Диен көмірсутекутері (Aлкадиендер) Диен көмірсутектері − алкадиендер


валенттігі және химиялық байланыс сипаты



бет8/11
Дата27.03.2022
өлшемі97,25 Kb.
#136927
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
komyrsutek 555

валенттігі және химиялық байланыс сипаты.
Көміртек атомы органикалық қосылыстарда химиялық байланыс түзгенде қозған күйге *) өтеді. Қозған күйде жоғарғы энергетикалық деңгейде жұптасқан s-электрондардың бірі бос р-орбитальға өтеді:


C(1s2 2s22p2 ) C*(1s2 2s1 2p3)

Барлық органикалық қосылыстарда көміртек атомы:



  • тек коваленттік байланыс түзеді;

  • валенттігі ІV тең;

  • құрамында атомдар жай, қос және үшеселей байланысқан түзу, тармақталған, тұйықталған тізбек түзеді;

Мысалы:
| | | | | | | |
– С – С – С – С – – С = С – С = С –
| | | | | | | |

Квант механикасыбойыншакеңістікте электрон ядроның айналасында болу ықтималдығын қарастырады. Толқындық қасиеті бар, өте тез қозғалатын электрон, ядроны қоршаған кеңістіктің кез келген бөлшегінде болады, оның тұтасқан әр түрлі орындары теріс зарядты белгілі бір тығыздығы бар электрондық бұлт ретінде қарастырылады. Демек, берілген электроны бар( болу ықтималдығы 95%), атом ядросының айналасындағы кеңістікті,бұл электронның орбиталі немесе бұлты деп аталады.


Электрон атом ядросынан неғұрлым алшақ орналасса, соғұрлым электронның бір атомнан екінші атомға өтуі жеңіл болады, сондықтан электронның маңызды қасиеті, оның атом ядросынан орналасу алшақтығы.
Органикалық қосылыстарда көміртек атомының валентті электрондары гибридтенуге ұшырайды.
________________________________________________________________
Гибридтену – бір атом орбитальдарының пішіні мен энергиясының өзгеріп, бірдей (гибридтенген)орбитальдар түзуі.
________________________________________________________________
Гибридтенген орбитальдардың пішіні созылған «сегіздікті» еске түсіреді.


Гибридтенудің себебі және физикалық мәні:

  1. Электрондар, тебісу салдарынан, бір-бірінен алшақ орналасуға тырысады.

  2. Берік химиялық байланыс электрон бұлттарының максималды қаптасу мүмкіндігі нәтижесінде құралады және бұл максималды қаптасу гибридтену нәтижесінде жетіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет