Лек - әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында, ал бөлімшелер (машиналар) – бір-бірінің артында Жарғымен белгіленген немесе командир белгілеген ара қашықтықта орналасқан сап
Лек - әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында, ал бөлімшелер (машиналар) – бір-бірінің артында Жарғымен белгіленген немесе командир белгілеген ара қашықтықта орналасқан сап.
Лек - әскери қызметшілер бір-бірінің ту сыртында, ал бөлімшелер (машиналар) – бір-бірінің артында Жарғымен белгіленген немесе командир белгілеген ара қашықтықта орналасқан сап.
Лектер бір, екі, үш, төрт және одан да көп қатарлы болуы мүмкін.
Лектер бөлімшелерді және бөлімдерді жайылма немесе жорық сапты орналастыру үшін қолданылады.
Жайылма сап – бөлімшелер маңдайшеп бойынша бір сызықтың бойында бір қатарлы немесе екі қатарлы сапта (машиналар сызығында) немесе лектің сызығында Жарғымен белгіленген немесе командир белгілеген ара қашықтыөта орналасқан.
Жайылма сап тексерістер, санақтар, байқаулар, парадтар жүргізу үшін, сондай-ақ басқа да қажетті жағдайларда қолданылады.
Жорық сабы – бөлімше лекке немесе бөлімшелер лектерде бір-бірінің артында Жарғымен белгіленген немесе командир белгілеген ара қашықтықта орналасқан сап.
Жорық сабы марш жүргізудегі, ән салып салтанатты шерумен жүріп өтудегі бөлімшелердің қозғалысы үшін, сондай-ақ басқа қажетті жағдайларда қолданылады.
Бағыттаушы – көрсетілген бағыттағы бірінші жүріп келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина). Бағыттаушы бойынша қалған әскери қызметшілер (бөлімшелер, машиналар) өздерінің қозғалыстарын реттейді.
Тұйықтаушы – лектегі соңғы келе жатқан әскери қызметші (бөлімше, машина).