Диплом бойынша мамандығы, біліктілігі Санаты, өткен жылы Еңбек өтілі Оқу орны



бет23/40
Дата31.12.2019
өлшемі14,95 Mb.
#54100
түріДиплом
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40
«Funny English» үйірмесі. Үйірме жетекшісі: Н.Б.Ешмұханова.

Үйірмеге 2аКШО ,2аКДО тобының студенттері қатысады.

Қатысушы студенттердің жалпы саны – 25.

«Seasons & Weather». Жыл мезгілімен таныстыра отырып, ауа-райын суреттеуге үйретуде жаңа сөздер алды.«Five little pumpkins» by Jack Prelutsky өлеңімен таныстырып, жатқа айтуға үйретті. Үйірмеге қатысушылар түгел қатысты.

Студенттердің шет тіліне деген қызығушылығын арттыру, өнерге баулу, дұрыс айта білуге үйрету, ағылшынның халық әндері арқылы сол халықтың салт-дәстүрлерін дәріптеу, таныстыру, жаңа әндер арқылы оқушыларды жаңа заман әндерімен таныс болып жүруге үйрету, ағылшын әншілерінің шығармашылығымен таныстырып, кеңінен деректер алуға үйрету болып табылады. Осы үйірме бастауыш сыныптың ағылшын тілі мұғалімі мамандығын алып шығатын болашақ студенттерге ағылшын тілі дыбыстарының айтылуын ағылшын әндері арқылы жетілдіруді көздейді.

Қыркүйек айында үйірме мүшелерімен жылдық жоспар белгіленді және үйірме мүшелерімен жылдық жоспар жасалып, әндер іріктелді. Үйірменің алғашқы отырысында студенттер өздері білетін ағылшын әндерін еске түсірді.

Қазан айында «If you are happy» әнінің сөзі мен сазы үйретіліп және караокадан тыңдалды

Қараша айында жоспар бойынша «Father Finger» әнінің сөзі мен сазы үйретіліп, тыңдалды және осы отырыста «Down in the Valley» әні үйретілді.

Желтоқсан айында «Head, Shoulders, Knees and Toes», «Jingle Bells» және «Down on the farm» әндері тыңдатылып үйретілді, қосылып айтылды. Үйретілген әндерді ағылшын тілі айлығы кезіндегі «English for all» сыныптан тыс шарасында орындалды.



Ағылшын тілі кафедрасындағы желтоқсан айында өтіп жатқан айлықтың жоспарына сай «Friendship» тілдер клубының ашылу салтанатына белсене атсалысты. Клубтың ашылуының негізгі мақсаты – студенттердің өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» дегендей біз ана тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған бабаларымыздың өсиетін ұран ету, қазақ тілінің мәртебесін көтеру. Н.Б.Ешмуханова жетекшілік ететін 2а,с,п РШИ тобынан Габдуллин Э., Сейткерей Ж. жүргізушілер, Бахитова Ж., Алиева Т., Меллатова А., Бочковская К., Ахова М., Тастайбекова Г., Суйнешева А. өзбек, азербайжан, украина, грузин халықтарының тілдерінде сөз сөйлеп, амандасып, тілек білдіріп, ән шырқап, би билеп, өлең оқыды.

«Friendship» атты клуб жұмысы барысында студенттер көптеген ағылшын әндері және өлеңдерімен таныс болды. Ағылшын авторларының өмірбаяндары мен еңбектерінен хабардар болды. Өздерінің сөйлеу дағдыларын кеңейтіп қана қоймай, сөздік қорларын байытты. Ағылшын әріптерінің дұрыс дыбысталуы мен дұрыс айтылуына баса назар аударды. Әндері ең әуелі үнтаспадан тыңдап, содан соң жеке әрі хормен айтып үйренді. Үйренген әндерін мерекелік кештерде орындап, көрермендер көзайымына айналды.


«Ағылшын поэзиясы үш тілде» үйірмесі.Үйірме жетекшісі -Н.У.Ахметова.

English Poetry” үйірмесі студенттерге ағылшын поэзияны оқыту, сол оқыған шығармасындағы тілдік-көркемдік ерекшеліктерді таба білуге үйрету және жаңа технологияларды пайдалану арқылы көркем шығарманың тілін түсінуге, сөз мағынасымен жұмыс жасауға дағдыландыру шығармаларды үш тілде оқып-үйрену мақсатында қыркүйек, қазан айларында ағылшын халқының балаларға арналған «Mother Goose» өлеңдер жинағымен танысудан басталды.

Студенттер «Humpty Dumpty» өлеңіен үш тілде танысты. Қараша айында Р.Бернстің «Red,red rose» әнімен және «My love is as a fever» өлеңімен танысты, мәнерлеп оқыды, жаттады.



Желтоқсан айында «Three Little Kittens» атты шара өтті. Студенттер қойылымды аудармаларын жатқа орындады. Нәтижесінде студенттердің поэзияға, аудармаға жалпы балалар әдебиетіне деген қызығушылықтары артты.

Ағылшын әндері мен өлеңдері” атты үйірме жұмысы барысында студенттер көптеген ағылшын әндері және өлеңдерімен,ағылшын авторларының өмірбаяндары мен еңбектерінен хабардар болды. Өздерінің сөйлеу дағдыларын кеңейтіп қана қоймай, сөздік қорларын байытты. Ағылшын әріптерінің дұрыс дыбысталуы мен дұрыс айтылуына баса назар аударды. Әндері ең әуелі үнтаспадан тыңдап, содан соң жеке әрі хормен айтып үйренді. Үйренген әндерін мерекелік кештерде орындап, көрермендер көзайымына айналды.
“We Learn English” үйірмесі. Үйірме жетекшісі- Ш.Е.Мухтарова. Үйірмеге 34 оқушы қатысады. Үйірменің жоспарына сай отырыстар өткізіліп, студентердің ағылшын тіліне қызығушылығы арттырып, оқушылар ағылшын тілінде аутентикалық материалдарды көріп, тыңдады. Жыл басында жұмыс жоспары жасалып, оқушыларға үйірменің мақсаттары түсіндірілді. Үйірменің мақсаттары оқушыларға ағылшын тілі мен әдебиеті, балалар әдебиеті, фольклоры туралы терең мағлұмат беру, аудио- видео құралдар арқылы ағылшын тіліндегі шығармалардан үзінділер қарау, талқылау, әдеби талғам мен көзқарасты дамыту, ағылшын тілінде сөйлеу, тындау дағдыларын дамыту, ағылшын тіліндегі әдебиет үлгілерімен жұмыс жасауға үйрету болып табылады. «Around Britain» тақырыбындағы үйірме отырысында Ұлыбританияның географиялық жағдайы,құрылымы,тарихы мен мәдениеті туралы мағлұмат беріліп, видеофильм қаралды.

«The Treasures of English Literature» атты отырыста ағылшын әдебиетінің классигі Ч.Диккенс туралы презентация қарап, тапсырмалар орындады. «EDUSOFT presentation» тақырыбындағы отырыста Едусофт бағдарламасының “Authoring Tool”бөлімін қолданып, мәтіндер жазу,жаттығулар орындау жолдары көрсетілді. “English Rhymes for Children” атты отырыста 2а КДО-9, 2а КШО-9 топтарының студенттері ағылшын балалар тақпақтарын жаттап,көрініс қойып, постерлер әзірледі.“The Polyglot” отырысында ағылшын халқының ертегілерін үш тілде оқып,аудио тыңдап,ертегі кейіпкерлерін бейнелеп, қуыршақтарды қолданып үзінділер қойды.



«Нұр-Science» ғылыми-әдістемелік жоғары мектебі ұйымдастырған «Ертегілер әлеміне саяхат» республикалық конкурсына 3п КДО тобының үйірмеге қатысушы студенттері Сагутдинова Файза «Ертегілер шеберханасы» бағыты бойынша мастер-класс, Болатова Ұлпан «Ертегі әлеміндегі педагогика» бағыты бойынша баяндама,Тулешова Ұлболсын «Ертегілер кітапханасы» бағыты бойынша ертегі жіберді.Конкурс қорытындысы бойынша Болатова Ұлпанның «Ертегі әлеміндегі педагогика» баяндамасы 1-ші орын алды, Сагутдинова Файзаның «Ертегілер шеберханасы» бағыты бойынша “This is the House that Jack Built” мастер-классы, Тулешова Ұлболсынның «Жеті қазынаның бірі» ертегісі куәліктермен марапатталды.


«Ағылшын әндері мен өлеңдері» үйірмесі. Үйірме жетекшісі – А.Т.Даулеткалиева. Үйірмеге 1пКДО, 2сКШО, 3аКШМ, 3пКДО тобының студенттері қатысады. Қатысушы студенттердің жалпы саны – 25

Оқушылардың шетел тіліне деген қызығушылығын арттыру, өнерге баулу, дұрыс айта білуге үйрету, ағылшынның халық әндері мен өлендері арқылы шетел тілін меңгерту, таныстыру, жаңа әндер арқылы оқушыларды жаңа заман әндерімен таныс болып жүруге үйрету.



Қыркүйек айында Үйірме мүшелерімен жылдық жоспарды белгіленіп, ағылшын әндері іріктелді. Өткен жылғы әндерін еске түсірді.

Қазан айында «If you are happy» әнінің сөзі мен сазы үйретіліп және караокадан тыңдалды



Қараша айында жоспар бойынша «Shape of my heart», «Autumn and spring», «Big girl», «sport song». өленінің сөзі мен сөйлеу дағдысын және шығармашылық қабілеттерін дамыту. Өленнің сөзін жазып, жаттау жұмысы үйретілді.
Желтоқсан айында Bon Jovi «Always» және Scorpions «Wind of change» әнін тыңдатып, жаттап қосылып айтуға ,үйретілді.

Үйретілген әндерін ағылшын тілі айлығы кезіндегі Timbaland «Apologize» кешінде орындалды. «Ағылшын әндері мен өлеңдері»үйірмесінің оқушылардың шет тілінде дұрыс айту дағдысының қалыптасуына, шетел тілін жетік меңгеруіне көп көмегі мол.


Педагогика, психология кафедрасында «Жан сыры», «Қазақтың салт-дәстүрлері» «Педагог имиджі» үйірмелері мен «Жайық Жастары» педагогикалық отряд, 2 жарты жылдықта «Зерттеуші» (Р.К.Ильясова), «Жас тәрбиеші мектебі» (Т.У.Маденова), «Өзіңді таны» (Ж.М.Сахипова)

жұмыс жасады.



«Жан сыры» үйірмесі. Үйірме жетекшісі- Л.С.Есенова.

Үйірме мүшелерінің саны – 40.Бұл сөздің психология тұрғысынан алғанда бірнеше мағынасы бар:Жан сыры - психологиялық процестердің мән-жайын, адамның даралық психологиялық сипаттарының ерекшеліктерін ғылыми тұрғыдан баяндай отырып түсіндіруді білдіреді,адамның психикалық күй-жайы болып саналатын зейіннің, сезім мен эмоцияның, ерік-жігер қасиеттерінің сипат-ерекшеліктерін бейнелеуді де жан сыры деп атаймыз,жан сырының тағы бір мағынасы, адамның басынан кешкен оқиғалардың санада қалған бейнесі мен ізінің мазмұнын пайымдап білу ерекшеліктері.Үйірме кредосы: «Қарапайым адамға жұмбақ секілді көрінетін талай нәрселер психологияда қаралады Психология терең ойдың білімі, оны құрғақ пәлсапа, бос сөз екен деп ойламаңдар!».



Үйірме мақсат-міндеттері:Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру;шығармашылық қабілеттерін шыңдау;«Мен» қасиетін қалыптастыру;өз ойын еркін айтуға үйрету;ұйымшылдыққа, бірлескен әрекетке шақыру;Қыркүйек айында бірінші курс студенттерінен үйірме мүшелерін жинақтадым, бірінші отырыста үйірме жұмысының мақсатымен, міндеттерімен, мазмұнымен таныстыру жүзеге асырылды.Қазан айында 2 – ші отырыс «Мен өмірді таңдаймын»сағаты жеке тұлғалық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатындағы психологиялық тренинг тренинг түрінде оздырылды. Өмір сүруге деген белсенділікті арттыру мақсатында түрлі тренингтер, сергіту сәттері ұйымдастырылды. Әр қатысушы өз белсенділігінң нәтижесінде түрлі жаттығуларға қызығушылықпен қатыст.Қараша айында үйірменің 3-ші отырысы кафедра айлығының аумағында ашық түрде өтті. «Сезімнің сиқырлы сыры» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Қатысқан студенттер саны – 43 кафедра меңгерушісі Г.С.Нурашева қатысты.Ф.Н.Гоноболиннің «Сезімді тәрбиелеу...- эмоцияны билеп, қажет емес жағымсыз қобалжуларды басып тастайтын әдеттерге баулу.» - деген сөзімен отырыс бастау алды.Дөңгелек үстел түрінде өткен шарада әр студент өз сезіміне баға беруге, жеке жұмыстануға мүмкіндік алды. Түрлі релаксациялық жаттығулар мен тапсырмалар арқылы өздерінің жағымсыз сезімдерінен арылуға жағдай жасалды. «Сезім естеліктері» айдарында орындалған өз сезіміне, көңіл – күйіне әсер еткен жағдайды еске түсіріп жазуда түрлі ойлар көрсетілді. Мысалы: қой кезегінен құтылғандағы қуанышымды көрсеңіз, дүниеге келген сіңілімнің күлімдегені, ҰБТ- нашар оқитын құрдасымның жақсы балл жинап, менің аз жинағандағы оның қуанғаны, бірінші күнгі колледждегі алғашқы сабақтағы АӘД сабағының болғаны, тарихтан пәндік олимпиада бойынша жүлдеге әрең дегенде 3 жыл бойы жүріп қол жеткізген сәтім, т.б.Релаксациялық жаттығудан кейінгі талдауды ролдік сипатта көрсету арқылы эмоция мен сезімді уақытында жасыра білудің де пайдасы барын ұғындыру жүзеге асырылды.Сезімнің сиқырлы сырын ұғынуға толық мүмкіндік жасалды. Оны қатысқандардың рефлексия парағынан да білуге болады.Шара әсерлі өтті, өз сезімімді басқара білуді үйрендім, сезімнің құпиясын анықтай алдым, өткен өмірімнің естеліктерін еске түсіріп, қателіктерімді білдім, тағы да бола берсе екен, неге бітіп қалды екен, жалғаса берсе ғой, басқа топтарда да өткізсе екен, т.б. кері байланыс сөздерінен осындай қорытындыға келуге болады.Желтоқсан айында үйірме мүшелерінің басым бөлігі машықта болғандықтан және мереке күндеріне байланысты кезекті 4-ші отырыс шағын түрде жүзеге асырылды. «Қарым – қатынас этикеті»1 курс студенттерінің жаңа ортаға бейімделуін анықтау, қолдау көрсету, қарым – қатынас жағдайларын реттеуге көмектесу мақсатында ойын түрінде өтті.

«Қазақтың салт-дәстүрлері» үйірмесі. Үйірме жетекшісі- Р.М.Ғалымова. Үйірмеге қабылданған студенттердің саны -244 студент.Үйірменің мақсат- міндеттері:Қазақ халқының ұмыт боп бара жатқан, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын студенттерге насихаттау; Қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіне мән беріп, студенттердің жаман әдетті бойына сіңірмей өсуіне, адал азамат болып ержетуге үйрету; Салт-дәстүрлерді біліп қана қоймай, өмірде, отбасында, қоғамда қолдануға дағдыландыру;Оқушыларды өзін-өзі тану арқылы өз бойындағы жағымды және жағымсыз жақтарын білуге үйрету;Адам бойындағы құндылықтарды бағалай білуге, адамдармен қарым-қатынас жасау дағдыларын арттыру;Студенттердің шығармашылық жұмыстарға баулу, жан-жақты қабілеттіліктерін арттыру.Студенттерді алғашқы отырыста «Дәстүрді дәріптейік!» тақырыбында қазақтың салт-дәстүрлерін дәріптеу қажет екенін айта отырып, үйірменің мақсат-міндеттерімен таныстырды.Жоспар бойынша 1-2 курс студенттеріне кафедра оқытушылары Л.С.Есенова., Р.М.Ғалымова бірлескен түрде «Жұлдызым, менің, жоғары!» атты тренинг сағатын өткізді. Тренингке 1және 2 курс студенттерінен 58 студент қатысты. Шараға кафедра меңгерушісі Г.С.Нұрашева қатысты. Тренинг сағаты I.Есенберлиннің: «Күн де көп жұлдыздың бірі, айырмасы: өзге жұлдыздар алыстан жарқырап құр жымыңдаса, күн бар әлемге өмір береді. Адам баласы да осы қалың жұлдыздар тәрізді. Бұлардың арасында да басқаға өмір беретін, жарық сәуле төгетіндер аз емес» - деген сөздерімен  басталды.

  • Қалай ойлайсыз неліктен үлкендер «жұлдызың жоғары болсын!» дейді?

  • Өз жұлдызыңыз қандай деп ойлайсыз?

  • Адам жұлдызы жоғары болуы үшін не істеуі керек?

  • Әр адамның бойында қандай қасиеттер болу керек?

  • Біздің ұлттық мінезіміз қандай? – сұрақтары арқылы қызығушылықты ояту кезеңі жүзеге асырылды.

«Болмасаң да ұқсап бақ, бір ғалымды көрсеңіз» Абайдың сөзінің мазмұнын талдау арқылы қатысушылар өз ойларын ортаға салды.

Төмендегідей шығармашылық, топтық жаттығулар жүргізілді: №1 Жаттығу «Мен...»

Тренингке қатысушыға өзіне ұнаған түсті қағазды алып, өз жұлдызың жасау тапсырылады. Оған өзіне тән және өз есімінің алғашқы әрпінен басталатын 3 қасиетті жазу керек.

Рефлексия: - өз жұлдызыңыз туралы айтып беріңіз. Ол қайда тұр, аспанға жақын ба, алыс па? Сіздің жұлдызға Жер көрінеді ме, қасында басқа да жұлдыздар бар ма? Ол жерде сіздің жұлдызыңызға жақсы ма?

№2 Жаттығу «Ұқсас жұлдызды тап» Біздің әрқайсысымыз – жұлдызбыз! Басқа да қатысушылардың жұлдызыңа қарап, өзіңіздің жұлдызыңызға ұқсас жұлдызды тауып алыңыз. Сол қатысушының қасына барып, қолыңызды ұсыныңыз. Жұп болыңыз. Егер сізге ұқсас жұлдызды басқа біреу таңдап алса, тағы да іздеп көріңіз.

Енді жұп болып, диалог құрыңыз: Сенің туған күнің?, Сенің хоббиің?, Туған күнінде қандай сыйлық алғанды ұнатасың?, Адамдардың қандай қасиетің бағалайсың?, Сенің арманың?

Рефлексия: - Жұбың туралы не білдің? – Сіздің жеке қорытындыңыз...

№3 Жаттығу «Өмір бағыттары» Өмірде бір нәрсеге қол жеткізу үшін алдымзға мақсат қоюымыз керек. Алдарыңызда әртүрлі бағыттар тұр: тіке, дөңгелек, зигзагтәрізді, қисық – сіздің өмірлік мақсатыңыз бен ағымыңызға сәйкес келетін суретті таңдаңыз. Егер ешбіреуі де сәйкес келмесе, өзіңіз суреттеуге болады.



Рефлексия: - Неге осы бағытты таңдадыңыз? Осы бағыт арқылы қайда тұрсыз? Сіз қазір не үйрендіңіз?

4 Жаттығу «Бұлдыр жол» Жұлдыздар құлады. Бір нәрсе өзгереді ме? Жоқ. Себебі олардың орнына жаңа жұлдыздар пайда болады. Әрбір құлаған жұлдыз өз тәжірибесін жаңа жұлдызға беру қажет. Ол тәжірибе қандай болуы мүмкін? Оның бойында қандай қасиеттер болуы шарт? Ал жаңа пайда болған жұлдыз осылардың барлығын жинап, өмірінде қолдануы керек.



Рефлексия: - Осындай тәжірибені сіз қай жерде қолдана аласыз?

«Тарих не дейді?» айдарымен жұлдыздар туралы тарихи мәліметтер таныстырылды.



Шара Айгерім Қалаубаеваның «Көңілді күн!» әнін бірге айтып, рефлексия парағын толтырумен аяқталды.

10 қараша күні 1аКШО, 1пКШО, 1аКШР, 2сКШФТ, 3сКШФТ, 3асКШМ топ студенттерінің арасында педагогика, психология айлығының аясында «Жігітке жеті өнер де аз» атты студент жігіттерге арналған салт-дәстүр үйірмесінің отырысы өткізілді. Шараның мақсаты: Ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттеріментаныстыру, әр баланың бойындағы қабілеттерін: ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту, ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.Шара екі бөлімнен тұрады. Бірінше бөлімде салт-дәстүрге көз жүгірт, яғни қазақтың ат әбзелдері туралы бейнебаян көрсетіліп, ат әбзелдерінің ер, ер тоқым, жүген, өмілдірік, үзеңгі, құйысқан, ноқта көпшік, қамшы т.б. әбзелдерін слайд материалдары арқылы суреттерін көрсетіп, жасалу жолдарымен атты еріктеу жолдарын түсіндірді. Шараның екінші бөлімі сайыс түрінде жүргізілді. Бұл бөлімнің ерекшелігі жігіттеріміздің салт-дәстүрден өнер – білімін, қабілеттерін, қызығушылықтарын, анықтауға арналды. Сайысымыз 5 кезеңнен тұрды.

1. «Таныстырсам өзімді»- студенттердің өздерін таныстыруы.

2.«Сегіз қырлы бір сырлы» - өз өнерін көрсету.

3. «Күш атасын танымас» - қолмен күш сынасу.

4.«Құралайды көзге атқан» - нысана көздеу.

5.«Ескірмейтін есті сөз» - кезеңі 2 бөлімнен тұрады.

1.Танымдық сұрақтар. «Асықтар қоржыны» арқылы сұрақтарға жауап беру.



2.Салт-дәстүрлерді сіз білесіз бе? жеребе суыру арқылы дәстүрлерімізге түсінік беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет