Дін анықтамалары. Дін функциялары


Діннің интеграциялық — дезинтеграциялық функциясы



бет6/6
Дата11.12.2021
өлшемі50,48 Kb.
#99368
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Дін анықтамалары
Қоғамдық сананы модернизациялау1, урок6, Базаркелды Мадина СОЖ d6cd0f9316e7834ad29d203589c08063, А мола облысы к шпелі т р ындарынан ІІ мемлекеттік Дума а сайлан, 1 рк жауаптары

Діннің интеграциялық — дезинтеграциялық функциясы. Дін арқылы бір жағдайда адамдар одақ құрады, екінші бір жағдайда адамдарды, топты, институтты ыдыратады. Интеграциялық фун­кциясы бір діни көзқарастық формадағы адамдардың бастарын қосады. Егер де діни көзқарас әр түрлі бола бастаса, онда діни қауымдар ыдырап, дезинтеграциялық функциясы орындалады. Діннің мәдениет тарату функциясы — дінді мәдениеттің бөлігі ретінде қарастыру болып табылады. Бұл функция, әсіресе алғашқы қауымдық құрылыста және орта ғасыр заманында үлкен орын алды. Діни ілім — жазудың, кітап басудың, өнердің, қол өнерінің және тағы басқа да мәдениет түрлерінің дамуына үлкен әсер етті де, қазіргі кезде де ол функциясы жойылған жоқ. Діннің осындай және басқа да функциялар жиынтығы өзінің маңызы мен рөлі жағынан әр түрлі нәтиже береді. Сол себептен, діннің тари­хи қоғам дамуында бір типті рөлі жоқ.Тіпті бір діннің өзі әр түрлі саяси бағыттарга қолдау бере алады, себебі діни ағым өзімен-өзі емес, керісінше, белгілі бір зайырлы идеология немесе ұстанымдармен қосылып, адамдардың саяси бағдарларының құндылықтар жүйесін құрастырады.

Дін – қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі, қаншама ғасырлар бойы адамзат баласы діннің мән-мағынасын ашып көрсетуге талпынып, қаншама ұлағатты істер атқарды. Дін мағынасына анықтамалық теория беру де оңай емес. «Религия» -(дін) терминіне келетін болсақ, латын тілінен аударғанда «байланыс» дегенді білдіреді. Адам Абсолютпен (ең кемел бағдарлаушымен) байланысын сезінеді, бұл адамның табиғатымен бітіскен қасиеті. Барлық діндерге ортақ мүдде – адамдардың бейбіт өмір сүруі. Егер адамдардың құдайға деген сенімдері, дінге деген сенімдері қалыптасса, бейбіт тіршілік ету мәселесі де шешіледі. Дін адамның ішкі жан дүниесінде мейрімділік, шыншылдық, махаббат деген сенім мен үмітті қалыптастырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет