Диплом жұмысы Мамандық 050102 «Бастауышта оқытудың педагогикасы және әдістемесі»



бет6/6
Дата11.01.2017
өлшемі1,19 Mb.
#6926
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

Қайда жүрсем ойлап сені жүремін


Сүйікті елім, момын елім, ұлы елім

Саған ғана арқамды мен сүйедім

Саған ғана аяғымды тіредім. (Т.Молдағалиев)

Н.Тілендиевтің «Аққу» күйі орындалады.

2-Бастаушы.


  • Табиғаттың басты байлығы – жер. Адамдар, жануарлар мен өсімдіктер өз қорегін осы қара жерден алады. «Жер байдың – елі бай», «Күте білсең жер жомарт» деген халықтың түсінігінде жер, топырақ деген ұғымдар бір мағынада айтылады.

8-оқушы Қол артқанда ғылым, білім, ойлауға,

Қолданайық жақсылыққа, жоймауға.

Жердің халі бала ойнаған шармен тең,

Жер шарымен хақымыз жоқ ойнауға?

Жетістіктің жетер жері – нендей сын?

Көр қазасың, өзіңе-өзің көрмейсің.

Сен құласаң, жерге барып бөлендің,

Жер құласа жерді қайда жерлейсің?! (Қ. Исаұлы)

9-оқушы Бұл қара жер болған бізге кең мекен,

Кең мекенге қауіп төнді!

Білсең, оны,

Төбе шашың тік тұрар,

Бейшараның көрмегені кемде-кең.

10-оқушы Сөне жаздап, сөне жаздап шамшырақ,

Талай рет жатыпты-ау қансырап.

Сондай кезде,

Сондай кезде қол созып

Қай құдірет келіпті одан хал сұрапі

11-оқушы Жердің көрген қорлығы көп,

Жетеді.


Ол жыласа,

Жасқа толар етегі

Аяғаннан,

Алдыма алып сәбидей,

Айдарынан сипағым кеп кетеді! (Қ.Мырзалиев)

1-Бастаушы:



  • Адам өмір сүру үшін табиғат байлықтары керек. Қазақстанда түрлі кен байлықтардың қоры өте мол. Олар өнеркәсіптің өркендеуіне қажетті шикізат қорлары болып табылады.

12-оқушы Кен айтады ел мен жұрттың өлшемін,

Кенде жатыр күш-қуат пен мол сенім.

Кенің бар ма? Жоқ болса , егер жарлысың

Кенің болса келешегің зор сенің. (Т.Есімжанов)

2-Бастаушы:


  • Табиғат байлығының бір тобы, жер бетінің сәулеті, еліміздің дәулеті – жасыл әлем. Өсімдіктің адам өміріндегі маңызы зор. Ол әр түрлі тамақтық өнімдердің, техникалық және дәрілік шикізаттың, құрылыс материалдарын өндірудің негізгі көзі. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп аялап, одан қамқорлығын еш уақытта аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша, тал қалсын» дегн өрнекті сөз соның айғағы.

13-оқушы Ну орман жасыл орман, мынау орман,

Далаға қорған болып тұра қалған

Барлығы баласындай бір-ақ үйдің,

Барлығы жаралғандай бір адамнан. (Т.Молдағалиев)

14-оқушы Хош иіс гүлдер орап атырабымды,

Жайыпсың жапан түзге жапырағыңды.

О,сұлу, шын дос емен, сырлас емен,

Нәр алған сүйейін бе топырағыңды. (Т.Молдағалиев)

1-Бастаушы:


  • Біздің еліміізде табиғат байлықтарының бірі – жануарлар дүниесі. Жалпы көлемі 2754мың шаршы километр жерді алап жатқан Қазақстан аймағының орманы мен кең байтақ жазық даласында, өзен-көлдерінде құнды тері, дәмді тамақ, дәрі-дәрмектік шикізат беретін жан-жануарлардың көптеген түрлері тіршілік етеді. Халқымыз ежелден-ақ көптеген жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған. Оларды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, достықтың үлгісі деп дәріптеген.

«Жез киік» әні (сөзі: Қ.Салықовтікі, әні: Ж.Сейіловтікі) орындалады.

16-оқушы. Тағдыры қимағанмен артық пішін,

Тағдыры бермегенмен артық күшін

Ынтымақты-ау, тырналар, ынтымақты-ау,

Қарашы шіркіндердің тәртіптісін. (М.Мақатаев)

17-оқушы. Аттанып бара жатыр аққу-қаздар,

Қош енді, қош болыңдар, гәкку-наздар!

Кеудемде күңіренген дастан қалды,

Киелі қанатымен аққу жазған.

Аққулар, алданыш па ең, арман ба едің?

Қош енді, қанатым жоқ самғар менің!

Нуларым сыңси жылап қалды-ау менің,

Суларым жетімсіреп қалды-ау менің! (М. Мақатаев)

«Аққуым менің» әні (сөзі: С.Жиенбаевтікі, әні: Л.Хамидидікі), содан кейіін «Ару аққулар» биі орындалады.

2-Бастаушы:


  • Табиғат байлықтарын ұқыпты пайдалану, қорғау және көркейту жұмыстарын жүргізу кезінде іс-әрекеттерімізді табиғат заңдарымен үйлесімді жүргізе білуіміз қажет.

18-оқушы. Табиғат пен тазалық бар айтарым,

Жаным аңсап сезінді талай тәнім

Адамдарға ақыл бер заңғар аспан,

Жер бетіне шапақ төк, арай таңым.

Жаратылыс деген ең ізгі анадан

Туғаннан соң нәр алып түз даладан

Жалбарына бастады табиғатқа

Табиғаттың заңдарын бұзған адам. (Қ.Ахметова)

19-оқушы. Айдын көл кемеріне соғатындай,

Аққу, қаз қаңқылдасып, жаға тынбай,

Дүние бастапқыдай дәрен кешіп,

Еш жерде бомба түсіп, оқ атылмай,

Жарқырап сонда заңғар мөлдіресе

Майда жел ептеп қана гүлді үрлесе,

Бұлбұлдар тәтті әуезін төгер…

Бірақ,


Адамдар бәрін қайта бүлдірмесе! (Қ. Ахметова)

«Туған жер туралы толғау» әні (сөзі: Қ.Мырзалиевтікі, әні: С. Лұқпановтікі), Тәттімбеттің «Саржайлау» күйі орындалады.

Кеш бастаушының оқыған өлеңімен аяқталады.

Ертеңге жетпей көзміз,

Ертегі қуған кезіміз,

Елемей келдік сені біз,

Жер – Ана!

Толқымақ қайта көгіміз,

Сеніңіз бізге сеніңіз,

Жер – Ана!

Бұл әдеби-музыкалық кештің тағылымдық та, тәрбиелік те мәні зор. Оқушылар Отанын, туған жерін, табиғатын сүюге үйренеді.

Ойын-сабағы.(Табиғатты қорғау)

Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі емес түрде оқушылардың білім деңгейлерін арттыру. Мұндай сабақ оқушыларға қоршаған ортаның қайшылықтарын көруге мүмкіндік береді. Ойынға дайындалар кезде оқушылар қосымша көп әдебиеттерін қарастырады, бұл олардың шығармашылық қасиеттерін арттырады.

Құралдар: Табиғатты қорғау туралы нақыл сөздер, суреттер.

Ойынға қатысушылар: бас сот, хатшы, айыптаушылар, адвокаттар, қайғырулы.

Ойын барысы: Тұрыңдар! Сот келеді!- Хатшы.

Бас сот: Ашық сотта қоғамның экологиялық проблемалары және қоршаған ортаны ластануы туралы іс тыңдалады. Кінә, екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде-табиғат қоғам мен адамды кінәлайды. Екіншіде-жабайы өліп бара жатқан табиғатты гүлдендіріп тірілтетін күш ретінде қоғам қарастырылады.

Сот ескереді:- Сіз тек шындықтан басқа екі нәрсе айтуыңыз керек. Өтірік айтқаны үшін куәгерлер жауапқа тартылады.

Хатшы:- Табиғат шақырылады.

Табиғат:- Жерде адамның пайда болғанына 1миллион жылдан асты. Ғылыми техниканың дамуына байланысты өзін менің патшам ретінде сезінді.

Хатшы:- Қоғам шақырылады.

Қоғам:- Өмірден жоғарғы ұйым – қоғам. Ерте дәуірде адам аңшылықпен айналысқан кезде қоршаған табиғатқа тұтастай тәуелді болды. Техниканың дамуына байланысты адамдар күшейіп алды. Табиғатты өздеріне лайықты өзгертті.

Сот:- Енді куәгерлер мен қайғырушыларды тыңдайық.

Қайғырушы:- Жерді шақырамын.

Жер:- Табиғаттану, киіну үшін адам жер, су ресурстарын қолданады. Топырақты бұзды, бұл эррозия дамуына, сумен ауаның ластануына әкелді.

Куәгерлер:- Жыл сайын адам жер қыртысынан 100млн тоннадан артық кендер, жағар және құрылыс материалдарын алады.Қазба байлықтарының өндірісі жердің релфінің өзгеруіне, котловандар түзілуіне, жердің жоғарғы қабатында шұңқырлардың түзілуіне әкеледі.

Сот:- Адам денсаулығына тыңайтқыштардың кері әсер етуінің фактілері бар ма?

Табиғат:- астық өнімдерінде нитраттармен нитрит мөлшерінің артуы адамның көптеген ауруларға шалдығуына әкеледі.

Сот:- Бүгінгі таңда минералды тыңайтқыштармен пестициттердің артық мөлшеріне байланысты аурулардың көбеюіне жол бермеу үшін адам қандай шаралар жүргізіп жатыр!

Қоғам:- Кейбір мемлекеттерде : США, Франция, Германия, пестициттер қолдануын азайтып немесе толығымен тоқтатып жатыр.

Хатшы:- Куәгер Атмосфера шақырылады!

Атмосфера:- Атмосфераның ластаудың негізгі көздеріне қара және түсті металургия өндірісі, жылу, электростанциялары, автомобильді транспорт және т.б. Атмосфераға әртүрлі газдар мен шаңдар шығарады. 1900жылдан бастап отындардың қолданылуы он есе артты. Жыл сайын атмосфераға 200 млн тоннадан артық көмірқышқыл, күкірт, азот окситтері түседі. Бүгінгі таңда 500 млн артық дүние жүзінде автомобильдер бар. Атмосферадағы улы заттардың 60% автомобильдерден бөлінеді. Оның газдарында зиян ететін 200 жуық компоненттер бар. Мұнда СО2, NО2, SО2, көмірсулар, сынап қосылысы және т.б. Атмосфераны ластайтын көздерге ядролық жарылыс және атом станцияларындағы авариялар кезінде атмосфераға түсетін радиоактивтік элементтер жатады.

Хатшы:- Куәгер Гидросфера шақырылады!

Гидросфера:- Өндірістің дамуына және қалалардың өсуіне байланысты суды қолдану мөлшері артуда. Тұрмыстың қажеттілігі үшін әр адамға күніне 300-500л су қажет. Табиғи суларға жер бетінен жауын-шашындармен шайылға минералды тыңайтқыштар үлкен зиян келтіреді. Суды ластайтын заттарға: теңіз және өзен флоттарының жанар-жағар майлары, мұнай, ауыл шаруашылығының қалдықтары жатады.

Сот:- Адам өз қажеттіліктерін мойындады ма!

Адвокат:- Иә, адам өз қажеттіліктерін мойындайды.

Көптеген елдерде жасанды ормандар егуде. Кейбір өсімдіктермен жануарлардың түрлерін сақтауға қорықтар, ұлттық парктер құруда отын ретінде сутегі электрохимиялық отынды элементтер қолдануда.Осы сияқты әртүрлі шараларды жүзеге асыруда. Қалдықсыз технологияны іске асыруда.

Бас сот:- Сот өз шешімін айтады.

Сот жабық деп жариялайды.
Сабақтың тақырыбы: Қазақстан туған өлкем!

Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру.

б) Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, экологиялық нашар аймақтармен таныстыру.

в) Табиғатты қорғай білуге, аялауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: 1.Қазақстанның картасы. 2.Табиағат көріністерінен стенд. 3.Газет-журналдардан мақалдар, суреттер. 4. Альбомдар: Менің Қазақстаным, қазақстанның жануарлары. 5. Табиғат туралы қанатты сөздер.

Сабақтың барысы: 1.Кіріспе 2. Әдеби монтаж 3. Мақал- мәтелдер, жұмбақтар



Сабақты бекіту: Мұғалімің қорытынды сөзі. Қазақстанның орны туралы: Батыстағы толқындаған Каспий теңізі мен Жайық,Еділ жағалауынан батыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь- Шань тауларына дейін ұлан- ғайыр жерді алып жатқан, тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы.

1-оқушы: Қазақстан- Туған өлкем,

Жер көпе сендей көркем.

Көрсін деп күллі әлемге,

Жалауыңды желге желпем.

2-оқушы: Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,

Аспанымда аққудың әні қалқып.

Құшақтап бір өзіңді туған далам,

Жатамын көк шалғында жаным балқып.

3-оқушы: Тасып жатқан өзендер жағасынан,

Сары белде сағымдар арасынан.

Тарайды дән жұпары бар әлемге,

Қазақтың қасиетті даласынан.

Хор: Қазақстаным.

1-бастаушы: Туған жер, өскен ел- жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.

4- оқушы:

Кең дала көремісің сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,

Әне, сол анам еді мені туған.

5- оқушы:

Сұлу дала ! Менің сүйген еркемсің,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы, қазақ болып туғаным,

О, туған жер! тамашасың, көркемсің

(С.Сейфулин).

2- бастаушы: Табиғат адам баласының дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.

6- оқушы:

Туған жер – алтын бесік, алтын анам,

Ауаңмен, ақсүтіңмен асыраған.

Мен – дағы ұлың едім өзің тектес,

Алысқа несібесі шашыраған.

2- бастаушы: Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт сезімді ләззат, шапағатын ұялтатын сұлулықпен әсемдік әлем. Табиғатп адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.

Мұғалім сөзі: Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалары өте көп. Жері байдың- елі бай деп тегін айтпаған. Көмір, мыс, алтынның қоры мен есептеледі.

7- оқушы: Қазына қара жерде дейді халық,

Күн көрген осы жерден біраз алып.

Жер анадан үзіліп кете алмаған,

Кемеңгер небір дана, небір алып.



  1. бастаушы: Табиғаттың басты байлығы жер. Қазақстан

272 млн га жерді алып жатыр, 222 млн га ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. Күте білсең – жер жомарт деген халықтың дана сөздері бекер айтылмаған.

8- оқушы: Топырақтан өмір исі шығады,

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесінен беретін,

Жақсылықта топырақтан шығады.

Хор : Туған жер.



  1. бастаушы: Табиғат байлығының бір тобы жер бетінің сәулеті. Еліміздің дәулеті – жасыл әлем.Орман, тоғай, жасыл шөп, түкті кілемдей көмкерген даласы бар, жайлауы бар біздің ел.

Мұғалімнің сөзі: ( суреттер көрсетіледі, қазақстан туралы альбом, кітаптар көрсетіледі)

Қазақстан табиғаты алуан түрлі. Солтүстіктен бастасаң орманды дала, шөл мен шөлейт жерлермен қатар әдемі, көрікті жерлер қаншама. Мысалы : Көкшетау, Баянтау, Алатау т.б. Осы жерде төрт түлік мал, қазақтың киіз үйі, жайылым туралы айту.

9-оқушы : Баянауыл басынан бұлт аумайды.

Көл бетінде күлімдеп нұр ойнайды.

Астанадан алыстау демесеңіз,

Алатаудан Баяның бір аумайды.

Хор : Алатау


  1. бастаушы: Тіршілік атаулының өмірлік өзені,

аңсар арманы – таза ауа.

10-оқушы: Бола алмас аспан ұя зауалына,

Жауларды тартар уақыт жауабына.

Бомбасын жер мен суда сынатпаймыз,

Улауға жол бермейміз ауаны да.

Мұғалім сөзі: Сонау 1949 жылдан бастап Павлодар, Қарағанды, Семей даласында ядролық қару жарылып, сынақ жүргізіліп келді. Жарылыс кезінде бөлінген әр түрлі газдар ауаны ластады, сол ауамен дем алған соң тұрғындар көптеген ауруларға ұшырады. Олжас ағаларың ұйымдастырған Невада- Семей қозғалысының талабы бойынша осы сынақтарды жүргізуге 1991 жылы маусымда тиым салынды.

Заман-ай әні орындалады.



  1. бастаушы: Табиғаттың көркін ажарландырып,жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі су.

Мұғалім сөзі: Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер, теңіздер көп. Судың да сұрауы бар дейді халық. Осы мол суды еспсіз, мөлшерден көп жұмсау – судың азаюына әкеп соғады. Мысалы: Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырады, кейінгі уақытта өзен суын мөлшерден көп ауыл шаруашылығы үшін күріш, мақта өсіруде пайдаланды.Өзеннің теңізге апарар суы азайып, соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып көлемі кішіреюде. Тартылған су астынан тұзы шығып кеуіп ұшып ауа құрамына кіруде. Сол ауамен дем алған адамдар ауруға ұшырап, зардап шегуде. Арал аймағының экологиясының осындай жағдайға жетуі Қазақстанда үлкен проблема болып отыр. Сол проблеманы шешу үшін М.Шахановтың бастауымен Аралға араша атты қор ұйымдастырылды.

Аралым әні орындалады.


Ата-аналар жиналысынан баяндама.

Тақырыбы: Семей қаласының экологиясы.

Бүгінгі таңда адамзат алдында ең күрделі екі мәселе тұр: бірі әлемді алапат соғыстан аман алып қалу проблемасы болса, екіншісі өзімізді қоршаған тіршілік ортасын- биосфераны келешек ұрпаққа бүлдірмей, ластамай, көркейтіп, көріктендіріп жеткізу, өйткені: тіршіліктің барлығы сыртқы ортамен байланысты.

Қазіргі кезде дүние жүзінде ғылыми-техникалық жетістіктің қауырт өсуі зиянды өнеркәсіп қалдықтарын көбейтіп, қоршаған табиғи ортаға және ондағы тіршілікке көп зиян келтіре бастады. Табиғаттың көптеген заңдылықтарын білмей оңай олжа табуға бағытталған өндіріс табиғатқа жасалған қастандықпен тең. Ел Президентінің «Қазақстан-2030» жолдауында «Біздің табиғат ресурстарымыз орасан зор байлық, әлемдік тәжірибеде табиғи байлығы бар елдер оны игере білмегендіктен кедей елдер қатарынан шыға алмай қалғаны » туралы айтқан.

Жалпы айтқанда, біздің бүгінгі күн мен болашағымыз, байлығымыз бен сәулетіміз- туған өлке табиғаты. Табиғаттың тарту еткен тамаша ғажайыбы орман-тоғай, өзен-көл, оны мекендейтін аң-құстар, балықтар бәрі де халық қазынасы. Табиғатты қорғау мәселесі күні бүгін ғана дүниеге келген жоқ. Соңғы кезде табиғи жайылымдар, шабындықтар көлемі азайып, жан-жануарлардың құрып бара жатқандығы белгілі. Сондықтан да Қазақстанның аймағында қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Оңтүстік аймақтың экологиялық мәселелері негізінен су қорларын тиімсіз пайдаланумен, ластануымен байланысты. Әлеуметтік және экономикалық даму- экологиялық мәселелермен тығыз байланысты. Соның ішінде экологиялық дағдарыс аймағы – Семей өңірінің әлеуметтік жағдайы оның айқын көрінісі болып отыр.

Семей өңірінің елі мен жерін емін-еркін улап, тіршілігін тұл еткен атом апатынан бүкіл әлем хабардар.

Радиоактивті тозаң жер қыртысын, топырақты, өсімдіктерді, су көздерін ластады. Сынақтар өткізілген кезеңнің зиянды әсері қазіргі күнде, қауп-қатерлі жылдар өткен соң адамдардың екінші және үшінші ұрпақтарына ауыр зардабын тигізуде.

Семей өңіріндегі Абай, Абыралы, Бесқарағай, Жаңасемей және тағы сол сияқты елді мекендерде соңғы үш-төрт жылдың ішінде ересектер мен жас балалар өлімі күрт көбейіп кетті. Бұл аудандағы тұрғындардың түрлі рак ауруларына шалдығуы, әдеттегіден тыс әлсіздіктен адам организмнің ауруға тез бейімделгіштігі, қан құрамының өзгеруі, генетикалық қордың бұзылуы және тыныс жолдары ауруларына ұшырау жағдайлары жиі байқалады. Психикалық ауруы, өзіне-өзі қол жұмсаушылық жалпы одақтық деңгейден 1,5- 2 есе артып отырғаны байқалады.

Семей өңіріндегі ерекше назар аударуды қажет етіп тұрған жағдай – қарағайлы орманымыздың азайып бара жатқандығы. Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі соңғы жылдары орман қорлары қорғау жөнінде ерекше назар аударуға тұрарлықтай шешім қабылдады. Солардың бірі- Семей және Павлодар өңірінде ағаш кесудің барлық түрлеріне және Республика бойынша жаңа жыл шыршаларын дайындауға салынған тиымдар. Кең ауқымды қамтитын мұндай шешімдердің тектен-тек қабылданбағаны белгілі. Бұл шешімдердің артында еліміздің табиғи байлығына төнген үлкен қауіпке алаңдаушылық, жыл сайын азайып бара жатқан жасыл желек қорларын қорғауға орай батыл ұмтылыс байқалады. Мұның, әрине өзіндік себептері бар. Соңғы жылдарда өрттердің тым жиілеп кетуі, түрлі мақсаттарға ағаштардың аяусыз кесілуі, табиғат байлығын қалпына келтіру жұмыстарының сол кезде нашар жүргізілуі салдарынан ормандарымыз көз алдымызда құрып бара жатқандай болып еді. Орман қорларымызды ортайтып отырған тек қана өрт емес, оның азаюының басқа да себептері жетіп жатыр. Саналы түрде түрлі бригадалар ұйымдастырып, ағашты «өртенген ағаш » деген сылтаумен бас пайдасын ойлағандар бизнес саудаға түсірді. Қаншама құнды ағаштар отынға, тұрмыстық және өндірістік мақсаттарға рұқсатсыз кесілді. Міне, осындай себептерден Семей аймағындағы қарағайлы орманның көлемі үштен бірге ойсырап қалды. Орманшы мамандардың айтуына қарағанда, бір шырша ағашын өсіру үшін 20-25 жылға дейін мерзім қажет болса, бір қарағай өсіру үшін 80-100 жыл керек.



Орман ең алдымен сан алуан аңдар мен құстар, басқа да жәндіктер және жүздеген тірі организмдер үшін тіршілік ортасы. Ендеше орманның ортаюы ең алдымен осы айтылған аңдар мен құстардың, басқа да жәндіктердің азаюына алып келеді. Табиғат-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақшысы. Табиғат байлығы - ортақ байлық, ата-бабалардан кейінгі ұрпаққа мұра болып қалады. Сондықтан туған өлке табиғатын аялау бүгінде жалпыхалықтық іске айналып отыр. Өзімізді қоршаған табиғат байлығын қалыпты жағдайда ұстау- әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.
Эксперименттік жұмыстар қорытындысы мынандай нәтижелер көрсетті:




Компоненттер


Деңгейлер

Экспериментке

дейін

Эксперименттен

кейін

БТ

ЭТ

БТ

ЭТ


Когнитивтік

Жоғары

56,7%

54,7%

58,3%

88,3%

Орта

31,6%

33,6%

28,4%

8,3%

Төмен

11,7%

11,7%

13,3%

3,4%


Мотивациялық

Жоғары

68,0%

67,0%

72,5%

90,0%

Орта

22,0%

20,0%

23,4%

8,0%

Төмен

10,0%

13,0%

5,1%

2,0%


Мінез-

құлықтық

Жоғары

22,2%

21,2%

24,5%

63,6%

Орта

41,4%

40,4%

45,45

25,9%

Төмен

36,4%

38,4%

31,1%

10,5%


Когнитивтік компонент – табиғатты қорғауға байланысты пайдалы іс әрекет дағдыларының қалыптасуы.
Мотивациялық компонент - балалардың табиғатпен қарым –қатынасындағы түрткілер жиынтығы, ырымдармен тыйымдардың ықпалымен табиғатқа деген жағымды көзқарастың қалыптасуы.

Мінез құлықтық компонент – табиғатқа және оның обьектілеріне деген қызығушылықтың артуы, табиғат аясындағы мінез –құлық этикасы.

Қорытынды

Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауііпті көріністері – аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қаупті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол «Қазақстан - 2030» даму стратегиясында басты орын алады.

Бүгінде елімізде табиғатты таза экологиялық ахуалы мінсіз аймақты табу өте қиын шаруаға айналып барады. Бүкіл адамзат баласының мекені, барлық тірі организмдердің тіршілік ортасы Жер планетасы болғандықтан оның тазалығы табиғи қорларын тиімді пайдалану, экологиялық ауыр жағдайларда, әртүрлі аппараттарды да жоймай, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға болмайды.

Әрбір адамзат баласы өмірді оқып-тани алмайынша болашаққа қадам басуы мүмкін емес. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі және мектеп қабырғасында оқушыларға экологиялық тәрбие беру басты міндеттердің бірі. Экологиялық тәрбие берудің өзі баланың табиғатқа, табиғат сұлулығын өзен-көлмен, гүлденген даламен, сайраған құстармен, жеміс-жидектермен, орманмен кездесуі мектептен бұрын басталады. Табиғаттың таңғажайып сұлулығын, оны аялау туралы алғашқы сөзді ата-анасынан, одан кейін бала-бақшадан, кейін мектептің бастауыш сыныбынан естиді. Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселелері жалпы білім берудің жеке дара элементі ретінде оқушыларда айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастыруымен және табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгеруімен сабақтас қаралады. Экологиялық білім беру оқушыларға педагогикалық тұтастық тұрғыда әсер етеді.

Келешекте жақсы ұстаз болу үшін әр оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу, ойландырып, сөйлете білу біздің міндетіміз деп түсінеміз. Оқушыларға сан-алуан әрекет арқылы ақыл-ойды жетілдіру және тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру, осының бәрі бүгінгі қажеттілік.

Адамзат дамуының осы ғасырда тудырып отырған өзекті мәселелерінің бірі – баланың дұрыс дамып жетілуіне экологиялық ортаның әсері. Өйткені адам және табиат бөліп алып қорғауға келмейтін біртұтас натуралдық организм. Осы тұрғыдан алып қарасақ, оның дамуын қамтамасыз ететін биологиялық фактор табиғат немесе экологиялық орта.

Осы дипломдық жұмыстың барысында мектеп қабырғасында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруді ұлттық тәрбиемен байланыстыруды, соның ішінде қазақтың ырым –тыйымдары арқылы – олардың бойында табиғатты қорғауға байланысты қалыптасқан жақсы қасиеттерді дамытуды көздедік. Экологиялық білімнің өмірлік маңызына көзін жеткізудің, табиғаттың тұтастығы туралы ғылыми тұжырымдарды санасында қалыптастыруды қарастырдық. Табиғат байлығын молайтып оны тиімді пайдалану жөнінде қазір және болашақта шешілетін мәселелердің және мұнда адамның алатын орны мен ролін тереңірек түсінуге ықпал ететіні туралы атап көрсеттік.

Қолданылған әдебиеттер

1.Аль – Фараби. Избранные трактаты. Алматы, 1994.

2.Айдарханов Т, Сапанов Ә. Арал мен Каспий дерті неде деген сұраққа жауап таба алдық па? //Егеменді Қазақстан 1994 ж. 5- қаңтар.

3.Шілдебаев Ж. Экологиялық білім мен тәрбиенің рөлі // Қазақстан мектебі, 2004ж № 8.

4.Науырыз: Жаңғырған салт-дәстүрлер. Құрастырған М. Қазбеков. Алматы : Қазақстан , 1991 ж.

5.Диваев Ә. Тарту. Құрастырған, алғы сөзін және түсіндірмелерін жазған Ф. Оразаева. Алматы: Ана тілі, 1992ж.



  1. Қанарбайева Б. Малды теппе, ақты төкпе.... «Ана тілі» газеті, № 45, 11 қараша 1994ж.

  2. Әуесбай Т. Ұй тұрмысындағы тыйым сөздер. «Ана тілі» газеті, №49, 8 маусым 1995ж.

  3. Назарбаев Н. «Қазақстан – 2030» Жолдауы

  4. Ахметов Ш. Қазақ балаларын халық дәстүрлері арқылы тәрбиелеу. Алматы 1996ж

  5. Агеев В.В. Этнопсихология и этнопедагогика .А. 2002

  6. Сейдімбекова А. Тыйым. «Ана тілі» газеті, №51,21 желтоқсан 1995ж.

  7. Аймаганбетова О.Х. Основы этнопсихологий. А. 2003

  8. Ананьев Б.Г Избранные психологические труды: 1т. М.; Педагогика, 1980

  9. Дүйсембекова Ш.Д. Педагогика (қысқаша дәрістер курсы) Семей,2004.

  10. Тілегенова А. Табиғатым – тағдырым // Бастауыш мектеп, №10. 2004.

  11. Ақатаев С. Шағалалар неге мас болады? // Қазақ Әдебиеті 1986 ж. 24 бет.

  12. Бобылева Л. Повышеие эффективности экологического воспитания. // Биология в школе 1996 г. 57-59 стр.

  13. Биноградова Н.Ф. Экологическое воспитание младщих школьников //проблемы и перспективы начальной школы 1997 г. 36-40 стр.

  14. Город, природа человек. // Проблемы экологического воспитания М. Мысль 1992 г.

  15. Лаптаева И. Окружаюший мир и подросток. Биология в школе 1997 г.26-29 стр.

  16. Мамедов Н. Суравегина И. Подготовка учахщися по экологий. Биология в школе 1996 г. 25-28 стр.

  17. Монсеев Н. Экологическое оброзавание. Биология в школе 1996 г. 29-32 стр.

  18. Черная Г. Охрана природы и поэзия. Биология в школе 1991 г. 63-64 стр

  19. Суравегина И. Методическая система экологического воспитания. Педагогика 1996 г. 47-51 стр

  20. Шербаков А. Школьный заповедник- полигон экологического образования.// Рудный Алтай 1997.

  21. Суюнбаев Ж. Городские экскурсии и экологическая культура. Наука Казакстана 1997 г. 12 стр.

  22. Есеналина Н. Этнопедагогика үлгісінде экологиялық тәрбие беру // Бастауыш мектеп №12, 2004ж.

  23. Мұхамедрахымова Ғ, Шайхеслямова Қ, Экологиялық жаңаша ойлау мектеп қабырғасынан бастап тәрбиеленуі тиіс // Қазақстан мектебі,№3,2004ж.

  24. Бейсенова Ә, Шілдебаев Ж. Экология (Оқу құралы) Алматы,1999ж.

  25. Майор Ф. Воспитание – сверх задача: Обращение к глобальному формулу по защите окружающей среды и развитию. М, 1990г.

  26. Манкеш А.Е. Табиғатты бағала да аяла. Алматы,2000ж.

  27. Манкеш А. Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің бағыттары //Қазақстан мектебі, № 4,2004ж.

  28. Манкеш А.Е. Экологиялық тәрбие негізінде баланың рухани жан дүниесін дамыту // Білім берудегі менеджмент №3, 2001ж.

  29. Әбиев.Ж., Бабаев.С., Құдиярова.А. Педагогика Дарын-Алматы-2004ж.

  30. Дүйсембекова Ш.Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері (оқытушыларға, студенттерге көмекші құрал), Семей, 2003 ж.

  31. Табылдиев Ә., Қазақ этнопедагогикасы Алматы Санат-2001ж.

  32. Жарықбаев Қ., Қалиев.С., Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, Санат, 1995ж.

  33. Этнопсихология және Этнопедагогика (Ғылыми жинақ), Алматы,2003.

  34. Нұрмағанбетов С., Овчинникова Р. Мектептегі кластан тыс жұмыстар. –А., Мектеп, 1969ж.

  35. Қырқалов В.П., Шпитальник П.Э. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. А., Мектеп, 1975ж.

  36. Макаренко И.С., Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. А., Мектеп, 1978ж.

  37. Әбілова З. Этнопедагогика. А., 1997ж.

  38. Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. А., Өнер.1972ж.

  39. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. Алматы, 1988ж.

  40. Бабанский Ю. Педагогика. Москва, 1988г.

  41. Сағындықов Е. Педагогика (дәрістер курсы) Алматы.1999ж.

  42. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика Алматы,1992ж.

  43. Сейталиев Қ. Тәрбие теориясы. Алматы 1986ж.

  44. Сазонов В.П. Организация воспитателной работы в классе. Москва, 2000г.

  45. Шаймерденова К. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын халық педагогикасы негізінде жүргізу жұмысының бағыт-бағдары. Алматы.1993ж.

  46. Оразбекқызы А. Экологиялық жағдай мәз емес //Ертіс өңірі 29-сәуір 2004ж.

  47. Нұрланұлы С. Экология жайы алаңдатып отыр // Ертіс өңірі 18-наурыз 2004ж.

  48. Сембай М. Дегелең дерті // Ертііс өңірі 29-сәуір 2004ж.

  49. Айнақұлов.С. Аралды аман сақтаймыз //Парасат №4 2003ж.

  50. Жылқышыбаева Қ. Ядролық «мұрадан» қалған «жәдігерлер» // Ертіс өңірі 18-қараша 2004ж.

  51. Момынбаев Б., Мұздыбаева Т. Адамның әлеуметтік дамуына түрлі экологиялық факторлардың әсері. // Білім берудегі менеджмент №5 2003ж.

  52. Қалымбетов Т. Экология және ашық кен Алматы, Қазақстан, 1998ж.

  53. Тұяқбаев Н., Арыстанов К. Жер қойнауына саяхат Алматы, Мектеп 1989ж.

  54. Қанарбаева Б. Өлікке байланысты нанымдар. «Ана тілі» газеті, № 43, 9 қараша 1995ж.

  55. Ата салтыңды аяла (Қазақ салт дәстүрлері туралы таным). Құрастырған Н. Ақбаев, Алматы: Ана тілі, 1998ж.


Қосымша 1.

З.Экологиялық оқу материалдарын әлемдік, ұлттық және өлкелік өзіндік мәселелерін ұғындырып түсіндіруде өзара байланыстылығын ашу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет