Диплом жұмысы (жобаны) алдын ала қорғаудан өту үшін шығарушы кафедраға тапсырылады.
Диплом жұмысы (жобаны) алдын ала қорғау кафедраның ашық отырысында студентгердің және міндетті түрде ғылыми жетекшілердің қатысуларымен өткізіледі.
Алдын ала қорғау кафедра отырысыныңхаттамасымен ресімделеді. Алдын ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген, аяқталған диплом жұмысы (жоба) ғылыми кеңесші мен студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.
Ғылыми жетекші диплом жұмысына (жобаға) жазбаша сын- пікір жазады. Диплом жұмысы (жоба) қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.
Диплом жұмысы (жоба) қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақжазбаша сын-пікір жазады, диплом жұмысының (жобаны) қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі өзінің жазбаша сын-пікірін жазады. Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі диплом жұмысына (жобаға) нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады. Егер кафедра меңгерушісі студенттің диплом жұмысын қорғауға жіберуге болмайды деп шешсе, бұл мәселе студент пен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра мәжілісінің хаттамасы жоғары оқу орнының ректорына бекітуге ұсынылады.
Шығарушы кафедраның қорғауға ұсынған диплом жұмысы (жоба), пікір жазу үшін рецензентке жіберіледі.