ОРТА МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРІ Білім беру бағдарламасы: 7М01501 – Математика педагогін даярлау
Ғылмыи жетекші: п.ғ.д., доцент Ибрагимов Р.
Қорғайтын: Лесбеков Д.Е.
«Интербелсенді» термині ағылшын тілінен «өзара әрекет» деген мағынаны береді, бұл активті қарым-қатынас жасауды немесе диалогта болуды білдіреді. Осылайша, «интербелсенді оқыту» - бұл қарым-қатынасқа негізделген оқыту, диалог арқылы білім алу, бұл «мұғалім – оқушы», «оқушы – оқушы», «оқушы – өзі» қарым-қатынастарындағы әңгіме, сұхбат, пікірлесу, бірлескен қызметтерді қамтиды. Бұл әдіс оқушылардың белсенді қатысуын, олардың білім алу процесінде өз бетімен зерттеуші болуын және білімді тереңірек меңгеруін қамтамасыз етеді. Интербелсенді оқыту әдісі әр оқушының жеке қабілеттерін ескере отырып, олардың өздерінің білімдік мақсаттарына жетуіне көмектеседі.
«Интербелсенді» деген не?
ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ: Оқушылардың математикалық түсініктерін түсіну және меңгеру деңгейін арттыру үшін орта мектепте математиканы оқытудың интербелсенді әдістерінің тиімділігін зерттеу ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ: Орта мектептерде математиканың интербелсенді оқыту әдістері түрлері мен олардың қолданылу үрдістері. Зерттеу пәні: Интербелсенді оқыту әдістерінің оқушылардың математикалық білімінің сапасына және олардың белсенділігіне әсері.
Зерттеу әдістемесі: Диссертацияда сапалық және сандық зерттеу әдістері, атап айтқанда, сауалнама, интервью, бақылау, тестілеу және статистикалық талдау әдістері қолданылады.
Күтілетін нәтижелер:
Интербелсенді оқыту әдістерінің математика сабағындағы оқу үрдісіне оң ықпалын айқындау;
Оқушылардың математикалық ойлау қабілетінің, шығармашылығының және мотивациясының жақсаруын көрсету;
Интербелсенді оқыту әдістерін тиімді қолдану үшін ұсынымдар жасау.
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕСІ: Диссертацияда сапалық және сандық зерттеу әдістері, атап айтқанда, сауалнама, интервью, бақылау, тестілеу және статистикалық талдау әдістері қолданылады.