Қанықпаған көмірсутектер АЛКЕНДЕР (этилен көмірсутектері немесе олефиндер)
Анықтамасы:
АЛКЕНДЕР – молекуласында бір көміртек-көміртек байланысы бар, және көміртек пен сутек атомдарынан тұратын органикалық ациклді қосылыстар (қанықпаған көмірсутектер).
Жалпы формуласы, номенклатурасы, негізгі өкілдері: CnH2n C2H4 – этен – Н2С═СН2 С3Н6 – пропен – Н2С═СН─СН3 С4Н8 – бутен – 1 Н2С═СН─СН2─СН3 С5Н10 – пентен – 1 Н2С═СН─СН2─СН2─СН3 С6Н12 – гексен – 1 Н2С═СН─СН2─СН2─СН2─СН3 С7Н14 – гептен – 1 Н2С═СН─СН2─СН2─СН2─СН2─СН3 Бір валентті этиленнің радикалы СН2═СН─винил радикалы деп аталады.
Құрылыс ерекшеліктері: Берілген жағдайда көміртек атомында сыртқы деңгейдегі үш орбиталь – бір s- және екі p-орбитальдар қатысады. Жұптаспаған электроны бар үшінші р-орбиталь өзгермеген күйде қалады.
Гибридтену күйі – sp2-гибридтену Валенттік бұрышы – 120o Байланыс ұзындығы - 0,133 нм Н Н σ│ σ │σ С ═ С σ│ π │σ Н Н Қос байланыспен байланысқан екі көміртек атомы sp2-гибридтенген күйде болады. Олардың гибридтенген орбитальдары сутек атомдарының s-орбитальдарымен қаптасып, σ-байланыс түзеді.
Этилен молекуласында 5σ−байланыс қалыптасады.
Көміртек атомының екі гибридтенбеген орбитальдары, σ−жазықтықтың үстіңгі және астыңғы жағынан қосарлана қаптасады. Гибридтенбеген р-орбитальдардың қаптасуы нәтижесінде ерекше байланыс π−байланыс түзіледі.
Яғни, этилен молекуласындағы көміртек атомдарының арасындағы қос байланыс бір σ−және бір π−байланыстардан тұрады. Қос байланыс жай байланыспен салыстырғанда берік. Байланыстардың (σ−және π−) беріктігі әртүрлі. π−байланысты үзу оңай, оның үзілген жерінен қосылу реакциялары жүреді.