Диплом жұмысы Мамандық 050102 «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі»


Экологиялық жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары



бет9/24
Дата06.02.2022
өлшемі1,19 Mb.
#29619
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
1.3. Экологиялық жұмыстарды ұйымдастырудың педагогикалық шарттары


Сыныптан тыс экологиялық жұмысының түрлері көп. Қандай формада жүргізуді сынып жетекшісі таңдап алады. Сыныптан тыс экологиялық тәрбие жұмыстарының мектеп баспасөз кғонференциясы, мектеп радиогазеті, конкурстар тақырыбы, ауызша журналдар, белгілі тақырыпқа әңгіме өткізу сияқты мәселелер жатады. Бұлардың әрқайсысын тақырыбына қарай түрлендіріп отыру жетекшінің шеберлігіне байлаысты. Шамамен осындай тақырыптарға үлгі материалдар беріледі және тақырыптық тізімдер көрсетіледі. Материалды тауып, оны жоспарлап алу- әр жетекшінің міндеті. Сабақтан тыс уақытта оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар мыналар: оқудан және сабақтан тыс жұмыстардың етене бірлігі, оқудан тыс уақытта әрбір оқушыға оның мүддесін, бейімділігі мен қабілеттілігін ескере отырып, пайдалы іс тапсыру; жоғары идеялық пен мақсаттылық, қоғамдық пайдалы бағыттылық, сан алуандық, тартымдылық, сыныптан және мектептен тыс істердің романтикасы; оқушылардың өзін- өзі басқару ұйымдарының рөлін арттыру; мектептердің, мекептен тыс мекемелер мен ұйымдардың өзара әрекеті; оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруға жұртшылықтың, ата- аналардың қатысуы болып табылады.
Оқудан және сыныптан тыс экологиялық жұмыстардың оқушылармен етене бірлігі. Сыныптан тыс уақытта оқушылардың белгілі мақсаттағы іс- әрекеті бүкіл тәрбие жүйесіндегі құрамды бөлік болып табылады. Сыныптан тыс экологиялық жұмысының нәтижелері мектеп оқушыларының білімге деген құмарлығы, қоғамдық істерге қатысу талабының қаншама дамығандығымен анықталады. Сыныптан тыс экологиялық жұмысы едәуір дәрежеде сабақ үстінде басталады да, сол жағдайдың өзінде оның логикалық жалғасы болып табылады. Оқыту әдістері неғұрлым жетіле түскен сайын үйірмелерді, конкурстарды, олимпиадаларды және т.б. ұйымдастырудың да қажеттігі соғұрлым арта түседі. Қандай да болсын пәнге мектеп оқушылардың қызығуын арттыруды оқу программасының шеңбері іс жүзінде қанағаттандыра алмайды. Оқу және оқудан тыс жұмыстардың бірыңғай жүйеде бір мақсатқа бағындырыла құрылуы қажеттігі осыдан келіп туады.
Мұндай жүйені жүзеге асыруда жалпы мектептік жұмыс жоспарының ролі зор. Ол мұғалімдердің әрқайсысына әр баланың бойындағы үздік қасеттердің бәрін дамытып, оның қабілеттері мен дарынының гүлденуіне толық жол ашатындай шараларды белгілеуге мүмкіндік береді. Егер мұнда сынып жетекшісінің, мұғалімнің, ата- ананың, жұртшылықтың ролі анықталған болса, мұндай жоспар соғұрлым пәрменді болады. Бірақ жоспар болғанмен де, ол істің табысты болуына кепілдік бере алмайды. Мектеп директоры, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы сынып жетекшілерінің қызметін үнемі бағыттап отыруы, тәрбие мәселелері педагогикалық кеңестер мен әдістемелік бірлестіктерге үнемі қамқорлық жасайтын пән болуы үшін үздік мұғалімдердің тәжірибесін таратуы қажет.[7]
Сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бола тұра, бірдей ортақ принциптері де болады:
1. Сыныптан тыс экологиялық жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыру ерікті түрде іске асырылады. Бұл жұмыстардың қандай түріне қатысқысы келеді, қай түрін қалайтынын оқушы өзі таңдайды. Сыныптан тыс экологиялық жұмыс түрлері мен немесе мектептен тыс мекемелер жұмысымен оқушыларды қамту үшін (анкета тарату, әңгімелесу арқылы т.б. жолдармен) күн ілгері оқушыларды зерттеп білу қажет.
2. Оқушы қатыстырылған қандай жұмыстың түрі болса да оның қоғамдық бағыты болу керек. Оқушы өзі қатысып, айналысып жүрген ісінің қоғам үшін, адам өмірі үшін қажет, пайдалы іс екенін білу керек.
3. Сныптан тыс экологиялық жүргізілетін жұмыс түрін белгілегенде оқушы инициативасына, ұсынысына, құштарлығы мен құмарлығына сүйенген жөн. Бұл принцип әсіресе қазір ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені қазіргі халық белсенділігін қажетсінетін демократиялық бағыт жас ұрпақтың өсуіне осы талапты ерекше қояды.
4. Ұйымдастырылған жұмыс түрі оқушылардың белсеніп қатысуын тілейтіндей, ізденушілікке итермелейтіндей болу керек.
5. Балалар мен ұйымдастырылатын жұмыстардың бұл түрінде романтика және ойын басым болу керек. Көбінесе қызығушылық пен эмоциялық әсер етерліктей болғаны жөн.
6.Нәтижелі болуы үшін бұл жұмыстардың нақты белгіленген күні, мерзімі немесе айқын жасалған графигі болуы керек.
7.Тәрбие жұмысының кешенді түрде іске асырылу талабы үнемі сақталып отыруы қажет. Яғни жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бәрінде мақсат тұтастығы, көзделген міндет бірлігі, оның мазмұны мен жүргізілуге қойылатын талап белгілі қатаң сақталуы керек. Мұндай тұтастық пен бірлік баланың санасына, сезіміне және тәртібіне ықпал ету мүмкіндігін туғызады.
8.Соңғы жылдары сыныптан тыс экологиялық жүргізілетін жұмыстарға оқушыларды түгел қатыстыру принципі іске асырылуда. Мұның жақсы нәтиже беріп жүргендері де бар. Мұндай жүргізілетін жұмыстың мазмұны мен түрін балалардың ұғымына, жас ерекшелігіне сәйкес келетіндей етіп таңдау керек.
9. Барлық жұмыс түріне тартылатын оқушымен жұмыс жүргізгенде жас және дара ерекшеліктерін ескеру қажет.
Енді мектеп қабырғасында сабақтан немесе сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың түріне, ұйымдастыру жолына тоқталайық. Мектеп өмірінде кеңінен орын тапқан сыныптан тыс жұмыстың бір түрі – үйірме Үйірмелер түрі: «Жас натуралистер», «Өлке танушы химиктер үйірмесі», «Табиғатты қорғау үйірмесі», «Орманды қорғаушылар үйірмесі» т.б. Бұларға мұғалімдер немесе ата- аналар арасынан мамандығы бар біреу жетекшілік етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет