Дидактикалық ойындар қоржыны – бұл мемлекеттік тілді меңгеруге деген танымдық қызығушылығын арттыруға қажетті құрал. «Ойын ойнап ән салмай, Өсер бала бола ма?»


«Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуда мүмкін емес»



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі13,07 Mb.
#96115
1   2   3   4   5
Байланысты:
ойын Аралбаева Аружан

«Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуда мүмкін емес».

Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған ,дүние туралы түсінік алады.
«Қиындыны құрастыр, пішіндерді ата».
Пішіндерге қарай ажырата білуге үйрету.Сөзбен атап айтуға жаттықтыру
Жұмбақтар
Мақал-мәтелдер
Жаңылтпаштар
Ребустар
Фонетикалық жаттығулар
Ұлы Абай «Туғанда дүние есігін ашады –өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең», - деген сөз осының айғағы.
Маң-маң басқан, маң басқан, Шудаларын шаң басқан. Төрт аяғын тең басқан.... Жан-жануарлардың, өсімдік дүниесінің тылсым сырларын, өзара байланысын әңгімелейтін тақпақ, жұмбақ өлеңдер де баланы әрі әсемдік әлеміне бойлатып, әрі табиғат құбылыстарын тануға септескен. Енді бір өлеңдер, балаларға сан үйретуге арналған санамақтар: «Бір дегенің білеу...», «Қуыр, қуыр қуырмаш....», жаңылтпаштар нағыз тіл ширату емтиханы болып саналады. Халықтың өмір тәжірибиесін, жақсылық пен жамандық туралы ұғымын жетілдіруде, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» әрі қысқа, әрі нұсқа ететін ғибрат сөздер мақал-мәтелдердің де тілдің дамуына қосатын орны ерекше. Өзінің мазмұнын және құрылысы жағынан балалардың жас ерекшелігіне, мінез - құлқына, психологиясына неғұрлым жақын келетін жанр-ертегілер. Міне, осы ауыз әдебиеті үлгілері арқылы баланың ой-өрісі, тілі дамып, өз ойын алтын сапқа қаптаған.
Балабақшада қазақ тілін үйретудегі сөздік жұмысын қоршаған ортамен, күнделікті өмірмен тығыз байланыстырып жүргізу, жаңа сөздер қамтылатындай әртүрлі ойындар ұйымдастыру: сөздік, дидактикалық, қимылды, оқиғалы желіс ойындарының шарты тіл ұстарту мақсатымен ойнатылады; көру, есту, тыңдау, қайталау, есте сақтау, жаттау қабілеттерін жетілдіріп отыру;
Тіл дамыту жұмысының дұрыс іске асуының кепілі.
Сөздік жұмысында сурет бойынша әңгіме құрастыру, тірек сөздерді қолданып сөйлем құрау, сурет арқылы әңгімелеу –логикалық және грамматикалық заңдылықтар бойынша құрылған, белгілі бір тақырыпта аяқталған ойды білдіретін және өзара байланысты бөліктерден тұратын біртұтастықты сақтау қарастырылды.

Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай жолмен болса да өтеу емес, балалардың білімді игеру, ақыл-ой қызметін дамытуда, өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындарда да балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады, оларды шешу үшін назарды жұмылдыру,ерікті зейін қою,ережені ой елегінен өткізе білу балалардың түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға,ұғымдарын қалыптастыруға, білімді меңгеруіне көмектеседі.
Ағартушы ұстаз Ы.Алтынсарин өзінің көптеген еңбектерінде таным әрекетінің негізі- оқу, білім деп тұжырымдайды.
Баланың танымын алғашқы күннен бастап дамыту құралы да болады оқу мен білімінің, тәрбиенің негізін қалыптастыратын- да ойын әрекеті болып саналады.
Орыс педагогы В.А.Сухомлинский:
«ойын баланың алдында өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін дамытады,ойынсыз ақыл-ойдың қалыптасуы мүмкін де емес»- дейді.
Назарларыңызға
рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет