, ойынға деген талпынысын арттыру керек. Балалар ойынның күнделікті сабаққа қарағанда көңілдірек болатынын, күнделікті сабақ арасындағы дидактикалық ойынның маңыздылығын түсіне бастайды.
Дидактикалық ойынның ұзақтығы маңызды. Егер де ойын ұзаққа созылса балаларды жалықтырып, қысқа болса ойын мазмұнына түсінбей қалады.
Педагог ойынды ұйымдастырғанда көп іркілмей анық, қысқа түсіндіру қажет.
Сондықтан ойынға сәйкес жұмбақ ,жаңылтпаш, тақпақ, мақал-мәтелдер, түрлі сөздерді де пайдаланып отырған жөн.
Көптеген дидактикалық ойындар балалардың жеке-дара ойнауына арналған: мысалы /мозайка,пирамида/. Олар баланың дербестігін, аңғарғыштығын арттыра отырып, өздігімен еңбек етуге жетелейді.