Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ.
Саптың тыл жағы – маңдайшеп жағына қарама-қарсы жақ.
Аралық – маңдайшеп бойынша әскери қызметшілердің (машиналардың), бөлімшелердің және бөлімдердің арасындағы аралығы.
Ара қашықтық – түкпір жаққа қарай әскери қызметшілердің (машиналардың), бөлімшелердің және бөлімдердің арасындағы аралық.
Сап ені – сап шеттерінің арасындағы аралық.
Саптың ұзындығы – саптың бірінші шетінен (алдыңғы тұрған әскери қызметшіден) саптың соңғы шетіне (соңғы тұрған әскери қызметшіге) дейінгі аралық, машиналар қозғалысында – машиналардың бірінші сызығынан (алдыңғы тұрған машинадан) машиналардың соңғы сызығына (соңғы тұрған машинаға) дейінгі аралық.
Екі қатарлы сап – бір қатардағы әскери қызметшілер басқа қатардағы әскери қызметшілердің ту сыртына қарай бір қадам арақашықтықта орналасқан сап (қолын созып, алдында тұрған әскери қызметшінің иығына салу). Қатарлар бірінші және екінші деп аталады. Сап бұрылыс жасағанда қатарлар өзгермейді.
Қатар – екі қатарлы сапта біреуі екіншісінің ту сыртында тұрған екі әскери қызметші. Егер бірінші қатардағы әскери қызметшінің ту сыртында екінші қатардың әскери қызметшісі тұрмаса, онда мұндай қатар толық емес деп аталады.