Кез – келген денелердің жылдамдығы шама жағынан да, бағыты да оған басқа денелер әсер еткенде ғана жерге қатысты өзгереді. Айталық, жоғары лақтырылған доптың үдеу алу себебі біздің қолымыздың бұлшық еттерінің әсерінен болады. Оны қағып алып, тоқтату үшін де қолмен әсер етеміз.
Атылған оқ от алған газдың әсерінен жылдамдық алса, ауаның салдарынан жылдамдығын азайтады. Жоғары лақтырылған тастың жылдамдығы жердің тарту күшінің салдарынан кемиді. Осы айтылған мысалдарда және басқа да денелердің жылдамдықтарының өзгеруі, яғни үдеу алуы сол денелерге басқа денелердің әсер ету салдарынан.
Егер сол денеге басқа денелер әсер етпесе не болар еді? Онда дене жерге қатысты тыныштықта, немесе оған қатысты бірқалыпты және түзу сызықпен, яғни үдеусіз қозғалар еді.