Жазық қисық сызықты қозғалыстың жалпы жағдайында толық үдеу векторын оның екі проекциясының қосындысы ретінде көрсетеді:
Тангенциаль үдеу -жылдамдықтың модулі бойынша өзгеруінің шапшаңдығын сипаттайды.
Нормаль үдеу - траекторияға нормаль бойынша оның қисықтығының центріне бағытталған және нүктенің жылдамдық векторының бағытының өзгеру жылдамдығын сипаттайды.