Діни эпосының жанры. Діни эпостар жайлы ғылыми көзқарастар



Дата25.04.2020
өлшемі21,8 Kb.
#64631
Байланысты:
13 апта Хамза Анель 101
13 апта Хамза Анель 101, 6 зертханалық жұмыс, 6 зертханалық жұмыс, 6 зертханалық жұмыс

  1. Діни эпосының жанры.

  2. Діни эпостар жайлы ғылыми көзқарастар.

  3. Діни эпостардың танымдық ерекшелігі.



2. Діни эпосқа байланысты зерттеу жұмыстары соңғы он жылдың ішінде қолға алына бастады. Р.Бердібаевтың, Ө.Күмісбаевтың, Б.Əзібаеваның еңбектерінде діни дастандарды эпикалық жыр тұрғысынан қарау мəселесі, арабпарсы жəне қазақ көркем шығармалары арасындағы əдеби байланыс айтылды.

Діни қағидазаңдылықтарды жырлайтын туындылар туралы сындарлы ой қозғап, ғылыми пікір білдірген А.Қыраубаева. Кезінде ғалым Б.Кенжебаевтың шығыстан келген оқиғалардың негізінде жыр шығарған ақындарды ағартушылар санатына жатқызу арқылы «кертартпа» ұғымынан арашалап алғаны белгілі. Осы пікірді басшылыққа ала отырып, А.Қыраубаева «Жұмжұма» тəрізді мұраларды діниағартушылық тұрғыдан зерттеуге болады деген батыл байлам айтады. Келесі бір күрделі еңбек — У.Қалижанұлының «Қазақ əдебиетіндегі діниағартушылық ағым» деген шығармасы. Халық ақындарының мұрасы мен ислам діні арасындағы байланысты жанжақты қарастыра келіп, былайша тұжырым жасайды: «Діниағартушылық поэзия өкілдері діни схоластиканы уағыздаған жоқ, олар діннің ақ жолын қоғамның даму көзіне айналдырып, мұрат тұтқан, бүгінгінің тілімен айтсақ, ағартушылық қозғалыстың басында тұрады. Олар жалпыұлттық идеяға айналды. Егер қазақ халқының соңғы 80 жылдың ішінде оқубілімге деген құмарлығы неге сөнбей отыр десең, сол идеяның жаңғыруының санаға сіңгенінің жемісі деп білген жөн. Ол процесс əлі біткен жоқ».

Əдебиеттану саласында тағы бір тамаша ғылыми еңбекті өмірге əкелген ғалым А.Жақсылықов. Ол өзінің «Образы, мотивы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской ли тературы» деген диссертациялық еңбегінде діни қиссалардың жанрлық сипатына назар аударды. Олардағы мифологиялық қолданыстардың қалай, қандай деңгейде қолданғандығына барлау жасайды. Кейіпкерлердің сомдалуына əсер еткен мифтің өзегіне ой жүгіртеді. Бір эпизодты қиссалардың кездесетіндігін айта келіп, бірнеше оқиғаның басын біріктірген көлемді эпикалық жырдың бар екендігіне жөн сілтейді. Сөйтіп: «Книжная литература восточных кисса и дастанов, достаточно ши роко представленная в национальном искустве слова ХІХ веке, оказывала существенное влияние на развитие общественного сознания в Казахстане», — деген салиқалы пікір айтады.

Қазақ фольклортану ғылымын тағы бір саты жоғарлатып, жаңа ғылыми кеңістікке жол ашқан зерттеушіғалым Б.Əзібаева болды. Ол ауыз əдебиетіндегі дастандық эпосты айқындап, ғылыми тұрғыда жүйелеп шығумен қатар, шығармалардың ішкі мазмұнына тереңдей еніп, композициялық құрылымын, көркемдік көріністерін, кейіпкерлердің кескінделу тəсілін аша білді. Ғалымның «Казах ский дастанный эпос» еңбегінің көлемді бір тарауы діни дастандарға арналған. Тың дүниенің тылсым қасиетіне түсінік бере келіп, мұраларды төрт түрге бөліп қарастыруды ұсынды. Олар:

а) ислам тыйым салған ісəрекеттер туралы дастандар;

ə) мұсылман батырлары туралы дастандар;

б) исламды тарату жолындағы дінсіздермен соғыс туралы дастандар;

в) мұсылманшылықтың жолы, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар, төрт шаһарияр туралы дастандар.



Мазмұндық тұрғыдан бұлайша жүйееудің жөн екендігіне зерттеу барысында көз жеткізуге болады. Алты дастанға əдеби талдау жасаған. Олар: «ƏбуШахма», «МұхаммедҚанапия», «Зарқұм»,«Дариға қыз», «Киік», «Бозторғай». Мұсылман батыры Əлидің бейнесінің сомдалу сипаттарына жан жақты тоқталып, келбетін ашады, МұхаммедҚанапияны Əлидің баласы екендігін дəлелдейді, ислам қайраткерлерінің діни қағиданы қатаң ұстағандығын көрсетеді жəне тағы да басқа қырларын айқындайды. Ғалымның негізгі түйіні мына пікірде жатыр: «Главный метод создания дастанов — ис пользование общефольклорной поэтики, както: эпизация описываемых событий; героическая идеализация, сочетание конкретнобытовой достоверности со сказочнофантастическим и вымышленным; налицо также специфические дастанные параметры; индивидуализм и конкретизация; психологиче ская насышенность, детализация и орнаментализация как при создании образов, так и при описании» . https://articlekz.com/kk/article/16468

1. Діни дастандар жарияланып, басылғанымен оларды зерттеу мәселесі ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында жүзеге аса қойған жоқ. Жинаушылардың дерекнамалық пікірлері болмаса, ғылыми тұрғыда талдаулар жасалған жоқ. Бұл орынды да. Өйткені қандай шығарма болмасын көпшілікке ұсынылғаннан кейін, оған байланысты құнды тұжырымдар жасау үшін белгілі бір уақыт қажет. Қазақ халқының діни эпосы әуелбастан ислам әлеміне негізделген. Діннің өзге нұсқасына арналған туынды жоқ. Мұның өзіндік себебі де бар. Оны белгілі ғалым В.В.Радловтың еңбегінен табуға болады: «Что касается религии казахов, то все они без исключения, как я уже заметил выше, несколько столетий кряду исповедуют ислам» [2; 29]. Сол кезеңдегі алғашқы айтылған ғылыми тұжырым осы болды. Кеңес дәуірі тұсында діни дастандар тұрмақ дінге қатысты бар дүниелер туралы арнайы пікір айту мүмкін емес еді. Жалпылама ойлар А.Байтұрсыновтың, Х.Досмұхамбетұлының, М.Әуезовтың еңбектерінде кездескенімен, діни дастандарға орай арнайы зерттеу жұмысы жүргізілген жоқ. Дегенмен, ғалым Н.Келімбетов исламға байланысты мұралардың қазақ даласындағы жандануына мән беріп, нәзира дәстүрін дамтушылардың бірі Шәді Жәңгіровтың әдеби мұрасы жайында көлемді еңбек жазды. Мұнда авторлық діни қиссаларға кеңінен тоқталып, тереңнен талдап, жан-жақты зерттеулер жүргізді. Бұл сол кезеңдегі діни шығармаларды көркем туынды ретінде құрастыруға арналған алғашқы қадамдардың бірі еді. Ү.Сұбханбердинаның топтастыруымен 1974 жылы жарық көрген Қазақ фольклортану ғылымын тағы бір саты жоғарлатып, жаңа ғылыми кеңістікке жол ашқан зерттеуші-ғалым Б.Әзібаева болды. Ол ауыз әдебиетіндегі дастандық эпосты айқындап, ғылыми тұрғыда жүйелеп шығумен қатар, шығармалардың ішкі мазмұнына тереңдей еніп, композициялық құрылымын, көркемдік көріністерін, кейіпкерлердің кескінделу тәсілін аша білді. Ғалымның «Казахский дастанный эпос» еңбегінің көлемді бір тарауы діни дастандарға арналған. Тың дүниенің тылсым қасиетіне түсінік бере келіп, мұраларды төрт түрге бөліп қарастыруды ұсынды. Олар: а) ислам тыйым салаған іс-әрекеттер туралы дастандар; ә) мұсылман батырлар туралы дастандар; б) исламды тарату жолындағы дінсіздермен соғыс туралы дастандар; в) мұсылманшылықтың жолы, Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбар, төрт шаһарияр туралы дастандар. Мазмұндық тұрғыдан бұлайша жүйелеудің жөн екендігіне зерттеу барысында көз жеткізуге болады. Алты дастанға әдеби талдау жасаған. Олар: «Әбу-Шахма», «Мұхаммед-Қанапия», «Зарқұм», «Дариға қыз», «Киік», «Бозторғай». Мұсылман батыры Әлидің бейнесінің сомдалу сипаттарына жанжақты тоқталып, келбетін ашады, Мұхаммед-Қанапияны Әлидің баласы екендігін дәлелдейді, ислам қайраткерлерінің діни қағиданы қ атаң ұстанғандығын көрсетеді және тағы да басқа қырларын айқындайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет