Дін тәрбие діңгегі
Кіріспе :
Армысыздар құрметті қонақтар,ұстаздар және оқушылар «Дініңді сақта,салтыңды сатпа, сенімді ақта, ел болашағы жастар!»дегендей бүгінгі 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Дін тәрбие діңгегі» атты дөңгелек үстелге қош келіпсіздер.
Дөңгелек үстеліміздің мақсаты:
Діни экстремизмнің алдын алу бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу.Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан жақты талдап,жастарға ой салу.Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға,мейірімділікке,патриотыққа тәрбиелеу.
Қонақтармен таныстыру:1.ДТІЖ орынбасары :Жаманқараев А
2. Пед психолог : Мұсаева Э
3. ДТІЖ орынбасары :Алламұратова Қ
Мұғалім:
Бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт қатар өмір сүруі және өзара тиімді қарым қатынас жасауы үшін елімізде қолайлы жағдайлар жасалған,кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып,азаматтардың қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіруде.Соңғы кездері экстремистер бейбітсүгіштікке,ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауғатәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға,басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда,осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.
Соңғы кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі
аса өзекті болып отыр.Терроризм бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат.Терроризм барлық түрлері және көріністермен,ауқымы және қарқындылығымен,зұлымдығымен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.
Осы жерде сіздерге мына бір бейне баянды ұсынғым келіп тұр,назар аударайық (бейне ролик)
Енді біздің мақсатымыз осы жастарды осындай жат діни ағымдардан аулақ болуға шақыру.Олай болса біздің мына отырған жастарымызға өз ақыл кеңесін айта отырса деп сөз кезегін:
1. Мектеп директоры : Шолпан Сариановаға
2. .Мектеп ДТІЖО Абдіразақ Жаманқараевқа
3. Мектебіміздің пед психилогы Элмира Мұсаеваға берсек.
Оқушылардың сіздерге қоятын сұрақтары бар екен,ендеше кезекті оқушыларға берсек(оқушылар өздерін мазалап жүрген сұрақтарын ашық қоюына болады)
Мұғалімнің сөзі:
Оқушылардың есінде сақтап жүру үшін мына ережені ұсынғым кеп отыр:
1.Сізге таныс емес ,көшеде кездескен адаммен дін ұйымының жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!
2.Егер сізге діни бағыттағы парақтар,брошюралар,журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып,сыпайы түрде бас тартыңыз.
3.Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз,қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.
4.Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер,миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.
5.Есіңде болсын! Есте сақта!
Құдайға сену , яки сенбеу өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем деп достарың мен жақындарыңнан айырылып қалма !
Қорытынды сөз
Бүгінгі «Дін тәрбие діңгегі» атты дөңгелек үстелімізді Елбасымыздың сөзімен қорытындылағым кеп отыр:
«Діни экстремизм ,ол адамдар арасына іріткі салуға,өшпенділік отын тұтатуға ,қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады.Пиғылы бөтен,қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, ертең бірлігімізге сызат түседі.
Егер елімізде нағыз таза мұсылман ,Құранның жолымен жүретін халық көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады»
Құрметті қонақтар бүгінгі біздің «Дін тәрбие діңгегі» атты дөңгелек үстелімізге қатысып өз ойларыңызды ортаға салып, ақыл кеңес бергендеріңіз үшін көп рахмет.Алланың нұры жаусын келесі кездезкенше сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |