Дін ділдің, тіл білімі иманның айнасы. Төртеуіміз түгел ме ағайын?
Қазақтың зиялы қауымен ел басшыларына екінші ашық хат!
Егемендік алып халқымыздың ислам құндылықтарын меңгеруге құлшынысы артып, арап елдерінен есіктің айқара ашылуымен бірге, енді кеңестік дәуірде біртұтас болған білімдік жүйемізге, «исламдық білім немесе масхабтық білім» деген ұғым қосылғаны сөзсіз. Осы тұрғыда халықтың білімділікке, сауатылыққа деген көз қарасын екіге бөліп, және сөз білімінде пікір талас сұхбаттың да алдынан кедергі болған, көптеген білімді, зиялы қауым өкілдерінің, бұл тұрғыда пікір айтуына да тиым салатын сауалдың негізі; «Исламдық толыққанды біліміңіз бар ма?». Ал, осындай сауалға жауап таба алмағандықтан, қазіргі қоғамдағы жалпы білімді-ғылымды саналған зиялы қауымның, ислам дін ғалымдарының алдында беделі түсумен бірге, дін тақырыбындағы білімділіктің сипаты да өз еншісін мемлекетімізден бөлек алып, яғни барлық білім-ғылым саласынан бөлектеніп, және ең бір жоғары, оған ешқандай құзырлы білім ошақтарының да араласуына болмайтындай мәртебеге жетіп, ендігі таңда арапша құранды жүргізіп оқи білген, немесе әйтеуір бір арнаулы дін оқуын бітірген имам, діншінің мәртебесі, қандай да бір ғалымнан жоғары саналып, ал егер құранды басынан аяғына дейін ақылсыз-ақ жатап алса, онда қарилық дәрежедегілердің, лауазымды акедемиктен де өздерін жоғары қоймаса, кем санамайтынын да хақ. Сондықтан дін туралы пікірталастың, қарсылық сынның да маңызы жоғалғанмен тұрмай, қайда баспасөз, немесе ақпарат орталықтары болса, ана сүті аузынан кеппеген, тұрмыстық өмір тәжірибесін де көрмеген, қандай да бір жас баланың халыққа, үлкендерге ақыл айтып; «шариғатта олай, пайғамбарымыз салақ салам, әлексалам » дегендей ана тілін шұбарлап, немесе ол туралы Құранда мынандай аят бар деп, әуелі арапшасын зу еткізіп оқи сала, артынан өзі қолма қол тәпсірлей салуына, керемет хикмет көргендей еліктеген барлық жастарымыз, енді ондай арнаулы діни сауатты аталғандарды, заманымыздың пір тұтар әулиелері ретінде қабылдау, табыну қалыпты салтымызға айналғаны да сөзсіз. Яғни діни сауаттылыққа; тәжірибе, ақыл толу, ұлттық тұрмыстық, тіршіліктік өлшемдік түгіл, естілік, ақыл тоқтату, ақсақалдық сөз пәтуалығы деген кие де маңызды емес, білімділік сапасына айналғаны да хақ. Сондықтан осындай шексіз, шекарасыз дәреже беретін білімділікке табынушылықтың әсерімен, жастармыз ес кірмей-ақ, өздері де бес уақыт намаз оқитын болса, және осындай дәрежедегілерге арналған, дін ғалымдарының жазған кітаптарын оқып, меңгере алса болғаны, аяқ астынан өз қатарында мәртебесі жоғарылап, енді өз қатары түгіл, үлкейгендер мен ақсақалдарға да тәлім-тәрбие үйретуші, әулие ақылшы болып шыға келетіні да даусыз. Осындай жағдайда, мұндай пенделердің сауатылығына күмән келтіріп, тәртіпке ұлттық әдет-ғұпымызға, шежірелік дін білімізге, аруақтық дәстүрімізге шақыра қалсаңыз, онда дереу; «Исламдық толыққанды біліміңізді» немесе арнаулы мектебінен алған құжатыңызды талап етіп, егер ондай нәтижелеріңіз болмаса, онда арап тілін білмейтініңізді бетіңізге басып, діни сауатсыз екеніңізді дәлелдеп берері сөзсіз. Өз басым осындай жағдайларға да, сауалдарға жиі кездесіп: «толыққанды исламдық біліміңіз бар ма?», «арнаулы дін орнын немесе мектебін бітірдіңіз бе?», «..дінді насихаттауға ұлықсат қағазыңыз бар ма?», тіптен болмаса арап тілін білетін, сол тіл арқылы ғана құранды үйрететін «пірің бар ма?» дегендей сауалдарды көп кездестірдім. Бұндай жағдайға, осындай мен сияқты кеңестік дәуірде түрлі салада, білімнің құдығын инемен қазып, оларды тұрмыс тіршілікте, шаруашылықта амалға айналдырып, талай сынақтардан өтіп, енді естіліктің жасына жетіп, жаратушысын тану жолында нәпсісімен, әдеттерімен, күнәлік рухымен, кірлеген өз жынымен соғысып, дінін тазартушы, әрбір ердің жасына келген замандастарыма да ортақ құбылыс екені де сөзсіз. Бұл тұрғыда жасы кемелденген, ғылым-білім саласы мен, ел басқару істерінде де, отанымыздың дамуына өз үлестерін қосып, зейнетке шығып, енді жастардың өздерін неге білімсіз, діни сауатсыз атайтынына іштей күйініп жүрген ақсақал, аналарымыз да жеткілікті екені де даусыз. Сонда біздің меңгерген, кеңес үкіметі кезінде меңгерген біліміміз, діншілердің айдар таққан «ислам білімнің» алдында маңызы да, салмағы да жоқ болғаны ма?-деген сауалдың да көптеген қартарымыздың, үлкендеріміздің көкейінде тұрғаны да хақ деп біліңіз. Сондықтан да; «исламдық толық қанды білім» дегенді қалай түсінеміз, және жалпы білімнің өлшемін қалай анықтауға болады?,- деген сауалға енді бірге жауап іздеп көрсек. Әрине ислам туралы пікірдің, пәтуалардың ақ қарасын ажыртуға, және жалпы адамзаттың құранға, ислам діннің қандай да бір құндылықтарына байланысты үкімді, насихатты әуелі пайғамбарымыздың өсиетінен іздеп, сосын құраннан мысал, үлгі өсиеттерін алу, мұсылмандық парыз десе де болады. Сондықтан пайғамбарымыз; «Білім екі түрлі болады, біріншісі адамның ділінде, (қанында) болып келеді де, ол адамға пайдалы болып есептеледі. Екінші білім ол адамның тілінде болады. Ол Алла тағаланың адам баласына жіберген куәлігі болып есептеледі.» (568-өсиет) деген өсиет қалдырыпты. Сонымен; діл ұлттық, үмметті ерекшелікпен байланысты ұғым деп қарасытырсақ, әуелі тіл білімі дегенімізді талқылап өтсек. Және Пайғамбарымыз қандай тілдің қасиетін астарлап меңзеді екен? Әрине оны арап танушы, дін ғалымдары және қатардағы діншілер де осы өсиетті негізгі жалау қылып, қазіргі таңдағы дін исламдағы басты ұрандарын, білімдік бағытын қорғаумен; «құран тілі арап тілі» сондықтан тілі білімін меңгеру; құранды арапша оқи білу, деп өсиетті тәпсірлеп түсіндіруі қалыпты жағдай. Ал енді ғылымға жүгінсек; пайғамбарымыздың алдымен ескерткен, адамзатқа қандай жағдайда да тек пайдалы болған діл білімі; ана қанындағы 11-жұлдыздық белгілермен және сыртқы әсер 7-санымен байланысты болып қалыптасатын діл қуаты гендік ерекшеліктің де, тек ұлттық ерекшелік ана тілінсіз, діл білімі мүлде жетілмейтінін білген жөн. Сондықтан қандай да бір үмметік ерекшелік, тек ділмен белгіленіп, ал діліміз, ұлттық тілге, тікелей әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге де тәуелді болғандықтан, енді пайғамбарымыздың өсиетімен тіл білімінің өзі екі сипатта болып, яғни жартушымыздың; «барлық нәрсені жұбымен және парымен жараттым» деген үкіміне де лайық болып саналады. Сонымен тіл білімі ана рухымен және жер рухы 40-әулиемен байланысты екі сипатта болады. Бірінші сипатты діл білімінен байланысты ана тілінің білімін аталарымыз 7-әулимен белгілеп; Әулие-қыз; Әулие-тұз; Әулие-дәм; Әулие-ат, көлік; Әулие-жер, ел; Әулие-күн; Әулие-ит түрлі себептік қуаттық белгімен, «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» яғни тілің жойылады деген де астарлы нахыл қалдырған. Және тілдің бұндай сапасының 7-үнге, ұлтық «Фатиха» ерекшелігіне, үнге байланысты екенін; «Қызылбастан қыз алсаң үн жоғалар, үн жоғалса көкіректен сөз жоғалар» деген нахылмен, арап тектес елдерден қыз да алмауын ескертіпті данагөй бабаларымыз. Бұл нахылды шешу үшін де; «Ақыл алтыда, Ой-жетіде» деген мақалға сүйенсек, ойдың толық көрнеуге яғни материялдық, заттық бейнеге айналуы ана тілі осы жеті түрлі үндік киелікке байланысты болмақ. Сонымен енді жер бетінің жартылыстық нәрселердің киелері яғни үндеріне, тілдеріне де байланысты 40-әулие болып, бұл белгіні сөздің белгіленуі болып, сонымен 7-үн және 40-түрлі дыбыстық нәрселер болып, барлығы 47-санымен Мұхаммед сүресін яғни рухтың толық затануын, жер әлемдегі адамзатқа ортақ құранның белгісін береді. Сонымен осы 47-құран белгілірін меңгеруден, енді әрбір үмметтің ділдік белгісі және ол да әйел затының қанында заттық бейнеге жұлдызшаларға айналуы да хақ. Бұл жағдайдың да енді көмес, қуаттық ақиретік денелермен бейнесі болып, оны атларымыз «Ғайып ерен (7-сан) қырық шілтен» деп Мұхаммед пайғамабар аруағын, шапағатық сипатын ескерткен екен. Енді екінші жағдайдағы пайғамбарымыздың өсиетінде ескерткен, арнаулы тіл білімін талқылап көрсек; Адамзат білімінің қанмен бейнеленген, ұлтық «Діл»-атты білімінің екінші жұбы болған, адамзатқа ортақ куәліктің, яғни әлмисақ уәдесі болған, нәсілдік сипаттарға байланысты адамзатқа ортақ тілді ескерткен. Сондықтан да пайғамбарымыздың қандай да бір өсиеті, құран аяттарының құпия сырын, ғылымын ашықтау үшін айтылғанын ескеріп, енді құраннан бұл жағдайды тексеретін болсақ, онда негізінен тіл білімі, ғылым тілі болып, құранда; «Дәуітке және Сүлейменге ғылым берілді» деп ескертуімен; Дәуіт пайғамбарымызға; құстың, таулардың, барлық жартылыстың тілі мен бірге өнердің, темірден түйін түйіп, түрлі құралдар жасаудың тілі үйретілгенін, сонымен дірге діл білімі шешендік, сәуегейлік, абыздық қасиеттің де берілгенін ескертеді. Сонымен бірге Сүлеймен пайғамбарымызға олармен бірге жәндіктердің де, шеріктердің, жының, шайтанның, желдің тағы да барлық көмес жаратылыс қозғалыс себептерінің тілін меңгеріп, басқарылуын, аят арқылы бекітіп, ғылым болып берілгені баяндалады. Сондықтан мұндай бақсылық қасиеттер рухани тұрғыдағы тіл білімі болып, Алла тағаланың адамдық қасиеттерді, рухани дарындылықтарды меңгеруге түсірген елшілік куәлігі болып, адамзаттың негізгі сынағы да, барлық құпия хикметтердің тілін табу өнері, ғылым алу болып саналады екен. Енді иман келтіру дегеніміздің негізі де, осы тіл білімімен, құпия сырлы ғылымен байланысты болмақ. Ал, қандай да бір нәрсені тану үшін алдымен керекті сенім қуаты болса, иманның күзетшісі және ділді жетілдіруге сақтауға, қорғауға бағыталатынын біліп, сенім мен иманның ерекшелгі де осындай белгімен ескертіледі. Сондықтан да інжілдің негізгі білімі және Ғиса пайғамбарымызға рухтан жаратылғанан кейін сенімін, рухын тазартудың да маңызы болмай және де тек жоғарғы рухтың жәнен ана қанының тақуалығынан, Алланың жалғанған көркем сөзі, діл білімі толық таза болғандықтан, енді тікелей ақиреттік біртұтас адамдардың білімдік тілдерін меңгеру арқылы; бүкіл жартылыс қозғаушы себетеріне яғни барлық жындар, шайтандар және аурулардың тілін, өліктер арқылы хабар білудің тілдерін де меңгергені баяндалады. Сол сияқты, осындай барлық негізгі 24-пайғамбарымыздың меңгерген тіл білімдерімен бірге, түгел жүйеленген рухтың тілін де, өліктердің тілін де түсінудің қасиетін меңгерумен және негізінен Алланың құдіретті қолы болған жанның тілін, құпия хикметті білім сырын яғни иман қуатының барлық сатыларын Мұхаммед пайғамбарымыздың меңгергені, және осындай иман қуаттары арқылы өлілермен, жанаттық, тозақтық кісілерден тікелей хабарлар беріп, хабар алып отырғанынын, әрбір ислам дінін зертеуші, имам, қатардағы дінші де білу міндетті парыз болу керек, сондықтан бұл жағдайға тоқталмаса да болады. Енді осындай иман келтіру амалы арқылы ғана, атқарылуға тиісті және ислам дініндегі ең даулы жартлысқа басты себепші қолдардың, жандардың тіл білімі болған; Алла тағаланың пенделермен сөйлесуі, яғни Абай атамыздың ескертіп кеткені; харіпсіз, үнсіз, дыбысыз тіл білімі болып, бұл туралы «42-51» аятта, тіл білімінің 3-түрлі қуаттық сипатта болатынын ашық үгітпен ескерткен. Бірақ бұл сияқты жүздеген аяттар мен мұндай құпия сырлы білімнің бәрін, біздің Ханафи ұстанымында, масхаб ғалымдарымыз; «Алла тағала пенделермен тілдеспейді» яғни хабар алып, хабар да бермейді, сондықтан кім Алла тағаладан хабар алдым десе, онда серік қосу деп, жоғарыдағы Раббымыздың үкіміне де, жалпы пайғамбарымыздың сүннетерін де мүлде жоққа шығаратынына мысалдар келтіріп, осындай залымдықтарына байланысты жоғарғы дәрежелі ғалым, тиелог, хазірет аталып, ел билігінің қолдауын, марапаталуын дәлелдеудің де қажеті шамалы. Олай болса, масхаб білімі, Ханафи дін ұстанымында жоғарыдағы білім туралы берілген пайғамбарымыздың өсиеті де жалған, яғни пайғамбармызға да, Раббымыздың білімінен де біздің дін ғалымдарымыз ашық қарсы және оларды пікір таласқа шақырып, тәубеге иман келтіруге мәжбүрлеу де мүмкін емес. Себебі олардың мұндай өтіріктеріне құдайдай сеніп, ұйып тыңдап, ақылдарын өз қолдарымен тұзақтарына байлап берген, пәтуаларына табынып, әулиедей сенетін, артынан ерген тобырлары жастардың да халықтың да басым көпшілігі болып табылады. Және ең үлкен қасірет те, осындай жалған пәтуларды құранмен ділдің екінші жартысы білімі болған, сандық ғылым тиологиясы арқылы тексеріп, сараптап, ақ-қарасын ажырататын философ, ғалымдарымыздың да көбі осындай біржақты бағытты ұстанғандар жағында болғандықтан, ел басшылары да оларға сенім білдіргендіктен; елдің рухани азғындығын қалыптастырып, надандықтың дәнін өсіруші тобырды заңмен қорғап, түшкірсе де «жәркәмәлдасы» да дайын тұрғаны да хақ. Сондықтан да, бұндай рухани салада, біздер сияқты бұхаралық қауым өкілдерінің, шаруашылық саласында алған білімдерімізді жетілдіріп, тәжірибеге айналдырып, ата-баба тарихи тәжірибесін, ғұрпын амалға айналдыра отыра, тылысымдық, ғылымдық тіл білімдеріне де азды-көпті жалғана біліп, әртүрлі ем-шипалық қасиетерді жетілдірумен, нақты рухани жетістіктерге жеткендер түгіл, іргелі ғылымды меңгереген, тіл білімінің рухани шабыт атты екінші саласынан хабардар болған атақты ғалымдардың да уәжі тек, торғайдың шырылындай ғана. Енді бұл мысалдармен шариғат масхаб білімін, мүлде жоққа шығарып отырмағанымызды және діл білімін жоғары сатыға көтеру де, тазарту да тек осындай шариғаттық амалдарды сақтау арқылы ғана нәтиже бертінін де білгеніңіз жөн. Негізнен тіл білімін меңгеру, бекіген дін істері шариғаттан жоғары тұрған Құдай ісіне жатып, ал шариғат тек бекіген дін ісі болумен тұрақты намаз оқу арқылы сәзжде құлшылықтары арқылы ділді тазартуды, сенім қуатын бекітуді ғана қалыптастырып отыру керек. Тек ділді тазатртумен тіл білімін меңгеру мүмкін емес және қосымша қандай да бір тіл білімінсіз, діл білімі өз бетінше заманына қарай өсіп өркендеуі де, құранның құпия сырлы ғылымы да иман болып зейнетелеп келуі де мүмкін емес. Енді діл білімі әйелзатының тақуалығына байланысты сақталып, көбейетін болса, ал тіл білімі тек еркектердің тақуалығы және ғылымды яғни тіл білімін меңгеруіне тікелей тәуелді. Сондықтан масхаб ғалымдарының пайғамбарлық пен елшіліктің арасын ажырата алмауының да бірден бір себебі де, осындай жағдайда пайғамбарымыздың астарлы түрде ескерткен өсиетін тәпсірлей алмауынан, және тіл білімін арап тілі деп теріс ұғынудан да туындаған. Пайғамбарлық қасиеттердің негізгі жартысы діл білімімен байланысты болып, Мұхаммед пайғамбарымыздан кейін, діл білімі толық жетіліп, енді үмметік ерекшеліктерде тұрақты болып, жоғарғы белгісі 47-санмен қазығы қағылғанынан және енді жер бетінен келген барлық рухани құндылықтардың құран арқылы шегі белгіленгенін ескертеді. Сондықтан әлем халқындағы ділдік белгі 9-топқа бөлініп, жәнен тек 9-санымен ғана иман қуаты дәрежеленетінін білдірген масхаб білімі түгіл жалпы исламдық дін ғылымда ақпарат жоқ. Ал тіл білімін меңгеру 9-дәуірлік белгі мен Мұса пайғамбарымызға берілген 9-түрлі мұғжиза хикметтермен байланысты болып, бұл хикметті қозғалыс себептерін меңгеру, Адам атамыздан бері елшіліктің негізі болып, оны меңгеруге тек еркектерден ғана елшілер тағайындадым деген ашық аят үкімі де бар. Сондықтан осындай 9+9=18 санды меңгеру яғни оң қолдағы алқанындағы белгі осы діл мен тіл білімінің бірлігінен ғана қалыптасып 18-мың ғаламен байланысқа түсу белгісі болып саналады. Енді пайғамбарымыздың шапағатына жалғануға яғни діл білімін жетілдіруге, пайғамбарлық қасиетерді меңгеру ер, әйелге де ортақ дін ісі болып, ал тілі білімін жетілдіру, толық меңгеру және оны әйел затына рухани егін қылып егудің де ұлтық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптық ерекшелігі де болатынын ескергеніңіз жөн. Ол үшін ұлтық әдет-ғұрып, сал-дәстүр және неке заңдылығы, ұрпақ тәрбиесі арқылы ғана мүмкін болмақ. Сондықтан сол қол алақанындағы 81-санды меңгеру үшін пайғамбарымыздың сүнетімен қосылатын 63-санды тарихат, мағрипат білімін де қажает етуі хақ. Бұл тұрғыдан да масхаб, Ханафи білімінде де үлкен қателіктермен, кейінен масхаб білімін тарихаттық, мағрипаттық дәрежеге көтерген түркілік әулиелер істерін мүлде ұмыттырып, қайта кері араптық орта жолдық ұстанымға оралумен, қызылбастық жолды таңдап алғаны да хақ. Бірақ, атадан балаға, анадан қызға мирас болып келе жатқан, түркілік ақ бастау болған, ұлтық құндылықтарымызды мүлде жойып жібере алды деп айту да қателік. Бәрібір ата тегімізде бар тіл біліміміз, және қанымызда бар діл біліміз бой көрсетіп, еліміздің барлық саласында да, әртүрлі кәсіптің, жартылыс себептерінің тіл білімін меңгерегендердің бәрі, ел шаруашылығын, өркенниетін қалыптастыруға үлес қосушылар білімді, сауатты елміздің негізгі тұрғындары, тек қана арап тілін меңгермегендіктен немесе бес парыздық тұрғысында яғни масхаб білім турасында білімсіз, діни сауатсыз болып, ал ақиқатына жету «Төрт білім көзін түгелдеп» сонан кейін 5-ші білім көзін табу арқылы ғана құран білімімен дәлелдеу, қазіргі «білдімандар» ел, дін билігіннің, ақпараттар орындарының тұтқасын ұстап отырған таңда мүлде мүмкін емес екені де даусыз.
Діл білімінің негіздері.
Ал, енді біздердің осындай түрлі себептермен, өз ара қайшылықтағы білімдеріміздің ақ қарасын, есік, жаңасын ақиқаттың негізгі өлшемін қандай жолмен анықтауға болады?- деген сауал қойып көріңіз. Аталарымыз әрбір шындықтың шыңға ақиқатқа бейнеленуін; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген нахылды діл, тіл білімінің негізгі қағидасынан айналдырып, 5-ші білім бұлақ көзін ашып, ақиқаттан хабар алуды да меңгере білген екен. Бұндай ақиқаттан хабар беретін білімнің жағдайы да, Египет еліндегі төрт қабырғалы мұнаралармен 4-жақтауы болып, ал бесінші ең ұшар басы, барлық құрлыстың нүктеге, шарға, ақққа айналаған бесінші орны болып саналады. Және мұндай мұнара белгілердің де 4-түрлі кітабы бар екенін, барлығы негізінен 25-пен аяқталатынын, бесінші биіктеп бара жатқан мұнараны құлатылғанын құран насихаты ескертеді. Сондықтан бұндай 4-пен жүйелеп, беспен ақиқатын табу білім негізі Тәураттан бұрын да белгілі болғандықтан, ислам дінін араптарға Мұхаммед пайғамбарымыз арқылы келгенде, текті бабаларымыз жиналып; «Бұл халық төртеуін түгелдейін деп жатыр, барып үйреніп келіңдер» деп, Укаша сахаба бастаған әскер қолдың, Мұхаммед пайғабарымыздың сахабаларының қатарынан, сапына тұрып, ислам дінінің орнауына арап түбегенде де үлес қосқанын, өз арамыздан шыққан тамырсыз, ұлтжандылығы иманы түгіл, отанына, ата баба рухына сенімі де жетіліп қалыптаспаған ұлтшылдығы жоқ, арапшыл дінші ағайындарымыз бен, сол жақтың ғалымдары ғана мойындаудан қорқады және исламды қазақ жұртына тек араптар келіп үйретті, қабылдатты деген, ашық жала қойудан да мүлде жалығар да емес. Ал енді, діл білімін өркендететін, білім көздерінің қалай дәрежелену себін анықтап, және төртеудің білімін қалай түгелдейміз? Енді, пайғамбарымыздың ескерткен; білімнің екінші саласы болған, діл білімі дегенімізді жалпы қалай түсінеміз? Егер бұл білімді Ханафи масхаб білімнен іздеп көрсек онда; Діл туралы масхаб білімінде аты болғанымен, бірақ заты, өлшемі сипаты мүлде жоқ. Қайрат Жолдыбай ұлының «Дін мен Діл» атты кітабы да шариғат білімін талқыға салғанымен, шындығында діл білімінен мүлде ақпаратта жоқ, керісінше қазақтың діліне ашық жала жауып, сондықтан бұл еңбек тек көз бояу мен, өзін пір тұтқан артынан ерген тобырларға ғана арналған. Яғни біздің сөз білімнің, әдебиет саласындағы және философ ғалымдарымыздың сауатсыздықтарын жіте пайдаланған, дін ғалымы атағын жамылғандар, «Аңқау елге арамза молда болып», оған ел басшыларын да ұйытып, бұл ғасырлық өтіріктерін өздерінің дәрежесін, атақтарын артыруға пайдалана білгендері да хақ. Бірақ мұндай еңбектерде діл түгіл, дін туралы да толық мағлұматтың жоқтығына, оны енді еліміздің негізгі білімді, ғалымдары да мойындап, иланбайтыны да хақ. Міне осындай жағдайды пайдаланған шайтаннан болған пенделердің бастықтары дереу; «Дін мемлекетен бөлек» деген заңды, яғни құдайсыз ел билігін қалыптастырып үлгіргені де, халыққа жасырын емес. Шындығында діл білімі, дін білімі мемелекетің білім жүйесінен бөлек пе? Бұл салада Әл Фараби атамыз; «Адамға екі түрлі білім керек, бірі логика, философия, психология болса, екіншісі «хандисат білімі» яғни сызбалы геометрия білімі» деп ескертіпті. Енді атамыздың бұл өсиетін қарапайымдасақ; бірі діннің негізгі саласы сұхбатты меңгеру яғни; сөз өнері, діл-марлық, шешендік, абыздық, сәуегейлік болып ол, мемлекеттің білім жүйесінде философия, психология, логика пәнінің туындысы болып табылады. Яғни бар пәндердің атасы, адамзаттың ойлау қабілетінің ғайыптан, көмеске бейнелеу өнері болып саналады. Ал, енді екіншісі, осындай жағдайда өркен жайған ой білімінің ғылымдық сипаттарға, көместен көрнеу бейнеленуге айналуын, яғни санмен, сызықтармен, таңбалармен бейнелеу өнері арқылы барлық іргелі ғылымдардың негізін қалайтыны даусыз да бұл жағдайды аятта; «..Ол есепшілердің ең жүйрігі, сақ боларсыңдар» немесе «Кітапты алып меңгермегендер кітап арқалаған есек сияқты» деген насихаттармен, есеп, сан сызықтық білімдердің хабардар болмай, құран аяттарын тәпсірлеуге болмайтынын ескерткен. Ал бұл екі білімнің арсын ажырату тағы мүмкін емес және жеке-жеке өмір де сүре алмайтынын тағы естен шығармаңыз. Есепсіз сөз өнері, сөз білімін білмей есепші болуда мүмкін емес. Сондықтан да; Толықанды діл біліміз осылай ғана көрнісін бермек. Бірақ, жоғарыдағыдай ділдің жұбы, серігі болған тіл білімі түгіл, мұндай діл білімінің сөз дарындылығына байласты жартысы ғана болған, қасиетті меңгерген хазірет немесе дін ғалымы қазақ елінде бар ма? Мен өз басым әлі кездестірген, немесе бойға шабыт, ойға азық беретін жазған кітаптарын да оқыған емеспін. Себебі діл білімнің бұл саласы яғни бабаларымыздың шабыт қуатының бұлағы болған, ақыл-ойдың қайнары, халқымыздың тіршілік тәжірибесі, далалық философиясы құран аятарымен негізделіп, Абай-Шәкәрім аталарымыздың еңбегінде толық қамтылған. Бірақ оның енді масхаб білімімен, құран аяттарымен, пайғамбарымыздың өсиеттерімен байланысын, құранның насихаты екенін, әлі ажыратып дәлелдеген хазірет, дін ғалымдары түгіл философ ағайындардың да еңбегі жоқ десек жалған емес. Оның да негізгі себебін түсіну үшін; Әл-Фараби атамызға тағы да жүгініп көрсек; «Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі үшін және ең кемелдік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол қандай да бір адам қауымын қажет етеді, осы қауымдағы адамдардың әрқайсысын оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне сондықтан да бір-біріне көмектесіп отыратын біреуі екіншісінің өмір сүруіне қажетті нәрселерің бір бөлігін тауып беріп отыратын көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жаратылысынан сай кемелдік дәрежесіне жете алады.» Атамыз бұл өсиетін Раббымыздың; «Әрбір адам баласы, өз қауымын өзгертпейінше Алла оны өзгеруші емес» деген аяттың үкіміне және баларымыздың даналығы; «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» деген әрбір пенденің нағышы, өз жұрты және қайын жұртынан келген діл кітаптарының, аруақтық білімінен тұратынын ескерткен, яғни тарихи біліміміз, шежіремізден байланысты аруақтық қауымсыз адам баласының рухани жетілмейтінін ескертеді. Ал осындай жағдайда аруақтық қауымның болмайтынын, адам баласына дос көлеңке, «жүрек» болып еруші және төбеден періште «көздер» болып, түсінде аян, ақыл беріп даналықты үйретпейтінін, яғни «Серік, шерік қосу» деген құранға ашық жала қойған, масхабтық білімге сенген философ, ғалымдарымыздың, ел билеушілерінің, қазақтың тарихи тәжірибесін құран арқылы түбегейлі зертеуге құлқы жоқ, бейтараптығынан, осындай жалпы халықтық надандықтың құдығына түсуге себеп болғаны да хақ. Бірақ дінсіз діл білімі де өздігінен жетіліп өнім беріп, киелі, текті ұрпақтардың өмірге келуі де екі талай. Сондықтан ислам дініне дейін қазақта дін болмады десек онда тұқымызбен аузымыз сасыз еді дегемен бірдей, ұлтық шежіремізді де, ғұлама бабалрымызды да жоққа шығарумен бірдей. Ал мұндай жағдайда, яғни бұрынғы білімсіздік, жалпы сауатсыздық жағдайында, бірақ алты түрлі аруақтық білімге сенген, сонымен әрекет құлшылығын қалыптастырған, қазіргі жағдайымызбен сауатсыз атаған шалдарымыздың толық діл білімін қалыптастыруға арналған дін білімі қандай болды екен?- деген сауалдың пайда болуы да шындық. Ал енді бұндай ділдік білімділікті аталарымыз; «Ұлдың жақсы болуы нағашысынан, үйдің жақсы болуы ағашынан» деп астарлы ескертіпті. Үй дегеніміз нәзік жандылардағы 40-жан ошағын, яғни діл ошағының әкенің тектілігі, білімділігі ағашына, яғни шауқатына тәуелділігін ескерткен. Сондықтан қыз баланың текті, ділді қаны таза болуы да әкеге байланысты болып, енді қырық үйден тиым көріп өскен, қаны таза арлы әйелден ғана, жақсы ұлдың пайда болатынын яғни діл білімінің жан сырын осы бір ғана мақалдан көруге болады. «Ұлдың жақсы болуы да нағышысынан» деген нақылда айналып келгенде, жақсы әкеден текті қыз келіп, тек сол қыздың қаны арқылы ғана киелі ұрпақтың өмірге келуін яғни имандылықта, тектілікте ділге ана қанына байланысты екенін ескертіп кетіпті. Сондықтан да діл білімін жетілдіріп, тазартып және екінші сандық, сызықтық яғни іргелі ғылымнан да хабардар болып, білімін жетілдіріп, ділін толық меңгергендерді «Төре» деп хан сайлап, ал енді масхаб білімімен құлшылық арқылы, діл білімнің философия дарындығын, кемелдігін қалыптастыру мен бірге тіл білімін меңгергендерді қожа атағаны, бұл жағдайдың ислам келуіменде азғындыққа түсіп, руға айналып кетекені де хақ. Пайғамбарымыз да екі түрлі пайғамбарлық қасиеттердің болатынын және бұлардың барлық қосындысы 70-санын беріп енді қайсысы тіл білімінен, қайсысы діл біліміне жататынын көрсеткен бірде бір масхаб ғалымдарының еңбегі де жоқ. Бұл жағдайды Ясауи бабамыз ашық дәлеледеп сандар тағлымыен белгіліп те кетеекенін де білмейміз.Және бұл тіл білімінің қазақ аталарымыздың сонау тәураттық замандардан аржағында меңгергенін де, шежіре тарихымызда әдет-ғұрпымызға айналған тылысым сырын, табиғи күштерді меңгерген аңыздар да жеткілікті. Беріден ғана мысалдарға жүгінсек Ясауи бамыздан бастап, Әл-Фараби атамызбен жалғанған, ділі мен тілі білімі және масхаб білімін жетілдіре білген қазақ ғұламалары 100-ден асып жығылады десек жалған емес. Сонымен адам баласынан діл білімінің екі сапасы және тіл білімнің, жекелей алғанда үш түрлі білім арасын дәрежелеп жалғау үшін, төртінші білім негізі, ислам құндылығы болған масхабтық білімсіз мүлде мүмкін болмай, енді барлық гәп те, қателікте осы төртінші білім көзі болған, бесінші таза бұлақ көзін ашатын исламдық құлшылық амаладарын шариғатық ұстанымыз арқылы меңгеру арқылы пайда болмақ. Бірақ осы масхаб білімі мен, жоғарғы діл мен тілден пайда болатын, үш саланың бір кезеңдерде бірігу сапасы міндетті болу керек. Ондай 4-түрлі білімдердің бірленуін, исламның негізгі амалы болып, енді ділдің философиялық кемелдену бірлігі, тарихатпен яғни аруақтық керекті іздеген затыңды алып отырумен атқарылса, ал негізгі жер әлемінің білім негізін қалайтын екінші сызықтық, сандық білім негізі, мағрипат арқылы қауышатынын білгеніңіз де жөн. Сондықтан енді исламдық тағы білімнің екі сапасы пайда болып, оның белгісін енді «Қағба» яғни 6-жақты кірпішпен белгілеп, Абай атамыздың; «...